ҚОҒамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы



бет1/29
Дата23.08.2017
өлшемі6,53 Mb.
#24756
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Сәулет-құрылыс факультеті
Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және

қоршаған ортаны қорғау кафедрасы



ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
420740 – «Қоғамдық тамақтандыру және арнайы тағайындалған өнімдердің технологиясы» және 050727, 6N0727 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бітіру жұмыстарын жасауға арналған оқу - әдістемелік құралы

Павлодар

Кереку

2009


БЕКІТЕМІН С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры __________Н.Э. Пфейфер

2009 ж.«____» __________

Құрастырушылар: т. ғ. к., профессор Арынғазин Қ. Ш.____________

аға оқытушы Сарлыбаева Л. М. _______________

аға оқытушы Юрченко В. А. ________________

ассистент Оспанова Б.М. ____________________


Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы
Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы: бітіру жұмыстарын орындауға арналған оқу - әдістемелік құралы
Кафедра мәжілісінде бекітілді 200_ж. «_____» _____№____ хаттама­­­

Кафедра меңгерушісі ____________ Қ. Ш. Арынғазин

Саулет және кұрылыс факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданған 200_ж. «_______» _____ №_____ хаттама


ОӘК төрағасы _______________ В.А. Козионов

КЕЛІСІЛДІ


Саулет және кұрылыс деканы ______________ М.К. Кудерин

200_ж. «____»_______


СМ бөлімі н/б ______________ Г.С. Баяхметова

200_ж. «___»________


МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖ ж ӘҚБ бастығы _____________ А.А. Варакута

200_ж. «____»____
«__» ________ 200__ ж.

УДК 664(07)

ББК 36я7

Т 38
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Алматы технологиялық университетінің қарамағындағы республикалық оқу әдістемелік бірлестігі ұсынды


Пікірсарапшылар:

А.Ж. Асамбаев – техника ғылымдарының кандидаты, ИВТ кафедрасының профессоры, ИнЕУ;

Ш.Ш. Хамзина – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Агробизнес және экология» кафедрасының меңгерушісі, ИнЕУ;

Г. Р. Рустемова - медицина ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы ПМУ.


Құрастырушылар: Қ.Ш. Арынғазин, Л.М. Сарлыбаева, В.А. Юрченко, Б.М. Оспанова.
Т38 Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы : технология мамандықтары бойынша бітіру жұмыстарын орындауға арналған оқу - әдістемелік құралы / құраст. Қ.Ш. Арынғазин, Л.М. Сарлыбаева, В.А. Юрченко, Б.М. Оспанова. – Павлодар : Кереку, 2009. – 203 б.
ISBN 9965-583-26-9
Технологиялық мамандығы бойынша тамақ және өңдеу өндірістеріндегі барлық оқу түрлеріндегі студенттердің бітіру жұмыстарын орындауға арналған оқу - әдістемелік құралы.

Жұмыстың түсініктеме хатының және сызба бөлімінің мазмұны, оларды құрастыру бойынша кепілдеме баяндалған.

Оқу - әдістемелік құралын магистранттар, аспиранттар, докторанттар, сонымен қатар оқытушылық қызметті жүргізу барысында оқытушылар да қолдана алады.
ISBN 9965-583-26-9 УДК 664(07)

ББК 36я7
©Арынғазин Қ.Ш. және б., 2009



© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009

Кіріспе
Технологты дайындау жүйесінде дипломдық жоба маңызды орын алады, оны орындау барысында студент, өзінің шаруашылық етудің жаңа жағдайында саланың негізгі бағыттарын және міндеттерін түсінетіндігін көрсетуі қажет.

Тамақтануды оңтайландыру озық технологияға, жаңа техникаға, ғылым жетістіктеріне және алдыңғы қатарлы тәжірибеге негізделеді. Осының бәрі шығарылатын кулинарлық өнімдердің өндірісін ұйымдастыруды үнемі жетілдіру, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен ұннан жасалатын кондитерлік бұйымдарды өндіру жөніндегі жаңа кәсіпорындарды жобалау мен салу, істеп тұрғандарын қайта өңдеу мен жаңарту қажеттілігіне негіздейді.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен ұннан жасалатын кондитерлік бұйымдарды өндіру жөніндегі кәсіпорындарды жобалау өндірістің қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылады, сондықтанда кәсіпорынның болашақтағы өндірістік-сауда қызметінің тиімділігі жобаның технологиялық инженерлік есептерінің сапасына байланысты болады.

Дипломдық жобалау студенттердің жоғары оқу орнында оқуының қорытынды кезеңі болып табылады және өзінің мақсаты бар:

- мамандық бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жүйелендіру, бекіту және кеңейту, оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік міндеттерді шешу кезінде қолдану;

- өзіндік жұмысты жүргізудің дағдыларын дамыту, мен дипломдық жұмыста әзірленетін проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде эксперименттерді зерттеу және жүргізу әдістемесін меңгеру;

- қазіргі заманғы өндіріс, ғылым мен техниканың алға басу жағдайларындағы өзіндік жұмысқа студенттердің дайын болуын айқындау.

1 Дипломдық жұмысты жазу жұмысын ұйымдастыру
Дипломдық жұмысты жазу жұмысы тақырыпты таңдау және жұмыс тақырыбына тапсырмалар алумен басталады. Консультанттарды анықтағаннан кейін студент тиісті әдебиетті таңдап алады.

- Жеке меншіктің түрлі формалары және түрлеріндегі қоғамдық тамақтандырудың жаңа кәсіпорындарының технологиялық жобаларын әзірлеу;

- әрекет етуші қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жобаларын және қайта құру дипломдық жұмыстың тақырыптары болуы мүмкін.

Дипломдық жұмысты кезең-кезеңмен орындайды. Технологиялық бөлімінде алдымен, кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес барлық үй-жайларының технологиялық есептеулерін жүргізеді. Содан кейін оның құраушылық шешімін орындайды және кәсіпорынның барлық үй-жайларына жабдықтар мен жиһаздарды орналастырады.

Дипломдық жұмысты орындау кезіңде студент тиісті пән бойынша арнайы әдебиеттерді, әдістемелік оқу құралдарын және нұсқаулықтарды, кулинарлық өнімді дайындау бойынша технологиялық нұсқаулықтарды, технологиялық жабдықтар бойынша каталогтарды қолдануы қажет.

Жұмыста қабылданған шешімдер қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын жобалаудың нормаларына сәйкес келуі және неғұрлым пайдалы әрі тиімді болуы тиіс.

Дипломдық жұмысқа ғылыми бөлім кіреді. Осы бөлімнің үлгі қылып алар тақырыптары мыналар болуы мүмкін:

1) қоғамдық тамақтану өнімдерін әзірлеудің технологиялық процессінің түрлі сатыларында өтетін биохимиялық, физико-химиялық, микробиологиялық немесе басқадай процесстерін зерттеу;

2) қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін, жаңа өнімдерді әзірлеудегі технологиялық жетістіктер;

3) жаңа тағамға немесе кулинарлық өнімге, сондай-ақ кондитерлік бұйымға, кәсіпорынның техникалық-технологиялық карталарын немесе стандартын әзірлеу;

4) қолданыстағы кәсіпорынның негізінде қоғамдық тамақтану кәсіпорнын мамандандыруды өзгерту.

Дайын дипломдық жұмысты сызбаларымен бірге кафедраға тапсырады және студент қорғауға рұқсат алады. Содан соң жұмысты сыртқы рецензияға жібереді.

Қорғауға дейін тәулік қалғанда дипломдық жұмыс сызбаларымен бірге, кафедраның техникалық хатшысына тапсырылуы қажет.
2 Дипломдық жұмыстың құрылымы
Дипломдық жұмыс 80-100 бет көлемінде қолмен жазылған есептік – түсіндірме хаттан (шамамен 80 – баспа мәтінен) және 6 – 7 сызба беттерінен тұрады.

Дипломдық жұмысқа қосымша (жұмыс қалтасына салады.) берілетіндер:


  • дипломдық жұмысты орындауға тапсырма;

  • жетекші пікірі;

  • cыртқы рецензия.



2.1 Түсіндірме хаттың мазмұны:

- титул беті;

- кәсіпорынның төлқұжаты;

- мазмұны;

- кіріспе.

Мысалы:

1 Жұмыстың технико – экономикалық негіздемесі



2 Технологиялық бөлім

2.1 Жобаланып отырылған кәсіпорынның өндірістік бағдарлама сын құру.

2.2 Шикізаттың есебі

2.3 Қоймалардың есебі

2.4 Дайындау цехының есебі

2.5 Көкөніс цехының есебі

2.6 Ет – балық цехының есебі

2.7 Ұн цехының есебі

2.8 Ыстық цехтың есебі

2.9 Салқын цехтың есебі

2.10 Кондитерлік цехтың есебі

2.11 Бөлмелердің қосымша топтарының есебі

2.12 Бөлмелердің сауда топтарының есебі

2.13 Әкімшіліктік – тұрмыстық бөлмелердің есебі

3 Ұйымдастыру бөлімі


  1. Өндірістік цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру

  2. Қосымша бөлме жұмыстарын ұйымдастыру

  3. Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру

  4. Кәсіпорын жарнамасы

  5. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру

  1. Ғылыми бөлім (үлгі қылар бағыттар)

  1. Кәсіпорынның жаңа өніміне нормативті және техникалық құжаттарды дайындау

  2. Жобаланып отырылған кәсіпорынның техникалық деңгейін бағалау.

  1. Инженерлік – техникалық бөлім

  1. Сәулеттік – құрылыс бөлімі

  2. Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА

  1. Тоңазытқыш камераларын сипаттау

  2. Тоңазытқыш желдеткіші

  3. Есептеуші параметрлерді анықтау.

  4. Жылуды оқшауландырудың есебі және оны таңдау

  5. Жылу ағымының есебі

  6. Тоңазытқыш машинаны таңдау.

  7. Технологиялық процесстерді автоматтандыру

6 Еңбекті қорғау және ӨТҚ

  1. Кәсіпорындағы жұмыстың қауіпсіздігі

  2. Кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігі

7 Экономикалық бөлім

8 Қорытынды



Әдебиет

Қосымша
2.2 Графикалық материалдың тізімі



Бүкіл сызба материалдарды А1 форматтағы ватманда орындайды.

Ол келесі беттерден тұрады:

  1. ғимараттың бас жоспары, бас жоспардың экспликациясы (1бет);

  2. жабдық орналастырылған және жіктелген ғимарат жоспары М1:100, ( 1 бет);

  3. ғимарат қимасы, (1-2 бет);

  4. экономикалық көрсеткіштердің кестесі (1 бет);

  5. тағамның ТТК- сы, (1 бет);

  6. тағамның химиялық құрамы және энергетикалық құндылығы , (1 бет).


3 Дипломдық жұмыстың ұсынылып отырылған құрылымының қысқаша сипаттамасы
Кәсіпорынның төлқұжаты, жобаланып отырылған кәсіпорын құрылысының тиімділігін және мақсатқа лайықтылығын бағалауға мүмкіндік береді және жұмыстың экономикалық есептері негізінде, кесте түрінде орындалады (кесте 1).
Кесте 1 – Кәсіпорынның төлқұжаты (түрі, аты)

Көрсеткіштердің аталуы

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштердің мағынасы

Көрсеткіштердің қайта құрудан кейінгі мағынасы

1

2

3

4

Залдағы орын саны

орын







Жер учаскесінің ауданы

м2







Құрылыстың ауданы

м2







Ғимараттың құрылысының ауданы

м2







Жалпы ауданы

м2







Жұмысшылар саны, барлығы

адам.







Соның ішінде:

өндіріс жұмысшылары

адам.







әкімшіліктік жұмысшылар

адам.







Кәсіпорын өндірістік қуаты (тағам, жартылай өңделген өнім, ұн және кондитерлік өнімдер саны)

дана.(кг)







Кәсіпорынның тауар

айналымы


мың. тенге.







Меншікті өндіріс өнімдері бойынша айналым

мың. тенге.







Меншікті өндіріс өнімдері бойынша айналымның

меншікті салмағы



%.







Кәсіпорындағы бір жұмысшының орташа өнімділігі

мың. тенге.







Кәсіпорындағы бір жұмысшының орташа өнімділігі

мың. тенге.







Бір орынның тауар айналымы, барлығы

тенге.







Соның ішінде:

Меншікті өндіріс өнімдері бойынша айналымы

тенге.







Бір орынға есептегендегі тамақ шығымы

дана







Өндіріс шығындары және айналымы

мың. тенге.







Өндіріс шығындарының және айналымының меншікті

салмағы


%







1 кестенің жалғасы

1

2

3

4

Кәсіпорынның орнын

толықтыру мерзімі

жыл







Пайда

мың. тенге.







Рентабельділік

%








Кіріспеде қоғамдық тамақтандыру желісінің болашақта дамуы, шешілетін мәселенің қазіргі заманғы жағдайын бағалау, жұмыс тақырыбының маңыздылығ және өзектілігі баяндалады.

ҚР министрлігі қаулысында берілген міндеттерде, ҚТК немесе мамандандырылған цехтардың қызметі жарықтандырылады. Жұмысты жазудың міндеті мен мақсатын көрсету қажет.

Кіріспе көлемі 1 -2 бет



Жұмыстың техника – экономикалық негіздемесінде мынадай сұрақтар қарастырылады:

  • жобаланып отырылған кәсіпорынның қызмет ету ауданының экономикалық – географиялық сипаттамасы;

  • желінің дамуының есептік нормативтеріне сәйкес, кәсіпорын құрылысының қажеттілігінің негізделуі;

  • құрылыс орнын таңдауды негіздеу; кәсіпорын құрылысының техникалық мүмкіндігінің инженерлік инженерлік қарастыру және негіздеу;

  • жобаланып немесе қайта құрылып отырылған кәсіпорын түрін және қуаттылығын негіздеу;

  • өңдеусіз сатылатын шикізатпен, жартылай фабрикаттармен және тауарлармен қамтамасыз ету көздерін анықтау.

Жұмыстың негізделуі немесе қайта құрылуы бойынша, дипломдық жұмыс туралы алғашқы көз қарас қалыптасады, сондықтанда ол ешбір мүлтіксіз болуы қажет.

Негіздеменің көлемі- 4-6 бет.



Технологиялық бөлімде сауда - технологиялық жабдықтың қажетті мөлшері, өндірістік жұмысшылардың саны және бөлмелердің барлық топтарының ауданы бойынша есептеулер орындалады. керекті мөлшері, өндіріс жұсысшыларының саны және барлық бөлме топтарының есептеулері анықталады. Бұл бөлім бөлмелердің үйлестірілуінің орындалуын және жабдықты орналастыруды жорамалдайды.

Технологиялық бөлімнің көлемі 40 бет.



Ұйымдастыру бөлімінде кәсіпорынның өндірісін және қызмет көрсетуін, олар шығаратын өнімнің сапасын бақылауды және жарнамалауды ұйымдастыру мәселелері, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қарастырылады.

Ұйымдастыру бөлімінің көлемі шамамен 10 бет.

Инженерлік – техникалық бөлімнің сәулеттік- құрылыс бөлімінде құрылыс учаскесіне сипаттама беріледі, ғимараттың қабаттары және сыртқы пішіні, бағандар қатары анықталады, терезелерінің және есіктерінің көлемдері, қабырғаларының қалыңдығы алынады және ғимараттың басқада құрылыстық құрылымдары таңдалады.

Сәулеттік - құрылыс бөлімінің көлемі 5 беттен аспауы керек.



«Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА» бөлімінде тоңазытқыш камераларында сақтауға жататын және сақтау тәртібі қабылданған өнім санын және ассортиментін есепке ала отыра жабдықты және оқшауландырғыш материалды таңдайды және есебін жүргізеді.

«Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА» бөлімінің көлемі 5-10 беттен аспауы керек.



«Еңбекті қорғау және ҚОҚ» бөлімінде өнімдерді сақтау шаралары, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы техника, еңбекті қорғау бойынша шаралар қарастырылады, өрттен эвакуациялаудың ықшамсызбасы келтірілген.

Кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігінде кәсіпорын өнімдерін және тұтынушыларды әр түрлі ластанулардан (биологиялық, химиялық, радиоактивті және т.б.) қорғау қарастырылады.

«Өміршеңділік қауіпсіздігі» бөлімінің көлемі 5-10 беттен аспауы керек.

Экономикалық бөлімінде жобаланып отырылған кәсіпорынның қызметін сипаттайтын экономикалық негізгі көрсеткіштердің есептері берілген. Оларға кәсіпорынның тауар айналымы,өндірістің шығыны және кәсіпорынның айналымы, аударымдары, рентабельділігі, орнын толықтыру мерзімдері жатады.

Бөлім көлемі 7 беттен аспауы керек.



Қорытындысында жұмыстың мәнін, жаңалығын, жұмыстың практикалық маңыздылығын және берілген кәсіпорынды ашуға және оның жұмысына қажетті негізгі құжаттамалар көрсетіледі. Көлемі 1-2 бет.
4 Дипломдық жұмысты орындау мерзімі
Дипломдық жұмыстың жеке бөлімдерін орындау мерзімі, олардың көлеміне байланысты және күн бойынша есептелген ( кесте 2).

Кесте 2 – Дипломдық жұмысты орындау мерзімі



Бөлімнің аталуы

Орындау көлемі (күн)

Кіріспе, жұмысты технико – экономикалық негіздеу

2

Технологиялық бөлім

30

Ұйымдастыру бөлімі

2

Инженерлік - техникалық

6

Соның ішінде:

Сәулеттік – құрылыс бөлімі

3

Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА

3

Өміршеңділік қауіпсіздігі

3

Экономикалық бөлім

5

Қорытынды

1

Жинағы

49

Дипломның графикалық бөлімін орындау

10

Қорғауға рұқсат босату және рецензиялау

5

Қорғау




Ескерту – Технологиялық, ұйымдастыру және ғылыми бөлімді орындауды қорытынды тексеру, инженерлік-техникалық бөлім алдында жүргізіледі.


5 Дипломдық жұмыстың бөлімдері бойынша кеңес беру

Қажет болған жағдайда дипломдық жұмыс жетекшісінің ұсынысы бойынша, дипломдық жұмысқа жетекшілік етуге берілген уақыт лимиті есебінен, дипломдық жұмыстың жекелеген бөлімдері бойынша кафедраға кеңесшіні шақыру құқығы беріледі.

Кеңес беруші студент орындаған жұмыстың сәйкес бөлімін тексереді және оны визалайды:

1) Кіріспе, жұмыстың негізделуі, ұйымдастырушылық, ғылыми бөлімдер, қорытынды- дипломдық жұмыстың жетекшісі;

2) Технологиялық бөлімі - бөлім бойынша кеңесші;

3) Сәулеттік - құрылыс бөлімі - бөлім бойынша кеңесші;

4) Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА - бөлім бойынша кеңесші;

5) Еңбекті және ҚОҚ қорғау бөлімі бойынша кеңесші;

6) Экономикалық бөлімі бойынша кеңесші.


  1. Дипломдық жұмысты негіздеу

Дипломдық жұмысты орындауды бастапқы маңызды кезеңі болып, жобаланып отырылған кәсіпорын құрылысының осы жерде салынуының мақсаттылығы және оның жұмысының тиімділігі.

Негіздеу 3 бөлімнен тұрады: жобаланып отырылған кәсіпорынның қызмет ету ауданының экономикалық-географиялық сипаттамасы және оның даму болашағы; кәсіпорын есебі және қуаттылығының негізі; түрінің негізделуі, бағандау орыны.

6.1 Кәсіпорынның қызмет ету ауданының экономикалық – географиялық сипаттамасы

Кәсіпорынның қызмет ету ауданының сипаттамасы, ауыл шаруашылығының мамандандырылуының негізгі бағыттарын, ал қала үшін - өнеркәсіптің мамандандырылу бағытын және сонымен байланысты негізгі контингентті, қоғамдық тамақтандырудың, сауданың даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.



Бұл бөлімде мынадай материалдар болу керек:

  • жобаланып отырылған кәсіпорын құрылысы ойластырылып отырылған ауданның, қаланың экономикалық сипаттамасы.

  • ауданның климаттық және географиялық мәліметтері;

  • қоғамдық тамақтандыру, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының болуы;

  • жобаланып отырылған кәсіпорында тамақтанатындардың саны мен болжамды контингенті;

  • мекеменің, оқу орындарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс кестесі. Ауысым ұзақтылығы және саны;

  • ауысым бойынша жұмыс істеушілердің саны, оның ішінде максималды ауысымда және т.б.

Осыдан басқа, аудан тұрғындарының болашақтағы саның оның табиғи өсуі және көшіп-қонуын есепке ала отыра есептеу қажет. Болашақтағы санын мына формула бойынша есептейді





(1)

мұндағы, Nбол. - табиғи өсуін және көшіп-қонуын есепке ала отыра алғандағы болашақтағы саны, адам;

Nф- нақты саны, адам;

Y – тұрғындардың жыл сайынғы орташа қозғалысы ( - кетуі, + келуі) , %;

X- тұрғындардың жыл сайынғы табиғи өсуі, %;

t- есептік мерзімі, жылдар.
Тұрғындардың әлеуметтік құрамын кәсіби құрылымы бойынша және жас ерекшелігіне байланысты аудандар, шағын қалалар, жұмысшылар ауылы және ауылдық жерлер үшін жеке анықтайды.

Тұрғындардың құрамы бойынша мәліметтерді 3 кестеге енгізіледі.



Тұрғындардың әлеуметтік құрамын есептеуге жоспарлаушы жергілікті органдардың статистикалық мәліметтері және материалдары негіз болуы қажет.
Кесте 3 – Жобаланып отырылған кәсіпорынның қызмет ету ауданының тұрғындарының әлеуметтік құрамы

Әлеуметтік топтар

Саны, мың. адам.

үлесі, %

Жұмысшылар және қызметкерлер.

Қолхозшылар, совхоздардың және ауылшаруашылық кәсіпорындарының жұмысшылары

Жалпы білім беру мектептерінің және мектеп- интернаттардың оқушылары

ЖОО, техникумдадың, механизация мектептерінің, училищелердің оқушылары

Мектеп жасына дейінгі балалар

Зейнеткерлер

Жұмыс істемейтін тұрғындар

Фермерлер

Жеке кәсіпкерлер








Қорытынды




100

Осы берілгендер негізінде кәсіпорын түрін, жұмыс тәртібін, шығарылатын өнім ассортиментін, тамақ санын және т.б. анықтауға болады.

Жобаланып отырылған кәсіпорынның тағайындалуына қысқаша бейнелейді. Егер қажет болса, онда тамақтандырудың арнайы түрлерін, бекітілген филиал, буфет санын көрсету қажет.
6.2 Кәсіпорын қуаттылығын есептеу және негіздеу

Жобаланып отырылған кәсіпорын қуатын, кәсіпорын залындағы орын санына, шығарылатын өнім көлеміне және қызмет көрсетілетін келушілер санына байланысты анықтайды



Түскі ас залына қажетті орын санын, орын нормативі бойынша 1000 адамға есептеледі. Есеп жүргізудің бұл әдісі әмбебаб болып табылады және барлық дайындау, шикізат үшін жұмыс істейтін кәсіпорындардың түскі ас залына қажетті орын санын анықтау үшін қолданылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі




(2)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет