Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет18/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Параграф 6. II -жарты жылдық
83. Тілдік емес дыбыстау:

  1. есту арқылы 5-6 дыбыстаулардың санын анықтау;

  2. есту арқылы қоршаған орта дыбыстарын, тұрмыстық шуларды тану;

  3. есту арқылы вальс, марш, польканы тану;

  4. есту арқылы бірге және үзік-үзік дыбысталуларды тану;

  5. дыбыс бағытын анықтау (алдынан – артынан – оң жақта – сол жақта).

84. Тілдік дыбыстау:

  1. сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейін;

  2. есту арқылы үш буынды ырғақтарды ажырату (ПА-па-па, па-ПА-па, па-па-ПА);

  3. есту арқылы дыбыс бағытын анықтау (оң жақта – сол жақта);

  4. сабақты ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану; «Азық-түлік» «Мен және менің отбасым», «Мерекелер» тақырыптары бойынша;

  5. дыбыс бағытын анықтау (алдынан – артынан – оң жақта – сол жақта).

85. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру

  1. буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);

  2. буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);

  3. айталанатын ырғақты дәл айту (ТАта-ТАта-ТАта; папаПА-папаПа-папаПА);

  4. жағдаятты, толық сөздер мен сөз тіркестерімен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсету;

  5. буындар мен сөздер материалында дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау);

  6. сөйлеу тіл ырғақтылығы мен интонациясын, дауыс модуляциясын бақылау;

  7. ырғақ бойынша сөздерді таңдау;

  8. дауысты дыбыстарды немесе буындарды айтуда дауысты бірте-бірте күшейту не азайту;

  9. өтініш, шаттық, ауырсыну, айыптау, түрткі салу,сұрақ қою ырғағымен дауысты дыбыстарды айту;

  10. 14-ден кем емес дауыссыз дыбыстарды айту;

  11. 8-тен кем емес дауысты дыбыстарды айту;

  12. сөздерді айту (бірге, екпінді қойып, қалыпты қарқынмен, толық, шамалап);

  13. сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету;

  14. суреттегі бейнеленген жағдайды эмоционалды бағалау.

Сөздік: Жарайсын! Жақсы! Ай-яй-яй, жаман, болмайды, мен естіп тұрмын, мен естімедім. Аппарат (құрал) жұмыс істейді (жұмыс істемейді). Аппаратты бер (микрофон, құлаққап), (мә) аппаратты ал (микрофон, құлаққап). Сарқырама, күрсіл, көліктің сигналдары, қоңыраудың сылдыры, дүрсіл, тұяқтардың дүрсілі және т.б. қайда дыбысталды? Алдынан, артынан, оң жақта, сол жақта.

86. Күтілетін нәтижелер:

  1. қайталанатын ырғақты дәл айтады.

  2. жағдаятты, толық сөздер мен сөз тіркестерімен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсетеді.

  3. есту арқылы (2-3) балаларға таныс тақпақтар мен өлендерді таниды.

  4. басқа сабақтардың тілдік материалдарын таниды.

  5. есту арқылы дыбыс бағытын анықтайды (алдынан – артынан – оң жақта – сол жақта).

  6. ырғақ бойынша сөздерді таниды.

  7. өтініш, шаттық, ауырсыну, айыптау, түрткі салу,сұрақ қою ырғағымен айтып жеткізеді;

  8. 14-ден кем емес дауыссыз,8-ден кем емес дауысты дыбыстарды айтады;

  9. сөздерді екпінді қойып, қалыпты қарқынмен, толық, шамалап бірге айтады;

  10. есту арқылы қоршаған орта дыбыстарын, тұрмыстық шуларды таниды, ажыратады;

  11. есту арқылы 5-6 дыбыстаулардың санын анықтайды;

  12. есту арқылы вальс, марш, польканы ажыратады;

  13. есту арқылы бірге және үзік-үзік дыбысталуларды ажыратады;

  14. есту арқылы үш буынды ырғақтарды ажыратады;

  15. 8-тен кем емес дауысты,14-ден кем емес дауыссыз дыбыстарды айтады (А, Ә, О, Ө, У, Ү, Ұ, Э, И; П, Б, Т, Д, Ф, В, М, Н, Ң, С, Л, К, Қ, Р);

  16. сөйлемшеден логикалық екпінді бөліп көрсетеді.


Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет