Жаңагүл ДЕГЕНБАЕВА,
Ү.К.Томанов атындағы №183
орта мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қармақшы ауданы.
Теңдеу құрып шешуге
Теңдеу құрып шешуге
Теңдеу құрып шешуге
Теңдеу құрып шешуге
Теңдеу құрып шешуге
арналған есептер
арналған есептер
арналған есептер
арналған есептер
арналған есептер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды
мәтін бойынша теңдеу құра білуге, өз
бетінше ізденуге, шығармашылық
ойлау қабілетін дамытуға және
белсенділігін, қызығушылығын, оқуға
ынтасын арттыру.
Көрнекілігі: Слайд.
Сабақтың түрі: Көңілді тапқыштар
ойын-сайыс сабағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Ойынды
өткізуге бағыттама, "Бапкерлер",
"Байқағыштық", "Мықтылар", "Шап-
шаңдық", "Тапқырлық" сайыстары,
"Мақалды жалғастыр" ойындары.
Мұғалім сөзі: Балалар бүгін біз
сіздермен "Көңілді тапқыштар"
сайысын екі топқа бөлініп өткіземіз.
Төрешілер алқасын сайлау.
Төрешілер алқасы сайыстың
шартымен таныстырады.
"Бапкерлер" сайысы. Бапкерлер
экрандағы текшелердің бетіндегі
сұрақтарға жауап береді.
Байқағыштық. Слайдтарда көрсе-
тілген суреттерге есептеу, орналастыру
жұмыстарын жүргізу.
"Мықтылар" сайысы. Әр топқа
теңдеу құруға берілген халық ауыз
есептерін шығару.
Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол
жерде бір қазбен кездеседі. Көп
қаздың бастаушысы "Ассалаумалей-
кум, жалғыз қаз" дейді. Сонда жалғыз
қаз: "Сіздер нешеусіздер" дейді.
Бастаушы қаз біз бір топ, тағы бір топ,
оған жарты топты, жартының жартсын
оған өзіңді қоссаң, бәріміз қанша қаз
боламыз. Өзің есептеп шығар. Қаз
нешеу.
Баласы әкесіне - әке, маған жұмбақ
үйретші дейді. Сонда әкесі: Сенің
жасыңды үш есе көбейтсе, менің
жасым шығады. Ал, менің жасымнан
сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады.
Мен нешедемін, сен нешедесің?
Аулада қаздар мен қояндардың
бастарының саны 24, ал аяқтары 66.
Аулада неше қаз, неше қоян бар?
Шопанның 320 қойы су ішіп
жатыр, ал қалғаны жайылып жүр.
Жайылып жүргені су ішіп жатқан
қойлардың ширегіндей. Шопанда
барлығы неше қой бар?
Шапшаңдықтар сайысы. Оқушы-
лар есеп шығарып жатқанда 2 топтан
2 оқушы келіп орындыққа отырады.
Алдарында 0-ден 9-ға дейінгі сандар
жазылған карточкалар жатыр.
Көбейтіндісін екі санмен тез көрсетуі
керек. Мысалы: 5*9 тең 45. Кім бұрын
көрсетеді, сол шапшаң. Ойынды үш
рет жалғастырады.
Мақалды жалғастыр ойыны.
Білікті бірді-...
7-рет өлшеп-...
Алыстан ...
Қызға ...
Тапқырлар сайысы
1. Столдың төрт бұрышы бар, егер
бір бұрышын кесіп тастаса неше
бұрыш қалады?
2. Ұшақ Алматыға Қызылордадан
1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай
80 минут ұшады. Бұл қалай?
3. Қандай сан барлық сандарға
қалдықсыз бөлінеді?
Қатар тұрған 3 санның қосындысы
да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай
сан?
Достарыңызбен бөлісу: |