Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет90/117
Дата27.12.2023
өлшемі3,05 Mb.
#199598
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117
Байланысты:
Сборник МНПК

СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ 
1. Nejib A, Joëlle D, Abdellah E, Amane J, Malika TA (2014) Textile dye adsorption onto raw clay: 
influence of clay surface properties and dyeing additives. Journal of Colloid Science and 
Biotechnology 3: 98-110. 
2. Zhu LZ, Su YH (2002) Cationic carbonyl complexes of manganese (I). Clays and Clay Miner 49: 
421-427.
3. Yurdakoc M, Akc May Y, Tonbul OK, Yurdakoc KF (2008) The mechanism of epoxide reactions. 
Part VII. The reactions of 1,2-epoxybutane, 3,4-epoxybut1-ene, 1,2-epoxy-3-chloropropane, and 1,2-
epoxy-3-methoxypropane with chloride ion in water under neutral and acidic conditions. Microporous 
Mesoporous Mater 111: 211 
 
 
 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023 
87 
УДК 811.133.1 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ОҚУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ 
 
Бекмухамбетова Салтанат Болатовна 
аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 
Орал, Қазақстан
 
 
Аннотация: 
автор
 
зерттеу барысында тілдің төрт қасиетінің бірі –оқуға үйрету 
әдістемесіне тоқталды. Бұл мақалада оқу дағдылары мен оқуды үйрену туралы ақпарат 
алу қамтылған. Оқуды үйрену өте маңызды, өйткені ол ауызша және жазбаша сөйлеу 
дағдыларын үйрену мен дамытуын жалғастырады. Әр түрлі қатынастық мақсатта 
оқыту шетел тілін тәжірибелік жағынан меңгеруге ықпал жасаумен қатар, оны үйренуге 
деген қызығушылығын арттыратындығын атап өтті. 
Тірек сөздер: 
монолог, диолог, күйтабақ,аудиокітап, Skim-reading, оқудың 
стратегиясы, көру анализаторы, кинестетикалық, есту анализаторы, талдау, синтез, 
индукция, дедукция, салыстыру.
Оқу-оқушының мектепте шет тілін меңгеру процесінде игеруі керек негізгі 
дағдылардың бірі. Оқу-бұл жазбаша мәтінді түсіну. Бұл қабылдау мен ойлауды қамтитын 
күрделі әрекет. Оқу екі түрлі процестерден тұрады: сөздерді тану және түсіну. Оқырмандар 
жазбаша мәтінді түсінуге көмектесу үшін негізгі білімді, лексиканы, грамматиканы және 
мәтіндік тәжіриебені және басқа да стратегияларды жиі қолданады. Тілді пайдалану үшін 
тілді тыңдау, сөйлеу, жазу, оқуды білу керек.
ХХ ғасырдың 50-жылдар кезеңі мектептерде шетел тілін оқыту әдістемесінің елеулі 
кезеңі болды. Бұл кездегі бағдарламада қойылған негізге талаптар: оқыту, түсіну және шет 
тіліндегі мәтінде аудара білу.
Ауызша сөйлеуде шет тілінде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға 
(монолог) және шет тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) мән берілді. Тәжірибелік 
мақсатқа жету үшін бірінші рет магнитофон таспасын, күйтабақты қолдану және үйге оқуға 
берілетін мәтіндер пайдаланыла бастады.
Кітап оқудың тәрбиелік мәні зор, өйткені кітап оқу – қарым-қатынас құралы, 
адамдар қажетті ақпаратты кітап, журнал, журнал, газеттерден алады.Шет тілінде оқу 
оқушының өзін қоршаған орта туралы білімін байытады. Ол шет елдермен және олардың 
мәдениетімен танысады. Оқу оқушылардың интеллектісін дамытады. Есте сақтау, ерік-
жігер, қиялды дамытуға көмектеседі. Студенттер кітаппен жұмыс істеуге дағдыланады, бұл 
өз кезегінде әрі қарай оқудың өз бетінше тәжірибесін жеңілдетеді. Оқушыларға мәтіндердің 
мазмұны, олардың идеясымен танысады . Біз оқушылардың бойына адалдық, өз 
халқымызға, шетел жазушыларының шығармаларына деген сүйіспеншілік сияқты 
қасиеттерді қалыптастыруымыз керек, оқушыларымыз оқуы керек мәтіндер осы талаптарға 
сай болуы керек. Демек, оқу қабілеті үлкен практикалық ғана емес, сонымен қатар 
тәрбиелік және әлеуметтік мәнге ие. 
Оқу - шет тілін үйрену құралы болып табылады. Оқушы мәтінді оқығанда дыбыстар 
мен әріптерді, сөздік пен грамматиканы үйренеді, сөздердің жазылуын, сөздер мен сөз 
тіркестерінің мағынасын есте сақтайды, грамматикасын да тексереді, сөйтіп, оқытылатын 
тіл туралы білімін жетілдіреді. Оқушы неғұрлым көп оқыса, соғұрлым ол тілдік материалды 
жақсы меңгереді. Мұғалім оқушыларын қатесіз оқуға үйретсе және олар жеткілікті түрде 
еркін және толық түсініп оқи алса, бұл олардың сөйлеу және жазу дағдыларын меңгеруіне 
де көмектеседі. Олай болса, оқу – әрі мақсат, әрі оған жету құралы болып есептеледі .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет