Обложка эмблема фонда «Ерлік пен Жеңіс» тақырыбындағы балалар шығармалары Астана 2010 ж. Ерлікке тағзым!



бет5/7
Дата27.12.2016
өлшемі3,17 Mb.
#5401
1   2   3   4   5   6   7

Қарлығаш БаҚытбек,

Әбдiкерiм атындағы мектептiң 7-сынып оқушысы.

Шыңғыстау ауылы,

Қатонқарағай ауданы

Шығыс Қазақстан облысы




Күрес-майдан,

Ерлiк тiлер
Арманшыл ауыл жаста­рының бiрi Сапура орта мектептi бiтiрiп, Ақтөбедегi оқытушылар дайын­дайтын институтқа түседi. Тап сол жылы соғыс басталып, елдегi ер-азаматтар жаппай майданға ат­тан­ғанда, оның төрт бiрдей ағасы соғысқа кете барады. Студенттiк өмiрдiң қызығын көре алмай, ендi оқудың қи­сыны келмей­тiнiн се­зiнген он сегiз жасар Сапура 1942 жылы мау­сым айында сұранып, майданға ат­та­нады. Еш­қандай әскери дайын­дықсыз Мәскеу үшiн шайқасқа тап болып, кейiн Бело­руссия же­рiн­дегi со­ғысқа қаты­сады. 474-атқыштар ба­та­льоны құра­мында санитар бо­лып, жара­лыларға же­дел жәрдем көрсетiп, оларды жер бауырлап арқалап, емдеу орын­дарына жеткiзедi. Борап тұрған оқ астында жан аямай еңбек етедi. Шымыр дене­лi, ширақ қимылды қыз әс­кери ұшақ алаңында ұшаққа бомба жасақ­тауды меңгередi, адам күшi жетпе­генде, күнi-түнi қару-жарақ қоймасында күзету де тап­сырылады. Қас қақпай, күзетте тұрған қаршадай қыз­дың қара темiр винтовкадан басқа серiгi, қорғаны болмаса да, жiгерiн жасытпай, үрейiн сездiрмей, нағыз жауынгер­лерше қайрат көрсетедi. Сол үшiн басшы­ларының талай алғысын алып, Жуков атындағы медальмен марапатталады.

Кеңес армиясы жеңiспен батысқа бет алған шақ. 1944 жылы қыркүйек айында Сапура өз ба­тальонымен қиыр Шы­ғысқа жiберiледi. Хабаровск қаласына келген соң, 252-шi батальон қайта жасақталғанша, Сапура тағы әскери құралдар қоймасынан шаб­уылға керектi бомба-снарядтарды ұшаққа тиеп, майданға дайындап жi­берушiлер қатарында күнi-түнi бел шешiп, еңбек етедi. Са­қылдаған сары аяз бен бет қаратпас боранға да шыдап, намысты қолдан бермейдi. Бүгiнгi тәуелсiздiк осын­дай ба­тыр аға-апалары­мыздың еңбе­гiмен жеттi.


Ақтоты Әбимолдаева,

I.Үргенiшбаев атындағы мектептiң

10-сынып оқушысы.

Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы



АҚ НИЕТПЕН ХАТ ЖАЗДЫМ,

АТА, СIЗГЕ...

(Бауыржан ата рухымен сырласу)
Бауыржан ата! Мен үшiн сiздiң тұлғаңыз қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейсiз.

1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiңiзбен атыңыз әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атандыңыз.

Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында өзiңiз қаһармандық пен өшпес ерлiк көрсеткен Мәскеу халқы сiздi құрметтеп, үлкен сый жасады. Мәс­кеу қаласынан ұлан-қайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке сiздiң есiмiңiздi бердi. Бұл сiздiң ерлiгiңiздi мойындау және бүкiл қазақ халқына деген құрмет едi. Сiздiң «Ежелден ер тiлегi – ел тiлегi, Адал ұл ер боп туса – ел тiрегi» деген өсиетiңiздiң өмiрде орындалғанын көрiп қуандық.

Бауыржан ата! Тiлге деген нағыз махаббатты, оған деген шынайы сүйiс­пен­шiлiктi мен сiздiң шығарма­лары­ңыздың арасынан таптым.

«Қазақ тiлi... өткiрлiгiмен бой бал­қытып, тамыр шымырлататын, жан-жүйеңдi жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымға қонымды, жүре­гiңе тиiмдi, жаудың көмейiне құм құйып, аузын аштырмай, үнiн шығармай қоя­тын тiл» деп 1944 жылы баға берген екенсiз.

1944 жылы сiз қазақ тiлiн шұбарла­ған, өз тiлiн дөрекi, икемсiз, топас, кедей тiл деп жала жауып жүргендерге қатты тойтарыс бердiңiз емес пе? Республи­каның бас хатшысы Әбдiхалықовқа майданнан арнайы хат жолдап: «қазақ тiлiнен ажырап, азғын ел атанбасын, аты өшiп, ұрпақтарымыз тарыдай шашы­рап, қардай ерiп, құмға сiңген судай дерексiз жоғалмасын, анамыздың ақ сүтiмен бойымызға дарыған тiлiмiздi ұмыту – бүкiл ата-баба тарихымызды ұмыту», – деп күңiрене айтқан едiңiз.

66 жыл бұрын сiз уайымдаған қазақ тiлi, халқыңыз тәуелсiздiк алған соң мемлекеттiк мәртебе алды. Май­данда жүрiп тiлiмiздiң, ұлтымыздың арын қорғау – сiздей батыр қолбасшы­ның ғана қолынан келер iс.

Сiздiң кiтаптарыңызды оқып оты­рып, терең ойға қалам. Отанға деген сүйiспеншiлiгiңiзден, халқыңызға махаб­батыңыздан, ұлттық биiк рухымыздан қуат аламын.

Бауыржан ата! Мен сiздiң қаламы­ңыздан шыққан «Москва үшiн шайқас», «Қанмен жазылған кiтап», «Ұшқан ұя», т.б. шығармаларыңызды оқып шық­тым. Сiздiң шебер суреткерлiгiңiзге, адам психологиясын танып-бiлудегi сезiм­талдығыңызға таң қаламын. Сiздiң шығармаларыңызда әр кейiпкер өзге­ше бiр әлем... Әр сөйлемде тұнып тұрған сыр жатыр. Бұларды оқып қана қоймай, жаттап, үлгi өнеге алуымыз керек.

Бауыржан ата! Егер осы шығарма­ларыңызды қайтадан жазсаңыз, ненi өзгертер едiңiз? Талай арман-ойыңыз замана лебiне, қыспағына қарай iшiңiзде кеткен шығар.

Сiздiң бiзге қалдырған мәңгiлiк өш­пес, ғасырдан ғасырға жетер мұра­ларыңыз үшiн ұрпақтарыңыз мәңгi қарыздар.

Бауыржан ата! Бақытты болашақ, тәуелсiз ел сiздiң аңсаған арманыңыз едi. Бүгiн сiздiң арманыңыз – ұлттық тiлдiң, дәстүрдiң, салт-сананың мызғы­мас тiрегi, күшi, алтын дiңгегi – халық­тың бақ жұлдызы жарқырап жанған күн.

Сiздiң тағлымыңызды зер сала оқып-үйрену бүгiн де, ертең де келешек ұрпақ үлесiнде.

Қазiр Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атында әскери мектеп интер­нат бар. Мектеп-интернат шәкiрт­терi қазақстанның Қарулы күштерiнiң ертеңгi тiзгiнқағары, өзiңiздей елiне шынайы берiлген, кез-келген уақытта қолына қару алып, кең-байтақ елiн қорғауға әзiр.

Бауыржан ата, тағы бiр жайды айт­қым келiп тұр. Ұлт болашағының негi­зiн жасайтын жастар санасы өркениет деңгейiне сай болуы шарт. Осыны ой­лаған кезде сiздiң: «Жаудан да, дау­дан да қорықпаған қазақ едiм, ендi қорқынышым көбейiп жүр. Балаларын бесiкке бөлемеген, бесiгi жоқ елден қорқам. Екiншi, немересiне ертегi ай­тып беретiн әжелерiнiң азаюынан қор­қам. Үшiншi, дәмдi, дәстүрдi сыйла­майтын балалар өсiп келедi. Оның қолына қылыш берсең, кiмдi де болса шауып тастауға даяр. Қолына кiтап алмайды. Үйренiп жатқан бала жоқ, үйретiп жатқан әже, әке жоқ», – деген өсиетiңiз ойға оралады.

Бұл – үлкен алаңдаушылық. Өзiн халықтан бөлiп қарай алмайтын тұл­ғаның алаңы. Бұл үн бүгiнгi дәуiрмен де үндесiп жатыр.

«Қадiрiн бiлмеппiз ғой тiрi кезде,

Деп жылап сорлы қазақ

мен өлгенде.

Ұрпақ атар 80 мен жүздiгiмдi,

Тарихтың түкпiрiне сөз келгенде», – деп өзiңiз айтқандай, 1990 жылы кеш те болса сiзге «Кеңестер Одағы­ның Батыры» атағы берiлдi. «Бауыр­жан жұлдызды болған күн – қазақ­тың жұлдызы жанған күн» деп Елба­сымыз сiздiң халықпен бiрге екендi­гiңiздi толғана, тебiрене айтты.

Сiзге мен хатымның соңында «Қош болыңыз» демеймiн. Ұрпақта­рыңыз Отанына деген сүйiспеншiлiктi, шыншылдықты, әдiлдiктi, шыдам­ды­лықты, төзiмдiлiктi, батылдықты, қаһар­мандықты, тiлiн, дiнiн сүюдi күнделiктi сiздiң тұлғаңызға қарап үйренедi. Отаным дейтiн, намысты ту қылып ұстаған, Отанына шын берiлген қазақтың ұлтжанды ұрпақтары барда сiз мәңгi жасай бересiз.


Серiк ҚАНТАЕВ,

Ққынов атындағы орта мектептiң 9-сынып оқушысы.

Жаңаауыл ауылы,

Тарбағатай ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет