Салт-дәстүр жырлары
Салт-дәстүр жырлары
Салт-дәстүр жырлары
Салт-дәстүр жырлары
Салт-дәстүр жырлары
Сабақтың мақсаты: Ч дыбысы және
оның әріп таңбасымен таныстыру.
Сөзге дыбыстық талдау жасату. Оқуға
жазуға жаттықтыру. Өлеңді мәнерлеп
оқу, оның мазмұнын ашу. Оқушы-
лардың сөздік қорын, тіл байлығын
дамыту. Өлеңді түсініп оқу дағдысын,
ойлау қабілетін, пәнге қызығушы-
лығын арттыру.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, адам-
гершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сурет
салынған плакаттар, кеспе әріптер,
сөздер, суреттер, дыбыстық текшелер,
өлең.
Түрі: Дәстүрлі.
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, ойын.
Өткен сабақты қайталау.
1. Ц дыбысы мен әрпі.
2. Цирк.
3. Клоунның сыры.
Жаңа сабаққа әзірлік.
"Клоун" ойыны. Шарты: Клоун
добындағы сұрақтарға жауап беру:
үйдегі кішкене сәби әлі толық
мағынасында сөздерін айта білмесе де,
өзінше ән-күйдің ырғағына әуеніне
еліктеп, іштей болса да қосылып ән
салғандай болады. Сондықтан әрбір
отбасы мен мектеп баланы музыкаға
ертеден тәрбиелеп, олардың жас
ерекшеліктеріне лайықты әнге, күйге
деген ынтасын арттыруға міндетті.
Демек, баланы ең алдымен отбасында,
балабақшада, мектепте ән-күйге
үйретуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана
оң нәтижесін береді.
Адам тәрбиесінің тетіктері-әр
халықтың даналықтарынан туындаған
ұлттық салт-дәстүрлері болып
саналады. Ендеше ұлттық тәрбиеге ден
қойған ұрпағымыз айтарлықтай
өнегелі болып өсуі үшін құндылыққа
толы салт-дәстүрімізді жоғалтпауымыз
керек. Бүгінгі күнге дейін өз қадір-
қасиетін сақтап келе жатқан әні мен
мәтіні ерекше салт жырларының
бірнешеуіне тоқталуды жөн көрдік.
Бесік - адам баласы игерген
игіліктердің ішіндегі ең парасаттысы.
Бесікті қолтықтай тербеткендегі шын
жүректен төгілетін бесік жырына
жетер қандай әуен бар? Бесіктің сыры
тереңде. Қазақ халқының "Бесік
жырын естімегеннен қандай адам-
шылық күтесің" дейтіні осыдан болса
керек. Халқымыз бесікке салуды өнер
деп таныған. Бесікке қырқынан
шыққан соң салады. Өйткені, осы
уақыт ішінде баланың түйсігі тұрақтап,
көз жанарын тоқтата алатындай халге
жетеді. Осы кезден бастап баланың
жүрек пен ақыл тәрбиесі үндесе
дамиды. Осы екеуінің ендігі
дамытушысы - тек бесік жыры.
Айналайын ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жыламашы сәулешім,
Сүт әкеліп берейін...
Баяу ыңылдап айтылған ән қай
баланың болса да, көз алдына тамаша
оқиғаларды елестетеді де сондай тәтті
елестің әсерімен бала ұйқыға кетеді.
Бір өкініштісі, мұндай әндер қазір көп
жағдайда айтыла бермейді. Бесік
жырын көбінесе үлкен кісілер, әжелер
айтады. Кейбіреулер "Әжесіз өскен
бала тасбауыр келеді" дейді. Баланың
бесік жырының құдіретін сезіне алмай
өсуінде көп нәрсе жатыр. Себебі, ондай
сәби халықтың дәстүріне, салтына
немқұрайлы қарайды. Баланы кішкене
күнінен бастап, жан-дүниесін бесік
жырының әсем сазды әуенімен,
сөздерімен әсер етіп, байыта беру
керек. Бесік жырында жас бала дені
сау, еңбексүйгіш, өнерлі, ел қорғаушы
ер-азамат болып өссе екен деген тілек
айтылады. Ендеше "Бесік жырын"
естіп өскен баланың бойына жаман
қылық үйірілуі, сіңуі мүмкін емес.
Бесік-қашан да "Бесік жырымен"
көрікті, ғұмыры ұзақ.
Тұрмыс - салт жырларының тағы
бір - беташар.
"...Айт келін-ау, айт келін,
Атыңның басын тарт келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан пәк келін" - деп
келетін жыр жолдарын айтушы жігіт
домбырасын күмбірлетіп, желдіре
ойнатып айтатын беташар көпшілік
жүзіне қуаныш нұрын үйіреді.
Беташар заманына қарай өзгеріп,
жаңарып отырады. Әрбір айтылатын
өлең жолдары жас келінді ғана емес,
қазақ жастарына, әсіресе қыздарға
әдептілікті, ұят, ар-намыс, ізеттілік,
адамгершілік, еңбекқорлық секілді
мінез-құлықтарды бойына сіңіруге
шақырады, өнегелікке үндейді.
"Халық қандай десең,
Салтыңнан сұрап біл"
"Өзің қандай десең,
Халқыңнан сұрап біл" - деген нақыл
сөз бар.
Әрине, ұлттық салт-санамыздың
жақсы жақтары өте көп. Әдептілік,
инабаттылық, сыйласу жағынан
халқымыз алдына жан салмаған. Әйтсе
де, өкінетініміз, біз осы салт-
санамыздан айырылып бара жатқан
секілдіміз. Бұрын кіші адам үлкеннің
бетіне қарсы келмейтін, үлкендердің
сөзін де, өзін де қасиет тұтатын. Ал,
қазір бала мен келіннен қағажу көріп,
бір кезде төрде табылған басы есікке
ойысқан қариялар қаншама?! Үлкеннің
алдын кесіп өтпеуде қаншама өнеге
жатыр?
Ұлттық салт-дәстүр жырлары-
тәрбиелік жағынан берері мол, тұнып
тұрған ұлағат деп бағалайық.
Достарыңызбен бөлісу: |