Өңдіріс мүмкіншілігінің қисығы / кофе және бидай/. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы ретінде көрсетілу себебі өндіріс шығыны тұрақты. Өңдіріс шығындарының айырмашылығы АҚШ үшін w = С, Бразилия үшін w = 2 С



бет4/10
Дата03.01.2022
өлшемі189,75 Kb.
#108462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Халық Эк

Шығындардың өсуі. Халықаралық сауда принциптерін қарапайым түсіндіру үшін белгілі бір екі мемлекет және екі тауарды қарастырайық. Бірақ көптеген мемлекетті мысал ретінде алсақ та екі дәл осы нәтижеге келеміз. Енді шығындардың өсуіне таңдау жасайық. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігі қисығының қатынасы 1W=1C және 1W=2C деп қарастырсақ, онда АҚШ салыстырмалы артықшылықпен өндіретін бидайға, Бразилия кофеге мамандануы керек. Бірақ енді бидай өндіру көлемін үлғайтқаңда олардың шығыны — бастапқы 1\Ү=1С-дан өзгереді. АҚШ қосымша 1 т би-дай өндіру үшін 1 т көбірек кофе өңдіруден бас тартуы керек. Өйткені тұрақты шығындар сияқты шығындардың өсуін қарастырғанда ресурстар бірін-бірі алмастырмайды. АҚШ бидайды өндіруге қолайсыз ресурстарды пайдаланады. Сол сияқты Бразилияның бастапқы шығыны 1W=2C өзгереді. Олар 1 тонна бидай өңдірісін тоқтатып, қосымша 2 тоннаға жетпейтін кофе өндіреді. Өйткені ресурстар кофе өңдіруге қолайсыз. Осыдан шығатын қорытынды — АҚШ шығыны төмендеп, Бразилия шығыны өседі және ол 1W—2С. Осы жағдайда толық мамандану және сауда экономикалық жағынан тиімсіз болады. Шығын қатынасын теңестіру үшін АҚШ бидаймен қоса аз мөлшерде болса да кофе өсіруі қажет, Бразилия кофемен қоса бидай шығаруы тиіс.

Шығындардың өсуі мамаңдану шекарасын орнатады.



Еркін сауда. Салыстырмалы шығындар принципіне негізделген еркін сауда арқылы халықаралық экспортта елдер өз ресурстарын тиімді пайдаланды және материалдық игіліктер дәрежесін жоғарылатты. Ресурстар құрамы мен технология дәрежесі әр мемлекетте әр түрлі. Сондықтан белгілі бір тауарды мемлекеттер әр түрлі шығын жұмсап шығарды. Мемлекет салыстырмалы аз шығын жұмсап шығаратын бұйымды өндіріп, оны басқа мемлекеттің салыстырмалы аз шығынмен шығарған басқа тауарына ауыстыруы керек. Егер барлық мемлекеттер осы принципке негізделсе, онда халықаралық экспорт географиялық және адамдар мамандығының артықшылығын толық пайдалана алады. Яғни, еркін саудаға қатысушы мемлекеттер атаулы пайданың орнына нақты пайданы иеленеді. Атаулы пайда нақты пайда. Қолдампаздық еркін сауда жолына бөгет қояды және маманданудан алатын пайданы төмендетеді немесе жоққа шығарады.

Егер еркін сауда болмаса, онда мемлекетгер әр түрлі тауарды тұтыну қажет болғандықтан, белгілі бір тауарға маманданбайды. Еркін сауданың тағы бір маңызды жағы — ол бәсекелестікті жоғарылатып, монополияны шектейді. Мемлекет ішіндегі фирмалар шетел фирмаларымен бәсекелесу үшін өнімді сол фирмаларға қарағанда салыстырмалы аз шығынмен өндіруге тырысады. Ол үшін технологияны жаңартады, жетістіктерді қолданады. Осыдан техникалық прогресс т.б. өнім сапасын жақсартады, экономикалық өсу болады. Еркін саудада тұтынушылардың таңдау мүмкіншілігі жоғары-лайды. Еркін саудаға жол беру себептері бәсекелестікке жол ашу себептерімен үқсас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет