Облыс џстаздарыныѓ газетi білім саласының үздіктері Соңы 4-бетте



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата08.02.2022
өлшемі18,99 Mb.
#97935
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
Сыр мектебі пдф 2
7 қатынас ыдыстар ФО, Сабырхан Карина ктарих
Тазабике ЕҢСЕПОВА,
№220 мектептің мұғалімі.
Арал қаласы.
Сан ғасырлық тарихы бар халық
музыкасының терең бір арнасы - ән
жанры. Ата-бабамыз әнді ертеден
халықтың жаны деп бағалаған. Себебі,
ән қай заманда болса да халықтың
мұң-мұқтажын, тебіренісін, ішқі
сезімін, қайғы-мұңын немесе қөңілді
кезеңдерін жеткізеді.
Абай атамыз айтқандай - "Әннің де
есері бар, естісі бар" дегендей келешек
жалғастырушысы бар ән-есті ән.
Қазақ халқының музыкалық
мұрасының ең көп тарағаны, кең өріс
жайғаны - халық әндері. Біздің
халқымыз әнге өте бай. "Маған бүкіл
қазақ халқы ән салып тұрғандай болып
көрінеді" дейді қазақ халқының
өнерін көп зерттеген Г.Потанин.
Осындайда данышпан атамыз
Абайдың:
"...Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
"... деген өлең жолдары ойға оралады.
Халық аңыз, ертегі әңгіме, қисса,
дастандарды, әдемі, тамаша әндерді,
күйлерді ауыздан-ауызға қағып алып,
бізге дейін жеткізді. Орындаушылар,
жыршы-термешілер, жыраулар,
күйшілер, ән-күйді бірден-бірге
жалғастыра түсті. Халық таланттары
ән мен күйді өздері өңдеп байытып
немесе өзі жаңа туындыларды дүниеге
әкелді. Олар Абай, Біржан сал, Жаяу
Мұса, Ақан сері, Мұхит, Құрманғазы,
Қазанғап, Дина, Тәттімбеттер еді.
Музыка, әсіресе ұлттық ән-күй
өзінің жоғары рухани әсерлігі мен
мазмұны арқылы балалардың жеке
көзқарасын, қоғамға, Отанға деген
патриоттық сезімдерін қалыптас-
тырады, Сондай-ақ, өмір құбылыс-
тарын дұрыс түсініп, дұрыс
қадағалауға, оны жадында сақтауға
жәрдемдеседі. Әрбір музыкада
берілетін халқымыздың ән-күй
туралы сүйіспеншілігін, халқымыз-
дың басынан өткен тарихи оқиға-
ларын, арман мен мақсатын, өмірге
деген көзқарасын жас жеткіншек-
терге жеткізе білу әрбір мектеп
мұғалімінің міндеті болып саналады.
Музыканы, әнді және күйді
тыңдауды бала жастайынан сүйеді. Ол
баланың жан дүниесіне, көңіл күйіне,
көркемдік сезімдеріне зор эмоциялық
әсер етеді. Үлкендер қазақтың ұлт
аспабы домбыраны тартып ән салса,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет