Топтастық кесте бір стастистикалық бастауышы және бір бірімен байланысы жоқ бірнеше белгілер стастикалық баяндауыштың құрамында болады.
Салыстырмалы шамаларды қолдануда қандай қателіктер кездеседі?
Өлшеу нәтижесінің дәлдігі – өлшеу нәтижесінің қателігінің 0-ге жақындығын білдіретін өлшеу сапасының мінездесмесінің бірі. Өлшеу қателігі қаншалықты төмен болса дәлдігі соншалықты жоғары болады. Өлшеу қателігі - ∆х өлшенетін шаманың х өлшем нәтижесінің хі нақты (шын) мәнінен ауытқуы: ∆х=х-х_(і(d)) Физикалық шаманың шын мәні – объект қасиетін сандық және сапалық тұрғыдан идялды, яғни табиғи түрінде сипаттайды. Ол біздің танымымыздан тәуелсіз абсолютті шындық болып табылады. Ол тек өлшеу әдістерін шексіз жетілдіру мен шексіз өлшеу нәтижесінің арқасында ғана алынуы мүмкін. Физикалық шаманың нақты мәні – эксперименттен өлшеу арқылы табылады, шын мәнге өте жақын болғандықтан нақты мән ретінде қолдануға болады. Өлшеу қателігі – мына белгілер қатары бойынша жіктеледі: а) сандық мәні бойынша; б) байқалу заңдылығы бойынша; с) пайда болу себебіне байланысты; Сандық мәні бойынша өлшеу қателігі болады. Абсолюттік қателік – өлшенетін шаманың нақты мәнінен өзгешелігін білдіреді. ∆х=х-х_d (2.2) Салытырмалы қателік – абсолютті қателіктің өлшенетін шаманың нақты мәніне қатынасымен анықталады. Салыстырмалы қателік салыстырмалы бірлік немесе процент арқылы беріледі. δ= ∆х/х немесе δ= ∆х/х*100% (2.3) Өлшеу қателігі байқалу заңдылығы бойынша – жүйелік, кездейсоқ және дөрекі қателіктер болып анықталады. Жүйелі қателік (∆с) – бұл бір шаманы бірнеше рет өлшегенде тұрақты немесе белгілі бір заң бойынша өзгеретін қателік. Кездейсоқ қателік – бір шаманы бірнеше рет өлшегенде кездесетін кездейсоқ түрде өзгеретін қателіктер. Дөрекі қателік немесе ауытқулар берілген өлшем жағдайларындағы күткен жүйелік немесе кездейсоқ қателіктерде өте жоғары болатын қателіктер. Пайда болу себебіне байланысты өлшеу қателіктері былай жіктеледі: Тәсілдің қателігі – бұл өлшеу әдісінің жетілмегендігінің, есептеу формаларының дөрекілігінің нәтижесін жұмырлаудың салдарынан пайда болатын қателік. Инструменталды қателіктер – себептері қолданатын өлшем құралдарының қасиеттерінде болып табылатын қателіктер. Субъективті жүйелік қателіктер – адам ағзасының ерекшеліктеріне негізделетін адамның жеке қасиеттері келтіретін қателіктер «Шынайылық» түсінігінің анықтамасы.
Іріктемелі жиынтықтың шынайылығын іріктеудің арнайы әдістерімен қол жеткізіледі,онда бас жиынтық үшін ескерілетін барлық белгілердің өкілеттілігін білдіреді және статистикалық жиынтықтың төртінші қасиетіне жатады. Корреляциялық коэффициент нақтылығын бағалау. F-квадраттау Пирсон әдісіндегі коррециялық коэффициент
• P-дәрежелеу Спирмен әдісіндегі корреляциялық коэффициент • x пен y –арасындағы байланысты анықтайтын коэффициент • n-бақылау саны • t- сенімділік коэффициенті • (қатесіз болжамдау мүмкіндігінің дәрежесі)P>99%
Зерттеу қорытындысының шынайылығын бағалау дегеніміз –таңдамалы жиынтықты зерттеу барысында алынған қорытындының басты жиынтықтық қасиеттерін толық қамтиды деген қатесіз болжам жасау мүмкіндігін анықтау.