АИТВ-инфекциясының алдын-алу мен күресу үшін қандай мекеме бар? Оның міндеттері қандай?
АИТВ инфекциясының бар болуын медициналық зерттеп-қарау ережесі 1. Жалпы ережелер
2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) клиникалық көрсеткіштері бойынша зерттеп-қарау – АИТВ инфекциясы туралы алынған ақпарат негізінде клиникалық көрсеткіштері бар адамдарды зерттеп-қарау;
2) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеп-қарау – халықтың жекелеген топтары арасында және әрбір АИТВ инфекциясы жағдайына эпидемиологиялық зерттеп-қарау өткізу кезінде (жұқтыру қаупі факторларын, берілу жолдарын анықтау және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар өткізу үшін) белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға негізделген АИТВ инфекциясы туралы алынған ақпарат негізінде адамдарды зерттеп-қарау.
3. АИТВ инфекциясының бар болуына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша медициналық зерттеп-қарау мақсаттары:
1) АИТВ инфекциясының диагнозын қою;
2) АИТВ инфекциясының берілуінің тік және басқа да ықтимал жолдарының профилактикасы;
3) трансплантация және жасушалық технологиялардың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) эпидемиологиялық мониторинг өткізу: эпидемияны болжау үшін халықтың жекелеген топтары арасында АИТВ инфекциясының таралу деңгейін бағалау, профилактикалық іс-шараларды әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау болып табылады.
4. АИТВ антиденелеріне зерттеп-қарауды ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтардың (бұдан әрі – ЖҚТБ орталықтары) зертханалары өткізеді.
5. Донорлардың қанын, оның компоненттерін, ағзаларын (ағза бөліктерін), тіндерін, жыныстық және феталдық дің жасушаларын АИТВ инфекциясының антиденелеріне зерттеп-қарауды аумақтық және Республикалық қан орталықтары осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес алгоритмдер бойынша жүргізеді.
6. Қан, оның компоненттері, ағзалар (ағза бөліктерін), тіндер, жыныстық және феталдық дің жасушалары реципиенттерін және басқа да биологиялық материалдарды АИТВ инфекциясының антиденелеріне зерттеп-қарауды аумақтық ЖҚТБ орталықтарының зертханалары өткізеді.
7. АИТВ инфекциясының бар болуы туралы соңғы нәтижені, оның ішінде кез келген биологиялық материалдың донорлары мен реципиенттеріне ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық осы ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес алгоритм бойынша береді.