ОӘК 042-33 105/03-2013 №1 басылым 03. 09. 2013



бет6/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,41 Mb.
#33929
1   2   3   4   5   6

15- дәріс

Тақырып: Жарнама агенттігі және оның рөлі

Жарнама агенттіктері дегеніміз - жарнамалық қызметтерді орындауға маманданған (жарнама зерттеулерін жүргізу, жарнамалық қызмет жоспарын жасау, жарнама компанияларынның жұмысын жүргізу және өткізу, сондай-ақ жарнамалық арналар даярлау, орнату және т.б.) тәуелсіз фирма. Жарнамалық агенттіктер бұл жұмысты өз тұтынушылары атынан және солардың қаржысымен жасайды.

Жеке жарнамалық қызметтері бар ірі жарнама беруші фирмалар жарнама агенттігіне жүгінеді. Ол төмендегідей себептерге байланысты:


  1. Жарнама агенттіктері күн сайын аудитория мүдделерін, өзіндік тәжірибелерін, компитенттілігін түсінуге көмектесетін маркетингтік жағдайларды кең спекторымен ұштастырады. Өз кезегінде бұл жарнаманың сапасын мен тиімділігін анықтайды;

  1. Агенттік тәуелсіз ұйым болып табылады, бұл жарнама берушінің проблемаларына «сырт көзбен қарауға», яғни әлдеқайда обьективті қарауға мүмкіндік береді;

  1. Жарнама агенттіктері бұқаралық ақпарат құралдарымен жақсы қарым-қатынаста болады, жарнаманы беру үшін уақыт пен орынды тұрақты және алдын ала сатып алады. Жарнама берушілердің жарнама агенттіктерімен істес болуы оларға өз мәселелерін жедел шешуге және қаражат пен уақытты үнемдеуге көмектеседі;

  2. Жарнама агенттіктеріне (әсіресе, жарнама қызметінің толық кешенімен толық қамтамасыз ететіндер) жарнамада жүйелік әдісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жарнаманың тиімділігін әлдеқайда жоғарылатады.

Жарнама агенттіктерін таңдау кезінде жарнама беруші оның қызметінің келесі аспектілеріне назар аударғаны жөн:

- агенттіктің құрылған уақыты, жұмыс тәжірибесі;

- ұсынылатын жарнамалық қызметтер тізімі;

- қажетті мамандар болуы;

- кәсіби мамандардың (орындалатын қызметтер, жарнамаланатын тауарлар, мақсатты аудитория типтері, т.б. бойынша) болуы;

- қызметтер төлемінің реті мен құны.

Агенттік ұсынатын қызметтер саны ұйымдағы жарнамалық қызметке қарағанда әлдеқайда жоғары және олардың түрлері әлдеқайда кең. Кең спекторлы қызметі бар жарнамалық агенттік әдетте жұмысқа жоғары шығармашылық қабілеті бар қызметкерлерді тартады. Халықаралық деңгейде жұмыс істейтіндерінің шетелдерде коммерциялық агенттіктері болады. Агенттіктер болашақ клиенттерге әр түрлі мамандар қызметін, соның ішінде мәтіншілер, суретшілер, продюсерлер, жарнама құрылымдары бойынша мамандар, әлеуметтанушылар, психологтар, ПР қызметкерлер т.б. ұсынады.

Жарнама агенттіктері жарнама берушілер тапсырмасы бойынша қызметтердің кең спекторын атқарады.

1. Жарнаманы жасауға байланысты (жарнама материалдарын, фирмалық стиль, брендтер жасау) шығармашылық және орындаушылық қызметтер атқарады.

2. Өндірістік базалармен (типография, студиялар), басқа жарнамалық және баспалық фирмалармен (соның ішінде шетелдік фирмалар) қарым-қатынас жасайды.

3. Жарнама таратушы құралдармен, оның ішінде БАҚ-пен қарым-қатынас орнатады.

4. Тапсырыс орындалуының барысы мен сапасына бақылау жасайды.

5. Қаржылық есептеулер жүргізеді.

6. Тауарлар, нарық, тұтынушыларды жарналық компанияны негіздеу және жарнамалық идеяларды жасауға қажетті көлемде зерттейді.

7. Жарнамалық түпнұсқаларды даярлап, оны БАҚ-та жариялайды.

8. Көрмелер, жәрмеңкелер сияқты жарнамалық іс-шаралар ұйымдастырады.

9. Жарнамалық-техникалық семинарлар және баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, оларды өткізеді.

10. Сыртқы жарнама құралдарының техникалық жұмыстарын жасап, оларды іске асырады.

11. Телерадиоға бейнежазбалар, бейнеклиптер түсіреді.

12. Сауда залдары және витриналар интерьерлерін жасайды.

Жарнамалық агенттіктер жарнама берушінің өкілі ретінде қызмет істейді және бұқаралық ақпараттар құралдарымен олардың атынан және олардың тапсырысы бойынша қарым-қатынас жасайды. Жарнамалық агенттік мекеме немесе фирмаға коммуникацияның әлдеқайда қолайлы құралын ұсына алады, жарнамалық хабарламаның баспа басылымдарында орнын, ол қанша рет шығуы керек екендігін көрсете алады және жарнама роликтерінің эфирге шығу жағдайы туралы келісім жасауға мүмкіндігі бар.

Жарнама агенттіктігінің қызмет түрлері

Жарнама агенттіктері әдетте үот ұсынылатын қызметтер көлемі бойынша және өздері маманданатын бизнес бағыты бойынша классификацияланады. Агенттік қызметтері, әмбебап және маманданған болып бөлінеді. Мамандану бағыты тұтынушы немесе өндірістік секторда тандалуы мүмкін.



Толық циклды қызметті агенттік (немесе әмбебап). Жарнамалық бизнесте толық секторлы қызметті агенттік - бұл клиентпен жұмыс, шығармашылық қызметтер, медиа жоспарлау және тапсырысты орындау үшін зерттеулер жасауды өз міндетіне алатын ұйым. Мұндай агенттіктің әдетте клиенттер мен жұмыс бойынша жеке қызметі, тапсырыстардың өтуін бақылау бөлімі, кең таралымды және баспа өнімдерін өңдеуге арналған бөлімшелері және кадрлар бөлімі болады.

Маманданған агенттіктер. Белгілі бір қызметтерде (мысалы, шығармашылық) немесе белгілі бір аудиторияда (ұлттық топтар, жастар) немесе салаларда (мысалы, денсаулық сақтау, компьютерлер, ауылшаруашылығы, т.б.) маманданады. Сондай-ақ маркетингтің әр түрлі салаларында (мысалы, тікелей маркетинг, өтімділікті ынталандыру, қоғаммен байланыс, қоғамдық және спорттық маркетинг, қаптама дизайны, корпоративті символика дизайны, т.б.) маманданған агенттіктер бар.

Қазіргі заманғы әмбебап агенттік клиенттерге ақпараттық және жарнамалық қызметтің барлық салаларында қызмет көрсетуге бағытталған. Оның қызметтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді - жарнамалық және жарнамалық емес. Жарнамалық қызметтерге мыналар кіреді: жарнама материалдарын жоспарлау, өндіру және жасап шығару, сондай-ақ зерттеулер жүргізу бойынша және бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау қызметтері. Жарнамалық емес қызметтерге қаттаудан бұқарамен байланыс (паблик рилейшнз) және жарнамалық бұйымдарды жасау, жылдық есептер, көрмелік үлгілер және коммерциялық персоналды оқыту бойынша материалдар даярлауға дейінгі қызметтер кіреді.

Жарнамалық бизнесте әмбебап агенттіктердің екі негізгі түрі болады, олар тұтынушылық жарнама агенттігі және өндірістік жарнама агенттігі.

Тұтынушылық жарнама агенттігі - бұл өз қызметін тұтынушылық жарнама, яғни ең бастысы тұтынушылар сатып алатын тауарларды, мысалы, сабын, жармалар, автомобильдер, үй жануарлары үшін жем шығаратын компаниялар бағдарламаларында шоғырландыратын агенттік. Тұтынушылық жарнама агенттіктерінде жасалатын жарнамалардың көп бөлігі БАҚ-та жарияланады. Олар агенттіктерге комиссиондық төлем төлейді. Нәтижесінде тұтынушылық жарнама агенттіктерінің өз кірістерінің үлкен бөлігі дәстүрлі түрде бұқаралық ақпарат құралдары төлейтін комиссиондық төлем түседі.

Өндірістік жарнама агенттіктері басқа мекемелермен жүзеге асыратын өнім шығаратын фирмалар мүддесін қорғайды. Мұндай тауарларға ЭЕМ-нің бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуі, локомотивтер және ақпараттық есептегіштер мысал бола алады. Іскерлік және өндірістік жарнама - жарнамалық қызметтің кең техникалық білімдерді дәл және көз жеткізерлік ақпараттық материалдарға айналдыру қабілеттілігін талап ететін маңызды саласы болып табылады.

Өндірістік жарнаманың көп бөлігі арнайы маманданған журналдарда және басқа да іскерлік басылымдарда жарық көреді. Мұндай ақпарат құралдары жарнама агенттіктеріне комиссиондық төлем төлейді, алайда олардың таралымы аз болғандықтан, жарнамалық орын үшін төлем көлемі жалпы ақпараттық құралдарға қарағанда әлдеқайда төмен болып келеді. Нәтижесінде комиссиондық төлем жарнама агенттігінің қызметінің құнын жабуға жетпей қалады. Көбінесе тұтынушылардан жасалған қызмет үшін қосымша төлем алынады.



Жарнама агенттігінің қызметкерлері

Жарнама агенттіктігінің мақсаты - жарнама берушінің өнімі мен қызметінің артықшылықтарын аудиторияға жеткізу. Жарнама қызметтерін атқаратын ірі жарнама агенттіктері әртүрлі мамандарды бөлімдерге біріктіру арқылы өз жұмысын жүргізеді. Бес негізгі функционалдық бөлімдерді атауға болады:

1. Шығармашылық немесе көркем өнер бөлім.

2. Тапсырыстарды орындау бөлім.

3. Өндірістік бөлім.

4. Маркетинг бөлім.

5. Қаржылық-шаруашылық бөлім.

Шығармашылық бөлім мәтіншілерді, суретшілерді, график-мамандар, режиссерлер, редакторлар және басқа шығармашылық жұмыс істейтін қызметкерлерді біріктіреді. Олар жарнаманың идеялық мазмұнын орайластырады. Жарнамада психологиялық факторлардың рөлі үлкен. Жарнаманың өнерге белгілі бір жақындығына байланысты бұл бөлімнің рөлі өте жоғары.

Агенттіктің көркем өнер бөлімі суретшілер мен дизайнерлерден тұрады. Олардың негізгі жұмысы жарнаманың компоновкасын өндіру, жарнама хабарламаларын әртүрлі элементтері қалай көрінетінін искиздеріне иллюстрация жасау болып табылады. Суретшілер теле роликтерді жасау тапсырмасын алған кезде олар сценарийді дайындайды. Ірі агенттіктердің жеке көркем бөлімдері болады. Басқалары келісімшарт бойынша жеке жұмыс істейтін тәуелсіз студиялар немесе штаттық емес суретші - дизайнерлердің ақылы қызметтерін ұсынады.

Жарнаманың түпнұсқасының макеті дайын болып, оны клиент бекіткеннен кейін ол өндірістік бөлімге келіп түседі. Бұл бөлім жарнама жасалуын барлық жағынан үйлестіреді, жұмыстың сапасы мен мерзімін бақылап, барлық жарнамалық материалға қойған шекті мерзімге дейін ақпараттық құралдарға берілуін қадағалайды. Мұнда агенттің баспа жарнамасын өндіру бойынша менеджерлер немесе эфирлік жарнаманың продюсерлері мен режесерлері жұмыс істейді.

Өндірістік бөлім баспа жарнамасы үшін шрифттер, фотосуреттер және аяқталған көркем материалдарға қажетті басқа құрамаларды сатып алады. Бөлім персоналы фотокеще, рең беру элементтері және басқа ақпарат құралдарына беруге қажетті материалдарды жасайтын мамандармен қарым-қатынаста болады.



Тапсырыстарды орындаушы бөлімі басшымен бірге жұмысшы топтардың жетекшілерін біріктіреді. Кейде жобаның жауапты орындаушысы немесе байланыстырушы деп атайтын жұмысшы топтары жетекшілері тапсырысты орындаудың барлық процестерінде орталық фигура болып табылады. Ол агенттіктерге тапсырыс берушінің мүдделерін таныстырады, агенттіктің тапсырыс берушімен өзара байланысының өкілі болып табылады. Жұмысшы топтың жетекшісі тапсырыстың басынан, жүзеге асуына дейінгі жұмыстарының орындалуын, барлық процестерді агенттік ішінде үйлестіреді.

Маркетинг бөлімі қызметкерлері маркетингтік зерттеулерді жүзеге асырады, жарнамаланатын тауарлар нарығы жеке жарнамалық қызметтер нарығының талдауын жүргізеді, фирма - клиент және оның тауарлары жайлы ақпарат жинауды ұйымдастырады. Жарнама компанияларының тиімділігін бақылайды. Кейбір жағдайларда бөлім қызметтеріне жарнама орналастыру үшін орын мен эфирлік уақытты сатып алу да кіреді.

Өзіндік жарнамалық қызметтерді іске асырудан басқа жарнамалық агенттік өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін тиімді жүргізуі, оның деңгейіне сәйкес келетін материалдық-техникалық жабдықталуы қажет. Бұл мәселелерді шешумен қаржылық-шаруашылық бөлім айналысады.

Шетелдерде (соңғы жылдары Ресейде де) жарнамалық агенттік персоналы әдетте көптеген мамандардың басын біріктіреді. Олар:


  • негізгі клиенттермен жұмыс жүргізу бойынша тағайындалған директор (account direktor)

  • клиенттермен жұмыс жүргізуші менеджер (account executive)

  • маркетинг бойынша менеджер (marketing manager)

  • суретші-безендіруші (layout artist)

  • медиабайер (media buyer)

  • жарнамалық мәтіндер авторы, компирайтер (copywriter)

  • арт-директор (art director)

  • визуализатор (visualiser)

  • баспа бойынша маман

  • телепродюссер

  • өндіріс бойынша менеджер (production manager). Жарнама агенттіктерінің халық шаруашылығындағы орны мен экономикадағы рөлі оның мамандануымен анықталады. Ол сауда мен өндіріс арасындағы маманданған үйлестіруші рөлін атқарады.

Жарнама агенттігіне жүгіну арқылы жарнама беруші өз бұйымдары немесе қызметтерін жүзеге асыруға мүмкін боларлық максималдық пайда табуды мақсат тұтады. Жарнама агенттігін таңдау арқылы жарнама беруші нарықта орын алатын проблемелардың болмауын, жарнамалық қызметтің тиімділігін арттыруды, оптимизациялау бойынша негізделген ұсыныстарды, жаңа шығармашылық идеялардың жүзеге асуын қадағалайды.

Қазіргі жағдайда болашағы бар тапсырыс берушіні өзіне қарату үшін жарнама агенттігі жарнама қызметінің өнімін жорспарлап, жасап және іске асыратын техникалық, шығармашылық және концептуалдық ортаға бейімдеп, жарнама компанияларына бақылаушылық рөл атқаруы да мүмкін.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

1 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Жарнама сценариін ойлап табу

Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop

Тапсырма:

Осы тапсырманы жасау үшін (кішіметражды ролик немесе теледидар бағдарлама) тақырыпты таңдап соған байланысты сценарийді жасау керек


  1. Сценарий жазу

2 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Батыс Еуропадағы ортағасырлық жарнамамен танысу.

Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop

Тапсырма:

Тандаған тақырыпқа сценарий бойынша кейіпкерді іздеу


  1. Кейіпкерлерді іздеу

3 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Кеңестік кезеңдегі жарнамамен танысу

Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop

Тапсырма:

Кейіпкерлердін образын ойлап табу
4 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Жарнаманың зерттеулерді өткізу

Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop

Тапсырма:



Студенттер арасындағы анкета арқылы зерттеулерді өткізу.

1. Тұтынушылар жарнаманың қай түрін көбінесе есте сақтайды.


5 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Жарнаманың мақсатын және жоспарын жазу

Керекті материалдар: MS Word, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop

Тапсырма:



Жарнама кішіметражды роликтін немесе теледидар бағдарламасының мақсатын және жоспарын жазу.
6 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Сыртқы жарнаманы жасау

Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:



Өз тақырыпқа байланысты қаланың ең үлкен көшелерінде сыртқы жарнаманы жасап орналастыру

  1. Сыртқы жарнама жасау

7 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны жасау технологиясы

Керекті материалдар: Flash

Тапсырма:

1. Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны жасау технологиясы


8 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Жарнама мәтін графикасы

Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop

Тапсырма:

1. Кішіметражды немесе теледидар бағдарламасын жасаған кезде жарнама мәтінін жүргізу

9 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Жарнаманы безендіру технологиясы

Керекті материалдар: түсті қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма;

Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсірген кезде бағдарлама туралы слоганды қосу, спонсорлар туралы айтып кету

10 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Баспасөзге жарнаманы орналастыру

Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Баспасөз жарнамасын жасау


11 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Радиодағы жарнаманы жасау

Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:



Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны радио толқын арқылы жеткізу
12 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсіру

Керекті материалдар: бейне камера, шам, маталар, студия

Тапсырма:

1. Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсіру
13 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Маркетинг жоспарын құру

Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Кішіметражды немесе теледидар бағдарламанының маркетинг жоспарын құру
14 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсіру кезіндегі жарнама шағындарын санау

Керекті материалдар: калькулятор, дәптер

Тапсырма:



Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсіру кезіндегі жарнама шағындарын санау
15 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Жарнама агенттік және оның ролі

Керекті материалдар: дәптер

Тапсырма:

1. Жарнама агенттік және оның ролі
4 КУРСТЫҚ ЖОБА

1. Жиһаз дүкенінің веб-сайттын жобалау

2. Ағылшын тілін оқытатын мектептің веб-сайттының дизайнның жобалау

3. Hand May веб-сайттының дизайнның жобалау


5 СТУДЕНТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

    1. 1 кесте Өздік жұмыстарды орындауға тапсырма



СӨЖ

Сағат саны

СОӨЖ

Сағат саны

1

Жарнама дегеніміз не?

1,5

Хабарландыру, құлақтандыру, сақтандыру

1,5

2

Батыс Еуропадағы ортағасырлық жарнама

1,5

ХІХ ғ. Ресейдегі жарнама

1,5

3

1917 ж. жарнама

1,5

Кеңестік кезеңдегі жарнама

1,5

4

Жарнаманың зерттелуі

1,5

Жарнама күрделі ақпарат

1,5

5

Жарнаманың негізгі мақсаты

1,5

Жарнаманың функциясы

1,5

6

Жарнаманың түсрлері

1,5

Рационалды жарнама, Эмоционалды жарнама

1,5

7

Кері байланыссыз жарнама технологиясы

1,5

Жарнама технологиясы

1,5

8

Жарнама мәтінінің графикасы

1,5

Мәтін міндетті

1,5

9

Жарнама безендіру технологиясы

1,5

Жарнама мәтінінің тақырыбы және ұрандар

1,5

10

Баспасөздегі жарнама

1,5

Газет пен журналдағы жарнама

1,5

11

Музыкалық қойылым

1,5

Радиодағы жарнама

1,5

12

Теледидардағы жарнама

1,5

Анимация

1,5

13

Маркетингтік коммуникация

1,5

Маркетингтік коммуникацияның мынадай түрлері

1,5

14

Паблик релейшнз маманының қызметтері

1,5

Баспасөз-хабарламасы (пресс-релиз)

1,5

15

Жарнама агенттіктері

1,5

Жарнама агенттіктердін ролі

1,5



    1. Өзін тексеруге арналған сұрақтар

  1. 1. Жарнама дегеніміз не?

  2. Ақылы жарнама

  3. Жанама жарнама

  4. Жарнама функциясы

  5. Жарнаманың түрлері

  6. Жарнама хабарламаларды көрсету тәсілі бойынша нешеге бөлінеді?

  7. Рационалды (заттық) жарнама

  8. Эмоционалды (ассоциативті) жарнама

  9. «Қатты» жарнама

  10. «Жұмсақ» жарнама

  11. Жарнама негізгі мақсаты мен мәні

  12. Имидж (бейне) жарнама

  13. Жігерлендіретін жарнама

  14. Тұрақты жарнама

  15. Фирма ішіндегі жарнама

  16. Өнім өткізуді көбейту мақсатындағы жарнама

  17. Жадыда сақталатын жарнама

  18. Салыстырмалы жарнама

  19. Есте қалатын жарнама

  20. Бекітетін немесе үстеме жарнама

  21. Превентивті жарнама

  22. Жарнаманы жасау технологиясы

  23. Жарнама агенттіктер

  24. Жарнаманы безендіру

  25. Слоган

  26. Газеттегі жарнама

  27. Баспасөздегі жарнаманың қандай кемшіліктері бар?

  28. Жарнаманы жоспарлау үрдісі қандай кезеңдерден тұрады?

  29. Жарнама мақсаты

  30. Баспа жарнамасы

  31. Радиожарнама

  32. Тележарнама

  33. Аудивизуалды жарнама

  34. Сыртқы жарнама

  35. Көлікті жарнама

  36. Жарнама сувенирлері

  37. Жарнаманы тиімді бағалаудың коммуникативтік әдісінің түрлері

  38. Тауарларды сату процесі қандай кезеңдерден тұрады?

  39. Жарнама компания және оның мақсаты

  40. Жарнама агенттігі және оның рөлі

  41. Жеке жарнамалық қызметтері

  42. Фирмалық стиль

  43. Визуалды-коммуникациялар

  44. «Ашық формалы» принципі

  45. Жүйелі жобалаудың теориясы

  46. Дизайн – бағдарламалар әдісі

  47. Көркем – конструкторлық шешім

  48. Өнеркәсіптік үлгідегі мәндік белгілер

  49. Жалғыз өнеркәсіп үлгілер

  50. Көп объектілі өнеркәсіптік үлгілер

  51. Плакаттың мақсаты

  52. Плакат дегеніміз не?

  53. Плакат түрлері

  54. Плакаттың жалпы композициясы

  55. Шрифттік композиция

  56. Фон элементтері

  57. Шрифт түрлері

  58. Түс ерекшеліктері

  59. Колористика

  60. Кітапша

  61. Үндеухат

  62. Көрме

  63. Жәрмеңке

  64. Визитка

  65. Бланк

  66. Графикалық дизайнның ерекшеліктері

  67. Маркетингтік коммуникация

  68. Маркетингтік коммуникацияның қандай тұрлері бар?

  69. Жарнама аудиторияға қандай екі тәсілмен беріледі?

  70. Жарнама құралдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет