ҚОҒамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы


Тоңазытқыш машинасын таңдау



бет19/29
Дата23.08.2017
өлшемі6,53 Mb.
#24756
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29

8.5.5 Тоңазытқыш машинасын таңдау

Камералардың саны және жылуағымдарын есептеу нәтижесі, олардың орналасуы және ауа температурасы бойынша салқындату жүйесі таңдалады. Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының тоңазытқыштарын жобалау кезінде, салқындатудың тікелей жүйесі бар фреондық тоңазытқыш машиналарын орналастырады.

Егерде салқындатылатын бөлмелердің жиынтық ауданы 150 м2 аспаса, онда салқындату үшін бір немесе бірнеше өнімділігі бойынша үлкен емес фреонды машиналар қолдану қажет. Егерде салқындатылатын бөлмелердің жиынтық ауданы 150 м2 асса және камера саны алтыдан көп болса, онда рассолды салқындатудың жүйесімен бір немесе екі тоңазытқыш қондырғыларын жобалау орынды.

Бірдей температурадағы камералар топтарын салқындату үшін, яғни айырмашылығы 3-4 ˚С аспауы керек, кіші және орташа суық өнімділігімен тоңазытқыш машиналарын пайдалануға болады.



Сығымдағыштың жұмыс уақыты коэффициенті ұсынатын және суық жоғалтуды ескере отырып, тоңазытқыш машиналарының керекті суық өнімділігі мына формуламен анықталады
Qбрутто = Qжалпы (50)
мұндағы Qбрутто - машинаның керекті суық өнімділігі, Вт;

Qжалпы - камера топтарындағы калориялық есептеумен анықталатын, суықтың жиынтық шығыны, Вт;

Ψ - 1,12 – рассольного салқындату жүйесі кезінде, тікелей салқындату жүйесі үшін 1,07 тең , сығымдағыштан тыс, қондырғыдағы суықтың шығынын есепке алушы коэффициент;

в – сығымдағыштың жұмыс уақытының коэффициенті; (кіші тоңазытқыш машиналары үшін ол 0,7; орташа -0,9 құрайды).

Камераларды салқындату үшін, суық өнімділігі суықтың жалпы шығыны мәнінен бірнеше есе асатын, машина таңдалуы қажет.

Каталог, анықтама немесе N.1, N.2, N.3, Q.1 қосымшалар бойынша, стандарттық суық өнімділігіне сәйкес, тоңазытқыш машинасы таңдалады.



Таңдалған машина үшін, компрессордың алдын ала таңдалған жұмыс уақыты коэффициенті мына формула бойынша анықталады
Внақ = Qжалпы (51)

мұндағы Qр - таңдалған машинаның жұмысшы суық өнімділігі, Вт.


Жұмыс уақытының нақты коэффициентінен алынған мәндер, аз суық өнімділіктегі машиналар үшін 0,4 - 0,75 шегінде болуы керек.

Нақтылы коэффициенттің шамасы 0,4 кем болса, онда суық өнімділігі артылған тоңазытқыш машинасы қабылданды, ал мәні 0,75 жоғары болса, жеткіліксіз. Мұндай жағдайларда басқа тоңазытқыш машинасын таңдау қажет. Орташа машиналар үшін, нақтылы коэффициенттің мәндері 0,5 – 0,8 шегінде жатады.



Тоңазытқыш машинасы таңдалғаннан кейін, техникалық сипаттамадан осы машинаның құрамына кіретін буландырғыштар мөлшерін, олардың жылу бергіш беттерін көшіреді. Содан кейін буландырғыштарды камералардың жылу жүктемелеріне сәйкес, камералар бойынша бөледі. Бұл үшін, буланудың жылу бергіш беттерін әр камера үшін мына формула бойынша анықтау қажет

(52)
мұндағы Qкам.1 - камерадағы жалпы жылуағымдары, Вт;

Кn – буландырғыштың жылу беру коэффициенті, Вт/м2 камера ауасының градусы, ˚С;

∆t1 - ˚С тоңазытқыш агентінің қайнау және камера ауасы арасындағы температура айырмашылығы.

∆ t =14-16 ˚С кезінде қабырғалы- құбырлы буландырғыштар үшін, Кn шамасы 2-4 Вт/02 шегінде жатыр; ауа салқындатқыштар үшін, ∆t = 9 -11 0С кезінде. Кn = 12-14 Вт/м2 град Есептен алынған буландырғыштың беттерінің жалпы шамасына жақын болуы үшін, (12.12 қосымша) стандарттық бетпен сондай батарейлер санын орнату қажет. Салқындатудың рассолды жүйесінде қабырғаланған құбырлардан жасалған батарейлерді пайдаланады.



Рассолды батарейлердің салқындату беттері әр камера үшін мына формула бойынша есептеледі
Fт.к.б.л. = (53)

мұндағы Fт.к.б.л. - тұздықты көже батарейлердің жылу беру коэффициенті, 12.14 қосымшасынан алынады, м2;

tкам - камераның ауа температурасы, ˚С;

tт.к. - камераға келетін рассолдың орташа температурасы, ˚С,

(әдетте топтағы камералардың ауа температурасынан 10-12˚С – қа төмен).
Есептеулер аяқталысымен салқындату блогындағы салқындату батарейлерін, ауа салқындатқыштарды және компрессорды орнына қою жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет