INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA»
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023
89
7. Шет тіліндегі субтитрлермен сүйікті телебағдарламалар мен фильмдерді қарау
арқылы да оқу қабілетін дамытуға болады.
8. Шет тілінде оқу қабілетін дамытудың дәстүрлі әдістерінің бірі - Skim-reading . Ол
әр сөзге көп уақыт жұмсамай, мәтіннің негізгі мағынасын түсіну үшін үстірт және жылдам
оқу әрекеті. Бұл әдіс оқуды үйрену-шет тілін түсінуді жақсартудың және сөйлем үшін
қандай сөздер мен сөз тіркестерінің маңызды екенін түсінудің тамаша тәсілі.
Мұғалімге қойылатын басты талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы.
Бірінші сабақтардан бастап әр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет. Мұғалімнің оқыту
қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді
толықтыру, тіліді ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету
жатады. Оқушының негізігі міндеті – оқу құралдарымен танысып, формасын, маңызын,
және қолдануын түсіне білу. Келесі міндеті – жаттығу. Жаттығу дегеніміз – оқу материалын
бірнеше рет есту, сөйлеу және көру мүшелері арқылы өткізіп, оны есте сақтау. Оқушының
тағы бір міндеті – қолдану яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу.
Шетел тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуника-тивтік
құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдану керек. Ұлы педагог
В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық мәніндегі
ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дегендей, әр сабақта оқытуға үйрету мақсатында ойын
элементерін пайдалану тиімді.
Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін,
ұйымдастырылған сабақ болып табылады.
Қорытындылай келе, оқу қабілеті - оқушылардың мәтіндердің ұйымдастырылуы мен
құрылымын түсінуін, идеялар мен дәлелдерді , бейтаныс сөздердің мағынасын және
ақпаратты қабылдауын қалыптастырады. Оқушылардың әртүрлі тақырыптар бойынша
сөздік қоры молаяды. Сыни тұрғыдан ойлау және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары,
шығармашылықпен ойлап, жазу қабілеті дамиды. Шетел тілін оқып,үйрену оқушылардың
жан дүниесін байытады,ой –өрісін дамытып,көркемдік талғамын кеңейтеді,тәрбиелейді
және халықаралық достыққа, мәдениеттке тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |