ҚОҒамдық сананы жаңҒырту емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар Қазақстан тарих толқынында 2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында»



бет14/38
Дата12.05.2022
өлшемі84,8 Kb.
#142891
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
ҚСЖ (копия)

7. ҚР Президентінің жолдаулары,
Президенттің жұртшылыққа кеңінен танымал бағдарламасы - 1997 жылдың 10 қазанында жарияланған Қазақстан-2030 Стратегиясы. Мемлекет басшысының одан кейінгі жылдардағы Жолдауларында Қазақстан-2030 Стратегиялық бағдарламасы негізгі бағыт ретінде алынып, оны жүзеге асырудың түрлі қағидаларына назар аударылып, еліміздің жүріп өткен жолдарына терең талдаулар жасалып, болашаққа қарай маңызды стратегиялық міндеттер қойылды.
Елбасының 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауы: Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа;
1999 жылғы 15 желтоқсандағы Жолдауы - Елдің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі;
2000 жылғы 24 қазандағы Жолдауы - Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам;
2001 жылғы 3 қыркүйектегі Жолдауы - Елдегі жағдай және 2002 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы;
2002 жылғы 29 сәуірдегі Жолдауы - Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға негізгі бағыттары туралы;
2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауы - Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға негізгі бағыттары;
2004 жылғы 19 ақпандағы Жолдауы - Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт деп аталды.
2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдаудың тақырыбы - Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында болды.
2006 жылғы 1 наурызда Жолдау - Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында! Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы деген атаумен жарияланды.
2007 жылғы Жолдаудың тақырыбы - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан! деп аталды. Бұл Жолдау Қазақстанды жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары мен ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағытын қамтыды.
2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының Жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деп аталды.
2009 жылғы 6 наурызда Президенттің жариялаған Жолдауы Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға! деп аталып, онда жаһандық дағдарыспен күреске бағытталған шаралар, елімізді қаржылық-экономикалық күйзелістен алып шығудың негізгі бағыттары, сондай-ақ бұдан кейінгі, яғни мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз етудің жаңа міндеттері қамтылған болатын.
2010 жылғы 29 қаңтар. Жаңа Онжылдық-Жаңа мүмкіндіктер
2011 жылғы 28 қаңтардағы Президент Жолдауы - Болашақ іргесін бірге қалаймыз.2012 жылғы 14 желтоқсан. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2013 жылғы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында кездесетін нақыл сөздердің өмірдегі қызметі мен маңыздылығы »
2013 жыл - Қазақстан 2050 жылға дейінгі стратегиясын айқындады.
2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
2015 – 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда:Өсім,Реформалау,Даму
2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»
2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2021 жылғы 7 қыркүйектегі « Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы »



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет