Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет95/117
Дата27.12.2023
өлшемі3,05 Mb.
#199598
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   117
Байланысты:
Сборник МНПК

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023 
92 
Жалпы Үкіметтің халық табысын арттырудағы басты мақсаты – елдегі кедейшілік 
деңгейін азайту. Себебі кедейлік бір емес, бірнеше салаға қатар әсер етіп, елдің 
экономикалық-әлеуметтік даму қарқынын бәсеңдетеді.
 
Әсіресе еліміздің 12 өңірінде, атап айтсақ, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, 
Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, 
Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында табысы ең төмен күнкөріс 
деңгейінен төмен халық үлесінің артқаны байқалады[3].
Сондықтан да табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесін азайту 
Үкімет алдындағы басты міндет. Тек қалалық жерлер емес, сонымен қатар, ауылды 
жерлердегі тұрғындардың жалақысы да төмен. Сондықтан да ауыл халқы қалаға ұмтылады. 
Сол себепті ауылдық жерлердегі халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жетілдіруге қатысты да 
бағдарламалар қажет. Халықтың нақты табысына әсер ететін факторлар ретінде мыналарды 
қарастырамыз [4]:
1.
елдің экономикалық даму деңгейі; 
2.
инфляция; 
3.
әлемдік экономикалық жағдай; 
4.
орташа жалақы; 
5.
ең төменгі жалақы мөлшері;
6.
халықтың бıлıм деңгейı мен бıлıктıлıгı; 
7.
номиналды ақшалай кірістер және жұмыссыздық деңгейі. 
Халықтың табысын арттыру Үкіметтің барлық экономикалық саясатының ортақ 
мақсаты болып табылады. Осыған орай Үкімет халықтың табысын 2025 жылға дейін 
арттыру бағдарламасын қабылдады. Бағдарламада халықтың табысын арттыруға қатысты 
негізгі басымдықтар көрсетілген [4] 

Жастардың жұмысқа орналасуына басымдық беру; 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа 
орналастырудың жаңа мүмкіндіктері; 

Бюджеттік қызметкерлерге лайықты жалақы тағайындау; 

Еңбек табысындағы теңгерімсіздіктерді жою

Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру; 

Туризмдегі жұмыспен қамтуды арттыру; 

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде жаппай жұмыспен қамту; 

Өңдеу өнеркәсібінде тиімді жұмыспен қамтуды дамытуды ынталандыру; 

Халықтың табысын арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік кірістердің өсуін 
ынталандыру; 

Кірістердің сатып алу қабілетін қорғау 
Осы қадамдардан басқа, біз өз ұсынысымызды да айтқымыз келеді, яғни халықтың 
табыс деңгейін арттыру үшін: 
Біріншіден, төменгі жалақы мөлшерін көтеру; 
Екіншіден, Ұлттық банктің инфляцияға қарсы шараларын күшейту; 
Үшіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым саласындағы 
қызметкерлердің жалақысын арттыру; 
Төртіншіден, сатып алушылық қабілетті қорғау; 
Бесіншіден, 
өндірістік 
кәсіпорындар 
қызметкерлерінің 
табыстарындағы 
теңгерімсіздіктерді жою
Біз осы тақырып шеңберінде сауалнама жүргізген болатынбыз, сауалнамада 
келесідей сұрақтарға жауап алдық (сурет-2). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет