Саудадағы бөгеттер. Еркін сауда экспорттық жағынан тиімді болғанымен оған көп бөгеттер қойылады. Олар: Импорт тауарына акциз салыгъи(қазыналық баж салыгы — мемлекет ішінде өндірілмеген тауарға салынады Мысалы, АҚШ-та банан, кофе). Қазыналық салымның мөлшері үлкен емес, оны мемлекет бюджетін толықтыру үшін салады.
Қолдампаздық салым. Олар жергілікті өңдірушілерді шет ел өндірушілерінің бәсекелестігінен қорғау үшін салынады, мөлшері көп болмағанымен шет ел өңдірушілерін сауда кезіңде қолайсыз жағдайда қалдырады.
Импорттык, квота — оның көмегімен белгілі бір уақыт ішіңде импортталатын тауардың ең жоғарғы шегін белгілейді. Халықаралық саудаға салымдардан гөрі импорттық квота көп әсерін тигізед.
Тарифсіз бөгет — лицензиялық жүйе.
Экспортпқа еркін шекптеу — сауда бөгеттерінің жаңа түрі. Шет ел фирмаларының белгілі бір мемлекетке экспорттайтын тауарға өз еркімен шек қоюы, қатал сауда бөгеттерінен қорыққан экспорттаушылар экспорт көлемін өз еркімен шектеуге келіседі. Мысалы, Жапония машина жасаушылары АҚШ-қа машинаны экспорттағанда өте жоғары тариф пен өте төмен импорттық квоталардан қорқып, экспорт көлемін төмендетед.