Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ
english exam 111, english exam 111, 5 сынып қмж, ?бт есептерін шы?ару жолдары, Жұмағазы Нұрдулат бух.учет, Логистика СРС, Дәрістер жалпы тех, Можге жауапты издеу
Туллий Цицерон (б.з.б. 
106-43) 
өмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Зандар туралы", "Міндеттер туралы" 
деген еңбектері көпке əйгілі. 
Цицерон мемлекеттің пайда болуының иегізгі себебі-адамдардың бірінші өмір 
сүруге тырысатын табиғи талабының жəне меншікті қорғау мақсатынан туындайды 
дейді. Коғамга жəне жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын
бұзушылықты əділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді. 
Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны баскарушының "мінезі мен еркіне'' 
байланысты болады деп түсіндірді. 
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда 
əлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті əділеттілік деп санады. 
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс 
Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дəуірде 
рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының 
өзегі, біртұтас христиан мəдениетінің негізі болды. 


Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, 
папалықтың жəне ақсүйек феодалдардың арасында коғамдағы басқарушы рөл үшін 
киян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме əлде аксүйектер болуы 
керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мəселелерінің бірі болды. 
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген 
Аврелий Августин (354—430) 
еді. 
Ол христиан фəлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси 
көзқарастары "Құдай каласы" туралы деген еңбегінде баяндалган. 
Қайта өрлеу дəуірінің дүниені түсінуінде адам тағдыры, оның шыққан тегі, атағы, 
конфессионалды статусы арқылы алдын ала болжанбай, ол адамның қажырлығы
белсенділігі, игілікті істері істері арқылы анықталуға тиіс. Тендік пен əділеттік 
принциптеріне сүйенеді. 
Дүниені қайта өрлеу тұрғысынан түсіндірудің шеңберінде қоғамдық келісімнің
ескі концепциясы жаңартылды. Оның негізінде мемлекетттің пайда болу себептері мен
мемлекеттік биліктің легитимділігі түсіндіріледі. 
Қайта өрлеу дəуірінің ойшылының бірі-итальяндық Николо Макиавелли (1469- 
1527). Макиавелли саяси ой тарихында өзінің Патша (1513), «Флоренцияның тарихы» 
(1532) т.б. еңбектерімен танымал. Макиавеллидің саяси іліміндегі негізгі өзекті мəселе- 
өкіметтің өз қоластындағы азаматтарын игере алу қабілетінің болуы. 
Қайта өрлеу дəуірінің гуманист-рационалисі, утопиялық социализмнің негізін 
салушылардың бірі-ағылшын ойшылы Томас Мор (1478-1535) болды, Мордың басты 
шығармасы- Утопия (1516), бұл еңбекте ойдан шығарған Утопия аралындағы əңгіме 
етеді. Қайта өрлеу дəуіріндегі саяси ойшылдардың бірі-француз ғалымы Жан Боден 
(1530-1596). Ол негізінен феодалдық мемлекеттегі орталықтандырылған биліктің 
ыдырауына жəне сол кездегі діни фанатизмге қарсы шығады. Мұндай көзқарасқа не 
себеп болды дейтін болсақ, XVI ғасырдың аяқ шенінде Франция діни ағымдар 
арасындағы күрестердің ордасына айналды десе болды. Өйткені католиктер мен 
протестанттар арасындағы жиі-жиі қақтағыстар болып отырды. Осыдан мемлекеттің 
тағдырына үлкен қауіп төнді. Осы тұста елдегі бейбітшілікті сақтау негізі мəселеге 
айналды. Қоғамдық санада бейбітшілік – басты құндылық статусына ие болды. Ал 
бейбітшілікті сақтап қалу, оны қамтамасыз ету тек монархқа байланысты еді. Сондықтан 
монархиялық билікті күшейту қажеттілігі туды. Саяси-əлеуметтік ойдың дамуындағы 
ерекше маңызды кезең – Жаңа дəуір, ол XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Жаңа 
дəуірдің саяси дүниетанымы екі негізгі принципті басшылыққа алды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет