Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет20/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Параграф 2. I -жарты жылдық

89. Қатынас:



  1. тапсырмаға, оқиғаға, ойынға деген қатынасын білдіру;

  2. сөйлеуде сұраулы, бұйрық сөйлемдерді қатынас міндеттерімен сәйкес қолдану;

  3. өзі, өзінің отбасы, мүдделері, тілектері туралы ақпарат алмасу;

  4. ақпаратты нақтылауға бағытталған сұрақтарға жауап беру;

  5. балалар жасаған бұйымдарды, тапсырмаларды орындауды бағалау;

  6. жағдайға байланысты сөйлеу этикет ережелерін сақтау;

  7. болғаніс-әрекет, оқиға. туралы хабарлау.

90. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:

  1. бөлшектелген тапсырмаларды орындау;

  2. екі-үш құрамды тапсырмаларды жеткізу, орындау;

  3. жұмбақтарды шешу;

  4. антонимдердің мәнін түсіну;

  5. септеуліктердің мәнін түсіну;

  6. «Дыбыс», «әріп», «сөз», «буын» сөздерінің мәнін түсіну;

  7. синонимдердің мәнін түсіну, сөздерді алмастыру;

  8. балалардың айналасында орын алып жатқан жағдайды түсініп, бағалау;

  9. зат есімнің көпще, жекеше түрде септік жалғауларыныңбарыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігінде мәнін түсіну;

  10. қалжың сөйлеуді түсіну;

  11. өтінішті қайталау, түсіндіру, негіздеу;

  12. сөздердің мағыналық реңкін ажырату;

  13. жіктеу есімдігінің септіктерін тану;

  14. заттарды танып, сипаттау.

91. Айтылым:

  1. топтағы балалар алдында хабарлама жасау;

  2. өлеңді мәнерлеп оқу;

  3. зат есімді септеу;

  4. сөйлеуде жалпылама сөздерді қолдану;

  5. сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолдану;

  6. сөзжасам тәсілдерінің кейбірін қолдану;

  7. сезімді білдіретін сөздерді қолдану;

  8. өткен шақта етістіктің жекеше, көпше түрлерін қолдану(құлады, құлаған, құлағандар);

  9. қысқа және толық жауаптар;

  10. заттардың бөліктерін, жануарлардың дене мүшелерін атау;

  11. қосымшаларды жалғау арқылы сөзжасау (бар, барды, бардым);

  12. ойын барысында фильм,мультфильм, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін көрсету, шығарманың атын айту;

  13. есімдіктерді дұрыс қолдану (мен, маған, менде);

  14. сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу;

  15. фразаны толықтыруды ойластыру;

  16. өз бетінше сөйлеу барысында қажетті жағдайға қатысты пікір айту түрлерін қолдану (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, келіспеу);

  17. атау септікте зат есімнің жекеше, көпше түрін сын есіммен қиыстырып қолдану;

  18. тәуелдеу есімдігін зат есіммен, сөздерді шақ, септіктермен қиыстырып қолдану;

  19. сюжетті суреттер (сериясы) бойынша қысқа әңгіме құрастыру;

  20. сюжетті суреттерге сипаттама беру (5–6 сөйлем);

  21. кестеде көрсетілген сұрақтар көмегімен берілген тақырып бойынша ілеспе (сюжетті) суреттерге қарап 5–6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрау;

  22. берілген тақырып бойынша мәтіндегі шашылған сөздерден әңгіме құрастыру (5-6 сөйлем);

  23. адамдардың бір-бірімен заттарды, құбылыстарды іс-әрекетерді салыстыру білігі;

  24. сөздердің антонимін табу білігі;

  25. сөздердің синонимін табу білігі;

  26. «бір» сан есімін атау септігінде жекеше, көпше түрде зат есіммен тіркестіру білігі;

  27. атау септігінен басқа септіктерде зат есімдердің мәнін ашатын көмекші сөздерді қолданып берілген конструкциялар құру.

92. Оқылым, жазылым:

  1. кітаптан қысқа мәтіндерді талдап (дактильдеп) оқу (жазылған суреттер);

  2. тақырыптық топтамалардан суреттерге қатысты жазбаларды қима әріптерден құрастыру;

  3. тақырыптық топтамалардан сөздерді сөздікке жазу;

  4. мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу;

  5. өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазу (жасы, тегі, аты, мекен-жайы);

  6. баспа әріптермен сұрақтарға жауап жазу;

  7. оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдау (3–4 сөйлем);

  8. берілген әріпке байланысты сөздерді таңдау;

  9. қысқа өлең шумақтарын жатқа оқу (ауызша сөйлеу тіліне қойылатын барлық талаптарға сай);

  10. оқылған мәтін бойынша қойылымдарға қатысу (әңгіме, ертегі бойынша).

Тақырыптық сабақ үлгілері:

Уақыт. Қала, көше. Дүкен, базар. Материалдар мен құрал-саймандар. Менің отаным Қазақстан. Астана. Алматы. Ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік мерекелер. Наурыз. Әскер. Құрылғы және -қазақтың киіз үйінің ішкі жабдықтары, ұлттық киімдер мен әшекейлердің атрибуттары. Мерекелер және ойын-сауық. Өсімдіктер. Алаң, ойын алаңы. Оқу құралдары. Мамандықтар.

Үлгілік сөздік: Шәйнек. Шүмек, тұтқа, қақпақ. Көлік. Рөлі, доңғалақ, кабина, шанақ. Үлкен жемпір. Ұзын көйлек. Кең жол. Қонжық, көлік, юла – ойыншықтар. Түлкі, қасқыр, сиыр, ит – жануарлар. Түлкі, қасқыр – жабайы аңдар. Сиыр, қой – үй жануарлары. Берикжаннан су әкеліп бер деп сұра. Мені, маған, сені, саған. Бір қоңыз, бір қуыршақ, бір шелек. Менің кітапшам, менің добым.

93. Күтілетін нәтижелер:



  1. қима әріптерден сөздер мен сөйлемшелер құрастырады;

  2. екі-үш құрамдас тапсырмаларды орындайды;

  3. тапсырмаға, оқиғаға, ойынға, адамға және олардың әрекеттеріне деген қатынасын білдіреді;

  4. өлеңді мәнерлеп оқиды;

  5. сөздікке сөздерді тақырыптық топтама бойынша жазады;

  6. зат есімдерді септейді;

  7. мәтінді суреттеп, сипаттайды;

  8. жалпылау сөздерді қолданады;

  9. жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданады;

  10. заттардың бөлшектерін, бөлімдерін атайды;

  11. өзі, өзінің отбасы, мүдделері, тілектері туралы ақпаратпен алмасады;

  12. жағдаяттарға байланысты қысқа, толық жауап береді;

  13. ақпаратты нақтылауға бағытталған сұрақтарға жауап береді;

  14. жұмбақтарды шешеді;

  15. өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазады;

  16. синонимдердің мәнін түсінеді, сөздерді алмастырады;

  17. қалжың сөйлегенді түсінеді;

  18. фразаны толықтыруды ойластырады;

  19. өтінішті қайталауды, түсіндіруді, негіздеуді сұрайды;

  20. шығарманың тақырыбын, кейіпкелерін атайды, мультфильм, фильм, ертегі желісін ойнатады;

  21. өз бетінше сөйлеу барысында қажетті жағдайға қатысты пікір айтады;

  22. жағдайға байланысты сөйлеу этикет ережелерін сақтауды біледі;

  23. сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде жіктейді;

  24. берілген тақырыпта сюжетті суреттер, сюжетті суреттер сериясын суреттейді, әңгіме құрастырады;

  25. заттарды, құбылыстарды, іс-әрекеттерді адамдарды бірімен-бірін салыстырады;

  26. заттарды сипаттау бойынша таниды;

  27. кітаптан, тақтадан, қағаз беттерінен мәтіндерді оқиды (жазылған суреттер).



Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет