Ұсынылатын əдебиеттер:
1.
Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2010 ж.
2.
Əбілдаев Қ, Мелдебеков Ə. Саясаттану. А.,2002 ж.
3.
Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997 ж.
4.
Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000 ж.
5.
Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007
6.
Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.
7.
Д.Назарбаева. Саяси жүйелер: қалыптасуы, дамуы, демократиялануы. А.,1997ж
8.
Громыю А.Л. Политическое режимы. М., 1994.
9.
Бжезинский З. Великая шахматная доска. М.,1998г.
10.
Бижанов А.Х. Республика Казахстан: Демократическая модернизация общества
переходного периода. Алматы. Онер,1997.
7- тақырып. Мемлекет жəне азаматтық қоғам.
Дəріс мақсаты:
1.
Мемлекет қоғамдық ұйымның түрі ретінде, белгілері мен формалары.
2.
Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам.
3.
Мемлекет – саяси жүйенің негізі институты.
Негізгі ұғымдар:
Адам құқықтары, азаматтық қоғам, анархизм, анархия, ассамблея, əлеуметтік
саясат, геосаясат, декларация, дискриминация, егемендік, жалпы азаматтық
құндылықтар, жекешелендіру, импичмент, инауграция, инновация, интеграция,
коалация, консерватизм, конституция, конфедерация, коррупция, күш қолданбау
саясаты, құқықтық мемлекет, либерализм, маргиналдар, мəміле, мəртебе, мемлекет,
мемлекеттік билік, муниципалитет, өркениеттілік, пакт, президент, президенттік билік,
резиденция, республика, реформа, унитарлық мемлекет, хартия, шовинизм.
Дəріс мазмұны:
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен
əлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сəйкес
келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттын
жиынтығын білдіріп, "үкімет", "əкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Мемлекет -
саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу
органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға
тиіс жəне соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы
реттейтін қоғамдық механизм.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда
дүниеге келді. Оның пайда болуы жəне мəні жөнінде əр түрлі көзқарастар бар. Солардың
ішінде ең кең тарағандары мыналар: 1. Теологиялық теория. 2. Патриархтық теория. 3.
Қоғамдық келісім теориясы. 4. "Зорлық жасау" теориясы. 5. Географиялық теория. 6.
Психологиялық теория. 7. Марксистік теория. 8. күштеу теориясы.
Мемлекеттің пайда болуының негізгі концепциялары: теологиялық белгілері:
жария билік, егемендік, жалпылық, территория тұрғындары, мемлекеттік аппарат, салық
жинау құқығы. Мемлекет функциясының классификациясы. Əр түрлі елдердегі жүзеге
асырудың ерекшеліктері. Либерализм, плюрализм, марксизм, анархизмдік қоғамдағы
мемлекет рөлі туралы. Мемлекеттік басқару органдары. Қазіргі заманғы мемлекеттің
негізгі функциялары. Саяси институттарға ұйымдар, мекемелер, мемлекет, саяси
партиялар, кəсіподақтар, кооперативтік, жастар əйелдер т.с.с. ұйымдар мен бірлестіктер
жатады. Бұл ұйымдардың бəрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кəсіби, жас
мөлшеріне қарай жəне т.б. пайда болатын көптеген əлеуметтік мақсат- мүдделерді
білдіріп қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда
белгілі бір тəртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалык-əлеуметтік құрлымын
қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты еріксіз көндіретін күштер, зорлау
органдары (əскер, сот, полиция, милиция жəне т.б.) болады. Солардың көмегімен ол
адамдардың жүріс – тұрыс іс -əрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі жəне
сыртқы саясатын атқара алады.
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас
бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен
байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған
дейді.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын əлеуметтік
экономикалық жəне мəдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол
жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық
қоғам материалдық мəдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның
алдында бəрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін
мемлекеттік
құрылысты
айтады.
Заң
үстемдігінің
мызғымастығы
елдің
Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады.
Достарыңызбен бөлісу: |