Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы қолданбалы курс Бағдарлама 11 сынып Жартытөбе ауылы



Дата13.02.2020
өлшемі106,5 Kb.
#57985
Байланысты:
Абайтану курсы

Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі

Қоғамдық-гуманитарлық

бағытындағы қолданбалы курс

Бағдарлама

11 сынып

Жартытөбе ауылы

2019 жыл

Келісемін: Бекітемін:

Созақ ауданы әкімдігінің «Кемелұлы атындағы жалпы орта

білім бөлімінің әдістемелік мектебі» коммуналдық мемлекеттік

кабинет меңгерушісі мекемесінің директоры

Б.Сүйгенбаев И.Омарбеков


11 сыныптарға арналған

қоғамдық-гуманитарлық

бағытындағы қолданбалы курс


Абайтану

Пән мұғалімі: Рыстыбаева Гүлмария

Жартытөбе

2019 жыл


Түсінік хат
      1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.

      2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

     3.Бағдарламада:
      Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

     ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

      Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

      Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.


      4. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:     қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін, шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын, Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін, Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған  идеялық-көркемдік ықпалын, Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

      курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.



Курсты оқытудың мақсаты:

      1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.


Курсты оқытудың міндеттері:

      1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

      2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

      3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;

      4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

      5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

      6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

      7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;


Курсты ұйымдастыру формасы: лекция,семинар,конференция, дебат, ойталқы,кіріктірілген сабақ,саяхат сабақ,қойылым сабақ.
Курсты оқытуды аяқтау формасы: берілген шығармашылық тақырыптар бойынша жоба дайындату, мәнжазба, тезис, шығармаға рецензия жазғызу,баяндама,ой толғау.


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

11-сыныптардың соңында оқушылар:

      1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;

      2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;

      3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;

      4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;

      5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;

      6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;

      7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:

      8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;

      9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;

      10) абайтану бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;


      11) абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;
      12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі;

      13) Абай атымен байланысты ғылым және өнер ордаларымен шығармашылық қарым-қатынасқа түсе білуді меңгерулері тиіс.

      38. Оқушылардың «Абайтану» курсы таңдау пәні бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:

      1) Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білуі;

      2) өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындай алуы;

      3) философиялық тұрғыдан жазылған қарасөздерінің тақырыптарын, ондағы авторлық ұстанымдарды және маңызын көрсете білуі;

      4) ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білуі;

      5) Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі тиіс.




«Абайтану» тандау пәні бағдарламасы 11 сынып. Аптасына 2 сағат.



Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны


Мерзімі

Сабақтың мақсаты

Сабақтың түрі,

әдісі


Қосымша материал дар

1

Кіріспе. "Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла"

2




Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі туралы мағлұмат беру

Танымдық, әңгімелесу







« Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі » тарауы - 14 сағат

2

Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар

6




Ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білу
Абайдың гуманист болғандығын, ізгілік, әділет сияқты қасиеттерді қастерлегенін білу

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

«Қазақ әдебиетінің тарихы»

3

Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері.

8




Сипаттау, салыстыру

Абайдың шығармалар жинағы




« Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы » тарауы-16 сағат

4

«Талапты ерге нұр жауар» өлеңі

2




Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі

Жаңа тақырыпты меңгерту




5

Отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату.

5







Абай өлеңдері

6

"Еңбек етсең ерінбей» өлеңі



1




Ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін таныту




«Евгений Онегин», «Татьянаның хаты»

7

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

1




Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білу

Салыстыру, талдау




8

Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы.

6




ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білу




Абайдың шығармалар жинағы

9

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

1




Аралас сабақ







« Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауы - 12 сағат

10

««Желсіз түнде жарық ай» » өлеңі

1







Жаңа тақырыпты меңгерту

Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері»

11

"Қараша, желтоқсанмен сол бір- екі ай» өлеңі

1




Ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білу



Поэзия сағаты

Әдебиет

12

«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі

1




Аралас сабақ

Абайдың шығармалар жинағы

13

Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам

6




Даналық ойлар туралы қарасөздерінің тәрбиелік мәнін білу







14

Отыз жетінші қарасөзі

1




Білімді тексеру сабағы

З.Қабдолов

«Сөз өнері»



15

«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі

1




Ақынның афоризмге айналып кеткен сөздерін ажырату







16

«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі

1




Ақынның сөз қолдану ерекшеліктерін таныту

Салыстыру, талдау

Абай қарасөздері

17

Практикалық сабақ

1
















« Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауы - 9 сағат

18

  Абайдың билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртуі.

4




Абайдың қазақтың сөз өнерін тың ой оралымдарымен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы көшбасшылық рөлін білуі

Шығармашылық жұмыс




19

«Би екеу болса, дау төртеу болады

1










20

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі

1




Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыру

Жаңа тақырыпты меңгерту

Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі

21

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі

1




Ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білу









22

«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңі

1




Баяндау, ой түйіндеу

Абайдың шығармалар жинағы

23

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі

1




Өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындау

Талдау, сипаттау

М.Әуезов «Абай жолы» романы

І кітабы





Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын оқытуға - 4 сағат

24

«Улы сия, ащы тіл» өлеңі

1




Ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білу




«Адамзаттың Абайы» шығарма жазу

25

«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі

1




Қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері

Жаңа тақырыпты меңгерту

Ақынның шығармалар жинағы

26

«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі

1




Ақын шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі







27

«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

1




Жаңа тақырыпты меңгерту

Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б.

Абай аудармалары - 2 сағат

28

Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр»

1




Ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар туралы






29

«Өзіңе сенбе, жас ойшыл

1










Поэмалары - 9 сағат

30

«Масғұт» поэмасы

1




поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін білуі

Жаңа тақырыпты меңгерту




31

Поэманың тәрбиелік мәні

3




Ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары

32

Әзім әңгімесі» дастаны

1







33

Практикалық сабақ

2







Қайталау-жүйелеу сабағы




34

Қорытынды сабақ

2















Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Оқушы үшін:

      1) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;


      2) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;
      3) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;
      4) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

5)Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;


      6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;
      7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

Мұғалім үшін:

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;


2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;
4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;
5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
6) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;
7) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;
8) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;
9) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;
10) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат»1997ж;
11) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет