Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған



Дата12.10.2020
өлшемі34 Kb.
#68282
түріСабақ

Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған

мектеп – интернат – кешені



Ашық сабақ
Тақырыбы:

«Бір топ нәрсені ашық кеңістікте бейнелегенде перспективаны көрсету әдістерін одан әрі дамыту»
6 «д» сыныбы

Оқытушы: Валиев Б.Г

Орал 2012

Сабақтың тақырыбы: « Бір топ нәрсені ашық кеңістікте бейнелегенде перспективаны көрсету әдістерін одан әрі дамыту »
Коррекциялық – білімділік мақсаты: Перспектива заңдылықтарын көре білу әрі оны көрсете білуге ұмтылу
Коррекциялық - тәрбиелік мақсаты: Жұмысты таза, бүлдірмей, сауатты аяқтауға тырысу
Коррекциялық – дамыту мақсаты: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер үйрену, оларды мағынасына байланысты қолдана білу
Сабақтың түрі: Практикалық
Көрнекілігі: плакаттар
Қажетті құралдар: қағаз, қарындаш, өшіргіш
Сабақ жоспары:


  1. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Қағазға орналастыру

  2. Құрылымын салу

  3. Штрихтау

  4. Жинақтау, аяқтау

  5. Бағалау



Сабақ барысы:
Ашық кеңістікте бір топ нәрсені бейнелегенде перспектива заңдылықтарына оларды бағындыра білуге бесінші сынып оқу материалында бастағана болатынбыз. Енді жылда осы материалды қайталап, қайталанған сайын тереңдете беруге тырысып отырамыз.

Бұл бейнелеу өнерінің негізі болып саналатын саты, сондықтан әр оқушы дұрыс түсініп, өз жұмыстарында сол меңгергендіктерін көрсете білуі тиіс. Сол себепті де жылда қайтып соғып отырамыз.

Ең әуелі көкжиек сызығын белгілеп, сызып аламыз. Қағазымыздың не оң жағынан, не сол жағынан бір нүкте белгілеп аламыз. Сол нүктеден өзімізге керекті екі немесе бірнеше түзу тартып аламыз.

Балалар үшін ең түсінікті электр бағандарын бейнелейміз. Электр бағандары, олардың салбыраған сымдары перспектива заңдылықтарын көрсетуге өте сәйкес келеді.

Бағандардың артынан өсіп тұрған теректерді, бергі жағынан аласа бұталарды бейнелеп, жұмысты байыта түсуге болады.

Тақырыптың атауына сәйкес бір топ нәрсені, мысалы, өрістегі қойларды немесе ойнап жүрген балаларды бейнелейміз. Оларды бейнелегенде перспектива заңдылықтарына сәйкес орналастырып, құрылымын саламыз, сосын қашықтауына сәйкес штрихтаймыз.

Жол үстіндегі адамның бейнесін бейнелегенде бірнеше адамның бейнесін көрсетеміз. Неге десеңіз, бұл перспективаның заңдылықты көрсетуге тікелей қатысты да, кеңістік заңына жанама қатысты болып келеді. Яғни, дененің ұзындық өлшемінің қашықтыққа байланысты кішіреюі перспективалық түзуге қатысты болады да, ал кеңістік заңының күші штрихтардың тондық қатынастарының әсеріне қатысты болып келеді.

Міне, осыны негізгі жұмыс бөлімінде көбірек көңіл бөліп отырса, құба – құп болар еді. Қарындашты әлсін - әлсін ұштап, штрихтардың тегіс әрі жіп – жіңішке болып өз ерекшелігін жоғалтпауына назар аудару керек.

Бұл жерде тондық айырмашылықтарын сезіне білу және оны жұмыстарында көрсете білуге ұмтылу керек. Аспандағы бұлттарды, ағаштарды, өсіп тұрған шөптерді бейнелегенде перспектива заңдылықтарына сәйкес алу, яғни алдыңғы планды анық етіп, ал қашықтаған сайын сәл көмескілеу етіп түсіру.

Сабақ үстінде тақырыпқа орай жаңа сөздерді, мысалы, кеңістік, көкжиек, көкжиек сызығы, перспектива, қашық, заңдылық сияқты сөздерді тақтаға жазып, іліп қойып, оларды қайталап айтып отырамыз.



Сабақтың аяғына таман салынған жұмыстарымызды жинақтап аяқтауға кірісеміз. Әрине, бұл жерде қырық бес минут аздау етеді, дегенмен де осы аралықта біраз жұмыстанып тастауға болады.

Біткен жұмыстарды тақтаға іліп қойып, олардың қателіктерін көрсетіп, жақсы жағын көрсетіп талқылаудан өткіземіз. Соңынан жұмыстарды салыстырмалы бағалаймын.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет