Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет8/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Параграф 2. I-жарты жылдық
44. Қатынас:

  1. заттың қимылын бақылау, заттарға деген өзінің қатынасын білдіру;

  2. қатынас (коммуникация) үрдісін бақылау: мимика (бет қимылы), пантомимика, артикуляциялық аппаратының қозғалысы, көзқарас арқылы білдіру, заттық әрекет, дене қалпын өзгерту;

  3. «сөйлейтін», «дыбысталатын» ойыншықтарға қызығушылығын ояту, мультфильмдер көрсету, әндер мен әуендерді тыңдау;

  4. бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру;

  5. құрдастарымен тілік қатынас жасауға ынталандыру, ойын барысында ауызша сөйлеу тілін қолдану;

  6. айналадағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау;

  7. сөйлесу барысында көрсетілетін жауап реакциялары: мақұлдап немесе қарсы бас изеу; қолмен тиісті қимыл жасау; дауыстық реакция, сөйлеу тіліне еліктеу, дауысты дыбыстарды айту, жекелеген дыбыстарды ұштастыру.

45. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:

  1. есту арқылы ауызша, ауызша-жазбаша түрде тапсырмаларды орындау;

  2. енжар сөздік қорын зат есімдермен толықтыру, айналасындағы заттарды атау;

  3. енжар сөздік қорын етістіктермен сын есімдермен толықтыру;

  4. енжар сөздік қорын есімдіктермен толықтыру;

  5. үстеудің, септеуліктердің, сын есімдердің мәнін түсіну;

  6. уақытты және кеңістіктікті білдіретін сөздердің мәнін түсіну;

  7. бүтін сөйлемшелердің мәнін түсіну;

  8. сұрақтардың мағынасын түсіну, сұрақтарға жауап беру (қысқаша, толық жауаптар);

  9. сұрақтарды түсіну және есту арқылы ауызша, ауызша-жазбаша түрде сұрақтарға жауап беру;

  10. сабақта орындалған тапсырмаларды есту арқылы ажырату (балалардың есту мүмкіндіктерін, жеке дара ерекшеліктерін ескеру);

  11. есту-көру және есту арқылы таныс сөздер мен қарапайым сөйлемдерді ажырату (тапсырма, сұрақтар);

  12. есту-көру түйсігі арқылы тілдік қатынас құралдарын қабылдау;

  13. тиісті кестеге сәйкес заттар немесе суреттерді ауызша айту арқылы тану; тек ауызша айту немесе кесте бойынша тану;

  14. тек ауызша белгілері бойынша нысанды табу білігі;

  15. жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді сәйкестендіру, салыстыру.

46. Айтылым:

  1. тиісті 2-4 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізу;

  2. сөйлеу тілінде сын есімдер мен үстеуді пайдалану;

  3. затты атағанда сөз немесе қысқа сөз тіркестері баспа әріптермен жазылған кестелермен бірге көрсетіп айту;

  4. заттардың сапасын, қасиеттерін білдіретін сөздерді, іс-әрекеттерді атайды (сын есім, үстеу);

  5. сөздерді шамамен жақын көрсетілген түрде фонетикалық ырғақ арқылы айту;

  6. айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктеу;

  7. сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген түрде және шамамен жақын ұштасқан түрде айту;

  8. тұрмыстық іс-әрекеттерді сөйлеу тілімен сүйемелдеу (ұштастыру);

  9. сөздерді шамамен жақын ұштасқан түрде фонетикалық ырғақ арқылы айту;

  10. «сөйлейтін» ойыншықтарға қызығушылығын ояту;

  11. адамдардың, жануарлардың, заттардың, бейнелерінен тану, айту (суреттер, фотосуреттер, заттар, мүсіндеу, аппликация);

  12. саусақтарға арналған жаттығулар орындау (дактилемалардың үйлесімі);

  13. кестелердің көмегімен ауызша, ауызша-дактилді заттарды, іс-әрекеттерді атау.

47. Оқылым:

  1. үлгі бойынша дактилемаларды еске түсіріп көрсету;

  2. қол саусақтары, білезігіне арналған жаттығулар мен заттық әрекеттерді орындау (дактилге дайындау);

  3. танып оқу (кестеде жазылған сөздерді танып, көрсету): Әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттарды көрсету; іс-әрекет, сұрақтар;

  4. қазақ әліппиіндегі әріптермен танысу (А, Ә, О, Ө, У, Ү, Ұ, Э, И, П, Т, К, Қ, Ф, С, Ш);

  5. заттарға немесе суреттерге қатысты табличкаларды іріктеп, сәйкестендіру, оқу (танып оқу);

  6. кітаптағы иллюстрацияларды көрсету;

  7. өз бетінше қарапайым фразалар мен сөздерді дактилдеу;

  8. үлгі бойынша қима әліппиден сөздер құрастыру;

  9. тек ауызша немесе жазбаша белгілері бойынша объектіні (затты) табу білігі (кестеге қарап).

Тақырыптық сабақ үлгілері: Ойыншықтар. Көкөністер. Азық-түлік өнімдері. Мен және менің отбасым. Бауыр, әпке, аға, тәте. Жақындарының, таныстарының есімдері. Жануарлар. Ыдыс-аяқ. Киім. Жиһаз. Адамдар (отбасы). Ауа райы. Көлік. Дене мүшелері.

Үлгілік сөздік: Ой! Ай! Ух! Тук-тук! Оп-оп! Сенің атың кім? Анаңның аты кім? Әкең қайда, көрсет. Ол не? Мен. Маған бер. Мен көрсетемін! Қараңдар! Бұл алма. Әдемі, үлкен, дөңгелек, сары. Қызыл, жасыл, көк, сары. Үлкен, кіші, үлкенірек, кішірек. Алмұртты қалайсың ба? Сұра. Алмұрт сұра. Бананды ал. Ол кім? Қараңдар! Бұл Бақыт. Гуля қайда? Гуля мұнда! Қара, тыңда, сөйле, қой, алып таста, ұйықта, тамақтан, іш, жу, сүрт, ки, шеш, аш, жап. Допты ұста. Жылама, бұзық болма, кедергі жасама. Ойна, тамақтандыр, сырғанат. Ауырады, ұйықтап жатыр, жатыр, құлады, ұстап алды, ойнап отыр. Дастан серуендеді. Бөлмеде. Үстелдің астында. Орындықтың үстінде. Тез, баяу. Биік, алыс. Жақсы, жаман, дұрыс, қате, барлығы, қайтадан, тағы да, мұнда, онда, әне. Автобус, троллейбус, трамвай, метро.

48. Күтілетін нәтижелер:


  1. үлгі бойынша сөздерді дактилдің көмегімен көрсетеді;

  2. сөйлеу тілін қолдану арқылы ересектермен, құрдастарымен қатынас жасайды;

  3. есту арқылы ауызша, ауызша-жазбаша түрде тапсырмаларды орындайды;

  4. тиісті 2-4 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізеді;

  5. қазақ әліппиіндегі әріптерді таниды (А, Ә, О, Ө, У, Ү, Ұ, Э, И, П, Т, К, Қ, Ф, С, Ш);

  6. сөйлеу тілінде сын есімдер мен үстеуді пайдаланады;

  7. сөздер мен сөйлемшелерді баспа әріптермен жазылған тиісті кестені көрсету арқылы айтады;

  8. үндеуге әр түрлі тәсілдермен жауап береді;

  9. айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктейді;

  10. қойылған сұрақтардың мағынасын түсініп, сұрақтарға ауызша, ауызша-жазбаша түрде жауап береді;

  11. маңызы бар 2-3 сөзден тұратын сөйлемшелердің мағынасын түсінеді;

  12. өз бетінше қарапайым фразалар мен сөздерді дактилдейді;

  13. тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айтады (хабарлама, сұрақ, түрткі);

  14. үлгі бойынша қима әліппиден сөздер құрастырады;

  15. айналасындағы объекті (затты) бейнесі бойынша таниды, айтады (суреттер, фотосуреттер, жапсыратын заттар,аппликациялар);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет