Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет26/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Параграф 3. II -жарты жылдық

117. Қатынас:



    1. педагогпен ұсынылған іс-әрекет алгоритмін орындау;

    2. сөйлеу барысында синонимдер мен антонимдерді пайдалану;

    3. қатынастық міндеттерге сәйкес сөйлеудің барлық түрлерінпайдалану;

    4. сөйлеу этикет түрлерін пайдалану;

    5. өзінің және бөгде біреудің сөйлеу тілінің сапасын бағалау;

    6. педагогтың көмегімен, топпен және дербес, әңгіменің жалғасын ойлап табу және оны аяқтау.

118. Айтылым:

  1. сөздерді (зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, жалғаулық, шылау) алмаспайтын 25 тақырып бойынша қолдану;

  2. мультфильм, ертігілер желісін қысқа әңгімелеу;

  3. байланыстырып әңгімелеу түрде сұрақтарға жауап беру;

  4. бақылаған құбылыстар, ертегілер жөнінде қысқаша мазмұндау;

  5. сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем құрау жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу;

  6. сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде қиыстыру;

  7. айтатын сөздерінің жоспарын құру;

  8. берілген тақырыпқа байланысты далада, үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты өзінің қалауымен безендірген әңгіме құрастыру;

  9. шығарманың мазмұнына қатысты сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды жеткізу білу;

  10. отбасы, тұрмыстық жағдай, ұлттық дәстүр, өз қаласы жайында әңгімелеу (өлкесі, ауылы).

119. Оқылым, жазылым:

  1. баспа әріптермен мәтін жазу, сұрақтарға жауап жазу;

  2. оқыған мәтіннің мазмұнын түсіндірмелермен айту;

  3. болған және болатын жағдаяттарды қосып толық әңгімелеу;

  4. өз бетімен кітап оқу;

  5. жолақша мен фишкалардан сөздің сұлбасын құру білігі;

  6. талдаудан кейін және алдын-ала талдаусыз қима әріптерден 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрау білігі;

  7. сөз, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын меңгеру: сөзде әріптер қатар жазылады; сөздерді бөлек жазу, сөйлемнің соңында нүкте қойылады, адам аттары, жануарлардың лақап аттарын бас әріптен жазу.

Тақырыптық сабақ үлгілері: алмаспайтын негізгі 25 тақырып.

Үлгілік сөздік: 1-4 жылға арналған сөздік. Жаңа, таныс емес сөздер.

120. Күтілетін нәтижелер:


  1. педагог ұсынған іс-әрекет алгоритмін орындайды;

  2. өзі өзінің отбасы, достары, өз мүддесіне қатысты, өзінің қаласы (кент, ауылы) туралы ақпаратпен бөліседі;

  3. қатынастық міндеттерге сәйкес сөйлеудің барлық түрлерін пайдаланады;

  4. сөздіктегі зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, жалғаулық, шылаусөздерді алмаспайтын 25 тақырып бойынша қолданады;

  5. сөйлеу этикет түрлерін пайдаланады;

  6. белсенді және енжар сөздік қорының көлемі шамамен 1200-1500 сөз;

  7. байланыстырып әңгімелеу түрде сұрақтарға жауап береді;

  8. өзінің және бөгде адамның сөйлеу тілінің сапасын бағалайды;

  9. болған және болатын жағдайларды түсініктемесімен қоса отырып, мәтіндердің мазмұнын айтады;

  10. педагогтың көмегімен, топпен және дербес, әңгіменің жалғасын ойлап табады, аяқтайды;

  11. сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде жіктейді;

  12. берілген тақырыпқа байланысты далада, үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты жоспар бойынша және өзінің қалауымен безендірген әңгіме құрастырады.



Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет