Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет11/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ
english exam 111, english exam 111, 5 сынып қмж, ?бт есептерін шы?ару жолдары, Жұмағазы Нұрдулат бух.учет, Логистика СРС, Дәрістер жалпы тех, Можге жауапты издеу
А.Шопенгауэр 
«бостандық» туралы 
былай дейді: «Дəл қарастырғанда бұл ұғым теріс тұрғыда көрініс береді. Біз оны тек
ешқандай бөгет пен кедергінің жоқ екендігі деп түсінеміз. Күш тудырушы ретінде 
осынау соңғысы оң тұрғыдағы ұғым деп саналуға тиіс. Осынау кедергілердің ықтимал 
қасиеттеріне сəйкес бостандық ұғымының əбден əрқилы үш түрі бар: олар – физикалық, 
интеллектуалдық жəне инсанияттық бостандық». 
Бостандықтың артықшылығы адамдардың сол бостандықтың өзін орынсыз 
пайдалануға алып келді. 
Бұл жерде бостандықтың да шегі болуы керек деп тұр. 
Еркіндік пен бостандық егіз ұғым десек болады. Дегенмен, жеке адам бостандығы 
оның мемлекетпен қарым-қатынасына байланысты. Мемлекет құқықтық нормалар 
арқылы адамның өзі қалауына сай іс-əрекеттерінің шегін айқындайды. Сонымен қатар 
мемлекет жеке адамның осы бостандығына біреулердің шектейтін əрекеттерінен 
қорғауы тиіс. 
Саясатты өнер деп қарастыру керек. Өйткені, саясаттың субъектісі адам. 
Сондықтан саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы əрі қуаттылығы көп 
жағдайда саясаткердің, ел басшысының, сайып келгенде, жеке адамның қабілетіне, ішкі 
мəдениетіне, білімдарлығына, тапқырлығына, творчестволық іскерлігіне байланысты. 
Демек, саясаттың дұрыс жүруі саясаткердің қоғамдағы бар табиғи-əлеуметтік 
мүмкіндіктерді пайдалана білуімен, теориялық негіздер мен принциптерді қолдана 
алуымен, саяси шешімдерді қабылдауда творчестволық батылдық көрсетеалуымен жəне 
оны қоғамның келешегін болжай алатын логикалық көрегендіктермен байланыстыра 
білуіне тəуелді. Саясаттың өнер болуы ең алдымен саясаткердің халықпен жұмыс істей 
білуінде жəне оның саясат объектісі мен субъектісінің біртұтастығын тани білу жəне
мойындай білу қасиетімен байланысты. Саясаткердің мұндай қабілеттері оның ішкі 
рухани дүниесіне сай болып келетін ерекше жеке қасиеттеріне де тəуелді. Мəселен, 


адамгершілігі, халық пен ар намыс алдындағы жауапкершілігімен, психологиялық 
құрылымымен, мінезіндегі салмақтылық, тұрақтылық табандылықпен, халықтың 
пікірімен санаса білу жəне олардың көңіл-күйін білу мүмкіндіктерімен де байланысты. 
Саяси басшылардаң іскерлегі оның қалың бұқараны саяси өмірге қатыстыра білуінен, 
қоғам дамуының тарихи кезеңіне, халықтың саяси мəдениет деңгейіне сəйкес келетін
саясаттың түрлерін жəне оны іске асыру құралдары мен əдістерін, тəсілдерін тандап алу 
қабілетінен көрінеді. Мəселен, қазіргі саясат келер елдегі экономикалық, əлеуметтік, 
мəдени-рухани, ғылыми- техникалық, финанс, инвенстициялық, кадр саясаттарында 
Республиканың табиғи жəне əлеуметтік ресурстарының ерекшелітері, ондағы 
эколгиялық, демографиялық, мəдени, ұлттық факторлар толық ескерілуде ме деген 
мəселе тұрады. Республикадағы кейбір саяси партиялар көтеріп отырғандай саясатта
ұлттық сана, психология, өмір салттың, салт-дəстүрдің, біздегі қалыптасқан ерекше 
сипаты көп тұстарда ескерілмей жатыр деп айтуға болады. Елдің өзіндік ерекшеліктерін 
түсіне білу саяси басшының даралығына, даналығына, ерен қабілеттеріне байланысты 
құбылыс. Саясатты өнер деп мойындамау əртүрлі жағымсыз: субъективизм, 
валюнтаризм, трайбализм т.б. сияқты салдары туғызатыны белгілі. Сондықтан саясат 
өнер ретінде көпжақтылы, көпмəнді өте күрделі процесс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет