Ұсақтау процесі ұсақталу деңгейімен сипатталады, яғни ұсақтау дейінгі кесектің орташа мөлшерінің dн ұсақтағаннан кейінгі кесектің орташа мөлшеріне dк ара қатынасы: і = dн/ dк Материал бөліктерінің және ең үлкен кесектерінің бастапқы және соңғы мөлшерлеріне байланысты ұсақтау келесі түрлерге бөлінеді: ірі, орташа, ұсақ, жұқа, коллойдты.
Кесте 3 – Ұсақтау түрлері
Ұсақтау түрі
Ұсақтауға дейінгі кесектің орташа мөлшері (dн), мм
Ұсақтауға кейінгі кесектің орташа мөлшері (dк), мм
Ірі
1500...2000
250...25
Орташа
200...25
25...5
Ұсақ
25...5
5...1
Жұқа
5...1
1...0,075
Коллойдты
0,2...0,1
1∙10-4 дейін
Жіктеу (сорттау) – біртекті материалды мөлшері, пішіні және сапасы бойынша бөлу процесі. Технологиялық талаптар бойынша материалдарды өңдеу кезінде жіктеуді жиі қолдану талап етіледі. Бұл кезде материалдардың мөлшері, пішіні және сапасы қатаң белгілі бір шектерде болады. Мысалы, жемістер мен көкөністерді инспекциялау және консервілеу кезінде аталған белгілер бойынша жіктейді.