ОӘК 042-33 104/03-2013 №1 басылым 03. 09. 2013



бет4/5
Дата19.02.2017
өлшемі0,82 Mb.
#11074
1   2   3   4   5

13- дәріс

Тақырып: Тауар белгі
Тауар таңбасы және тауар белгісі тауар саясатының бөліктері болып саналады. Тауар белгісі сол тауарға өндірушінің толық құқығы барлығын және оның сапалылығын білдіреді. Бұл өз кезегінде өндірушінің жауапкершілігін арттырып, тұтынушының тауарға деген сенімін туғызады. Тауар белгісі үлкен экономикалық мәнге ие бола отырып, фирма меншiгінің құнды объектісіне айналады. Iрі компанияларда оның құны миллиондаған, кейде миллиардтаған АҚШ долларымен бағаланады. Тауар маркасының құны фирманың материалдық емес активтеріне кіретiндiктен, олардың шамасы пайдамен бiрдей құнды капитал болып табылады.

Тауар белгісі дегеніміз – заңдық тұрғыдан қорғалған және басқа тауарлардан сөз, бейне, көлем жағынан айырмашылығын білдіре алатын ұғым. Тауар белгісі фирма тауарын даралап көрсететін құрал болғандықтан, ол сауда маркасы немесе фирма белгісі ретінде қарастырылады. Таңбалы тауардың имиджi жоғары болғандықтан, олардың бағасы таңбалы емес тауарға қарағанда 15-20%-ға жоғары бағаланады. «Тауар белгісі» термині «тауар таңбасы» және «брендинг» деген ұғыммен тығыз байланысты. Маркетинг бойынша экономикалық оқулықтарда олар синоним ретінде көрсетіледі. Тауар таңбасы түсінігі тауар белгісіне қарағанда кең түсінік. Тауар маркісі немесе бренд дегеніміз, сатып алушы танымындағы тауар бейнесімен ұштасқан тауар белгісін білдіретін ұғым. Бренд тауардың таңбалық атауынсыз болуы мүмкiн емес. Тауар таңбасы болған кезде ғана бiз ол тауарды «бренд » деп атаймыз.



Брендинг – бәсекелес тауарлар арасындағы бір тауар маркасына деген тұтынушының талғамын ұзақ мерзімге қалыптастыру өнері. Ол АҚШ-та 30-шы жылдары пайда болған ұғым. Кез келген тауар белгісі бренд деп атала алмайды, ол үшін тауар өзінің жоғары сапасымен тұтынушы сенімін ақтап, нарықта әйгілі болуы керек. «Бренд» терминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ, ағылшын тілінен аударғанда ол «таңба, мөр» деген мағынаны береді. Сондықтан да, сатып алушы оны бәсекелес тауарлардан ерекше етіп көрсететін өзіндік бейнесі ретінде түсінеді. Бренд – атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы. Қазақстанда брендтің даму деңгейі батыс елдерімен салыстырғанда төмен. Оның негізгі себептері – тауарды өткізудегi бренд рөлін дұрыс бағаламау және өнімнің бәсекеге қабiлеттілігінің төмендігі. Кез келген тауар белгісі бренд бола бермейді, ол үшін тауар нарықта беделге ие болып, өнім жоғарғы сапасымен тұтынушының сеніміне кіруі қажет. Бренд құру үлкен шығынды талап етеді. Қазіргі заманда нарықта сатып алушылардың санасын жаулап алу үшін әйгілі тауар белгілерiнiң арасында қатаң күрес жүрiп жатыр. Осыған байланысты отандық өндiрушiлерге тауар белгiсi ғана емес, сондай-ақ маркетинг және жарнама құралдарын қолдана отырып, бренд жасау қажет. Фирма таңбалық белгілеудің 3 әдісін қолдануы мүмкін.

  • Өндіруші маркасы немесе жалпы ұлттық марканы қолдану;

  • Фирма тауарын өз таңбасын қоятын делдал-дистрибьютер немесе дилерлерге сату;

  • Өндіруші өнімінің жартысын өзінің таңбасымен, ал қалғанын делдал таңбасымен сату.


14- дәріс

Тақырып: Жарнаманың негізгі типтері
Жарнаманың негізгі тоғыз типі бар, оларға қысқаша тоқталып өтейік:

  1. Сауда маркасының жарнамасында - марканың ұзақ уақыт есте сақталуын қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Бұл жарнама түріне «Билайн» ұялы байланысының жарнамаларын мысалға келтіруге болады.

  2. Жекелеген сауда жарнамасы - жергілікті сипатқа ие және әртүрлі өнімдер сатылып, белгілі бір қызмет түрі ұсынылатын нақты бір сауда нүктесіне немесе қызмет ету саласындағы мекемеге бағытталады.

  3. Саяси жарнама – соңғы уақытта мұндай жарнамалар депутаттыққа, президенттікке үміткерлер арасындағы таласты сұрақтардан гөрі, саясаткердің оң имиджін қалыптастыруға ыңғайластырылып жасалып жүр. Саяси жарнамаға халық көбіне Президент сайлауы, депуттатарды сайлау қарсаңында куә болады.

  4. Анықтамалықтағы жарнама – қандай да бір тауарды қалай сатып алуға немесе қажетті қызмет түрін қайдан табуға болатындығын білгісі келетіндерге арналады.

  5. Тікелей үн қататын жарнама кез келген жарнамалық ортаны, оның ішінде пошта арқылы жөнелтуді пайдалана алады. Сатып алушы тек телефон немесе пошта арқылы тапсырыс берсе болады, тауар белгіленген уақытта қолайлы тәсілмен жеткізіледі.

  6. Іскерлік жарнамаға жекелеген саудагерлерге, көтерме сауда жасайтындарға және дистрибюторларға, сонымен қатар, өнеркәсіп мекемелеріндегі сатып алушылар мен кәсіпқой мамандарға (мысалы, адвокат пен дәрігерлерге) арналған хабарламалар жатады.

  7. Институционалды жарнаманы корпоративті деп те атайды. Мұндай жарнама мекеменің танымалдылығын арттыруға немесе ұйымның қызметіне қоғамның көңілін аудартуға бағытталады. Мысалы «Нұрбанктің» жарнамасы осы түрге жатады.

  8. Әлеуметтік жарнама белгілі бір жағымды, оң іс-әрекетті насихаттауға бағытталады. Мысалы, көлік жүргізу кезінде спирттік ішімдіктен бас тартуға немесе кішкентай балаларға жақсы күтім жасауға шақыру.

  9. Интерактивті жарнама – компьютермен қамтылған және нтернетке шығу мүмкіндігі бар дара тұтынушыға жеткізіледі. Жарнама Wed-беттерде, баннерде т.б. орналастырылады. Бұл жағдайда тұтынушы жарнамаға көңіл аударып, оны толықтай ашып, түрлендіре алады немесе керісінше, оған ден қоймауы да мүмкін.

Алайда тауар мен қызметтің пайдалану кезеңіне байланысты жарнама түрлері де бар: ақпараттық жарнамаға тауарды нарыққа шығару кезінде баса назар аударылады. Себебі, бұл кезеңдегі негізгі міндет – алғашқы сұранысқа ие болу. Мысалы, йогурт немесе басқа да сүтті тағамдарды жарнамалағанда, кәсіпкер, ең алдымен, өнімнің денсаулыққа пайдалы ерекшеліктері туралы тұтынушыны хабардар етуі тиіс.

Насихаттық жарнама – фирманың алдында таңдамалы сұранысты қалыптастыру міндеті тұрғанда үлкен маңызға ие болады.

Тұтынушыға күнделікті өте көп көлемде жарнама бағытталатынын ескерсек, жарнама үнемі тауар маркасының атауын, оның ерекшеліктері мен бағасын еске салып отыруы тиіс.

Хабарламаны жариялау тәсілдері (арналар, құралдар, медиатасушылар т.б.) әр түрлі, ал жарнамада оның классикалық жарнама хабарламасы мен плакаттардан бастап, салпыншақ (брелок), заттанба (этикетка) және жапсырмалы ленталар секілді ондаған, тіпті, жүздеген түрлері кездеседі. Сондықтан осы құралдарды топтастырып, жүйелеу, әдетте, біраз қиыншылықтарға әкеп соқтырады.

Жарнама құралдарын жүйелеудің алғашқы әрекеттері ХХ ғасырдың басында жасалды. Алайда, бүгінгі күнге дейін жарнама құралдарының бірыңғай жүйесі жоқ. Әдебиеттерде жүйелеудің бірнеше түрлері кездеседі, олар жарнама құралдарын үлкен және шағын топтарға, түрлерге бөлетін негізгі белгілер (критерий) бойынша жіктейді. Сонымен, жарнамаға қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық:

Біріншіден, демеуші мен коммуникация субъектіне байланысты жарнаманы өнім шығарушы, сауда делдалдары, жеке тұлға, үкімет және басқа да қоғамдық институттардың атынан ерекшелеп қарастыруға болады. Өнім шығарушылар мен сауда делдалдарының атынан шығатын жарнама көп жағдайда коммерциялық сипатқа ие және ортақ мақсатқа жету үшін бірлесе немесе өз алдына жеке түрде жүзеге асырады. Жеке тұлғалардан түсетін жарнама маңызды оқиғалар немесе сату-сатып алу туралы хабарлама түрінде беріледі. Қоғамдық институттардың жарнамасы коммерциялық емес. Ол қоғамдық өмір саласында белгілі мақсатқа жетуге, сонымен қатар, белгілі бір саяси идеяны, қызметті, партияны т.б. насихаттауға мүмкіндік туғызады.

Екіншіден, техникалық белгілері бойынша жарнамалық құралдар бірнеше топқа бөлінеді:


  • баспа (плакаттар, құлақтандыру, афиша), каталогтар, хабарландырулар, газеттер мен журналдардағы мақала, буып-түйілетін материалдар және басқалары;

  • радиожарнама (радиодан берілетін жарнамалық бағдарламалар);

  • кино, бейне және тележарнама (қысқаметражды жарнамалық фильмдер), жарықтандырылған (световая) жарнама (жарықтанған көрсеткіштер, көрсеткіш тақта, сауда компаниясының жарықтанған маңдайшалары және т.б.);

  • көркем-графикалық құралдар (панно, плакаттар, көше транспаранттары, көрсеткіштер, дүкендердегі маңдайшалар және т.б.);

Үшіншіден, қолданылу аясына байланысты жарнамалық құралдар дүкен ішіндегі (көрсеткіштер, бағалар, жадынама, тауарлар қыстырмасы, ауызша жарнама) және ішкі (газеттер мен журналдардағы хабарландырулар мен мақалалар, көше транспаранттары, дүкендегі маңдайшалар және .т.б).

Төртіншіден, адресатқа әсер ету сипаты бойынша жарнамалық құралдар жекеше (газеттегі қыстырма, каталогтардың кейбір түрлері, кітапша т.б.) және жалпы (хабарландыру, парақшалар, телефильмдер және т.б.) болуы мүмкін.

Бесіншіден, жарнамалық қызметтің қамту аясына байланысты: жергілікті жарнама (нақты сатылым орнынан бастап, жеке тұрғылықты елді-мекен аумағына дейін); аймақтық жарнама (елдің белгілі бір бөлігін қамтиды), жалпыұлттық жарнама (мемлекет масштабы көлемінде) және халықаралық жарнама болып бөлінеді.

Алтыншыдан, жарнаманың нысанына байланысты тауар (қызмет) жарнамасы және кәсіпорын жарнамасы деп бөлінеді. Тәжірибеде бір уақытта тауар, қызмет және тауар белгісі немесе фирма таңбасы жарнамаланады.

Жетіншіден, жарнама құралдарын жарнама компаниясы кезіндегі міндеттеріне байланысты сұранысты ынталандыратын жарнамалық құрал және тауарға немесе қызметке сұранысты құрайтын жарнамалық құрал деп бөлуге болады.

Бұл жүйелеу шартты түрде ғана. Сондықтан жарнамалық компаниясын жоспарлау кезінде жарнама құралдарын таңдағанда алға қойылған мақсаттарды басшылыққа алған жөн. Егер жарнама компаниясының міндеті фирманың, тауар немесе қызметтің оң сипатын, тұтынушы мен іскер әріптестері тарапынан тілектес қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталса, онда мұндай жарнаманың міндеті тұтынушыны тауар немесе қызмет түрімен, олардың сипаттарымен таныстыруға негізделеді. Жарнаманың мұндай түрі болашақтағы нәтижеге бағытталып, көпшіліктің санасында тауар немесе фирманың оң сипатын орнықтыруға мүмкіндік береді. Имиджді қалыптастыру үшін телевизия мен кинолардағы жарнамалық роликтер, мерзімді басылымдағы, көліктегі жарнамалар пайдаланылуы мүмкін.

Сегізіншіден, компания тұтынушыға белгілі бір тауар немесе қызмет түрі жөнінде мәліметті жеткізіп, дәл сол тауарды сатып алуға итермелесе немесе тауар айналымының көлемін көбейтуді көздесе, онда бұл міндеттер жұртшылықтың қызығушылығын туғызатын құралдар арқылы жүзеге асады.

Ынталандыру жарнамасы имидж-жарнаманың құрама бөлігі болып табылады. Ынталандыру жарнамасының тиімділігін қамтамасыз ететін жарнама құралы ретінде теле және радиожарнама, мерзімді басылымдардағы жарнама, тікелей пошта арқылы таратылатын жарнама және т.б. пайдаланылады.

Егер фирма жарнама құралдарының көмегімен тауарды өткізуде тұрақтылықты сақтауды мақсат етсе, онда бұл үшін әріптестерге фирманың жылдық қызметі туралы есепті тікелей пошта қызметі арқылы жіберу, көрме ұйымдастыру, тауар және фирма қызметі туралы баспасөзде мақала түріндегі жасырын жарнама қолданылады. Жарнаманы тарату түрін таңдағанда, жаңа ақпаратты қабылдау талаптарын да ескерген жөн.
15- дәріс

Тақырып: Жарнама мәтінінің графикасы
Мамандар жарнама мәтінінің графикалық безендірілуіне қатысты белгіленген заңдылықтарды былай анықтайды: макетті дайындау кезінде бүгілу орынды жасыратынын, безендіру мен мәтінді бұрмалайтынын ескерген жөн.

Мәтін міндетті түрде көрерменнің, оқырманның назарын аударуы қажет. Көз шұбалаңқы азат жолсыз жазылған, анық көрсетілмеген атаусыз мәтінді оқырмен бір-ақ қабылдай алмайды. Жарнама шрифті күнделікті баспа бетіндегі материалдардың шрифтінен кіші болмауы керек. Негізінен газет шрифті өте кіші. Оқырманға жарнаманы оқуды жеңілдету қажет. Бас әріптермен басылған мәтін, бір көлемдегі әріптермен жазылған мәтінге қарағанда тез қабылданады. Баса жазылған шрифт ауыр сөз, қомақты ойды, тауарға деген сенімділікті, ал нәзік жазулар, дәлділік пен нәзіктікті білдіреді. Шрифтің «сабақтастығын» сақтап, бірдей безендірулерді үш реттен артық қолданбаған жөн. Түрлі-түсті бояулармен жазылған мәтіндер тез қабылданады.

Жарнаманың көлемі де басты мәселе болып табылады. Кейбіреулердің көзқарасымен көрнекі әрі бүтіндей бет өте жақсы болып көрінуі мүмкін. Жарнаманың мақсаты - адамды сатып алуға немесе қызметті пайдалануға итермелеу. Жарнама қағаз бетінде міндетті түрдетүлі-түсті болуы шарт емес. Бар болғаны оқырманды қызықтырып, жарнама берушінің тілегін орындауға итермелейтіндей болуы қажет. Жарнаманың тиімділігі көлемінің кішілігіне қарамастан, мысалы жиегінің қуаты мен ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Көлденең жолақты әріптер ауырлықты білдіреді, қиғаш жолақтар қозғалысқа әкеледі. Рамкаға орнатылған мәтін рамкасыз мәтінге қарағанда көңіл аударады. Шаршы немесе шеңберге (тұрақты симметрия) орналасқан мәтін сенімділік шақырады. Эллипс шығармашылық ізденісті тұрақтандырады. Үш бұрыштың бір бұрышына рамкада орнатылған мәтін қозғалысты тұрақтандырады. Кертілген таңбалық шрифт жақсы оқылатын және оны тақырыпқа емес жақсысы жарнамалық мәтінге пайдаланған дұрыс. Нағыз жақсы оқылатын аралығы екі интервалдан алынған 10-12 шрифт.

Негізінен бағанда 40 белгіден артық қолданбаған жөн. Ұзақ қатарлы мәтінде келесі қатарды табу қиын. Сондай- ақ ол беттердің бүгілуін қиындатады, жарнамалық хабарламаның боз және ашық түсті элементтерін жоғары, қара және ауыр түсті бөлігін төменге орналастырған жөн. Егер жарнама бір беттен аз болса онда тік орналастырған жөн. Дизайнды дайындау кезінде пайдаланатын сызық түрлері:



  • қиғаш сызықтар - тартымды қозғалыс жасау үшін, жылдамдық пен қуат;

  • тік сызықтар - үстемдік, ұлылық пен күшқуат;

  • көлденең сызықтар – тыныштықты және байсалдылықты сенімділік және жайлылықты сезіну үшін;

  • оқырман үшін табиғи «Маршрут» көзқарасын белгілеу пайдалы. Мысалы безендіру тақырыбынан өтіп, тауардың ерекшелігіне немесе атауына, содан соң төмен жағына жарнама мәтінін және соңына логотип немесе тауар белгісін орналастыру қажет;

  • тиімді жарнама барлық бетті, жолақпен қоса «жиектеу» көрнекті болып есептеледі. Егер оны орындау қиын болса жарнаманың айналасына жіңішке рамка жасау керек, ол элементтердің өзара әрекетіне септігін тигізеді және жұмыстың аяқталғандығын білдіреді.

  • «жиектеу» жарнамасында мәтін беттің шетіне дейін жетпеуі керек: ол бүгілу мен «кесілуі» мүмкін. Мәтін мен ішкі жиек арасында 1см қалдыру керек. Логотипті ортаның төменгі немесе оң жақтың төменгі жағына орналастырған жөн. Ол көзге түсетіндей көлемді болуы керек

  • жарнама мәтінінде төмендегі жағдайлар болмағаны жөн:

  • тақырып бөлшектеніп немесе бас әріптермен жазылу;

  • кері шрифт;

  • курсив немесе шрифтің сәндік түрлері;

  • суреттің үстіне түскен мәтін немесе тақырып;

  • әріптер мен сөздердің өте алшақ арақашықтығы; бәрі жинақы болуы керек;

  • элементтердің қатаң орналасуы қабылдауды қиындатады, элементтердің өзара жеңіл асимметриясы;

  • мәтін пайдалануда сүйір кескін - оқуды төмендетеді, мәтіннің сол жағы тегіс болуы керек. Айтылған ұсыныстар мен талаптарды жүзеге асыру үшін, шрифтің көлемі мен басқа көркем элементтер және олардың ара қашықтығын білу керек. Анық көрсетілген жақсы оқылатын болуы шарт.




Қашықтықтан оқу

Ұсынылатын

шрифт көлемі



1 м................................

7 мм

3 м...............................

15 мм

5 м...............................

25 мм

10 м............................

40 мм

15 м..............................

70 мм


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет