5-тарау. Ересектер тобы (5 жастан 6 жасқа дейін)
Параграф 1. «Қатынас» білім саласы
Тіл дамыту
87. Ересектер тобында сөйлеу тілін қалыптастыру жұмыстары, олардың қызмет атқару жағдайына сәйкес түрлі формада жүргізіледі. Оқытудың барлық жылдарында дактилология қосалқы, көмекші құрал ретінде қолданылады (саналы сөйлеу, жазу, оқуды игеру үшін).
88. Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардың атауларының санын ұлғайту есебінен кеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері).
Достарыңызбен бөлісу: |