мұнда Р – қажетті орын саны;
N – елді мекен, колхоз, совхоз, кәсіпорын, ұйымдардың немесе мекемелердің тұрғындарының саны, адам;
Рн – 1000 адамға арналған орын нормативі (4, 5 кестелер). Кәсіпорын түрін таңдау және де оның қуаттылығын негіздеу кезінде, тағайындалуы жергілікті және қалалық маңыздағы қоғамдық кәсіпорындар болып бөлінетіндігін есепке алу қажет.
Жергілікті маңызды тамақтандыру кәсіпорындарын кісі тұратын аймақта, қоғамдық көліктер аялдамасына 5-7 мин жерде орналастыруды ескеру қажет (400-500 м). Мұндай кәсіпорындарға асханалар, кешкі уақытта жұмыс істейтін кафелер мен мейрамханалар, ем-демдік асханалар, тапсырыс бөлімі бар кулинария дүкендері, түскі асты үйге жеткізетін кәсіпорындар, сонымен қатар мамандандырылған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жатады.
Қалалық маңызды кәсіпорындарды қаланың орталығына, көлік ағымымен байланысқан халық көп шоғырланған жерлерде, ірі сауда орталықтары, кулинариялық кәсіпорындары бар жерлерде орналастырады. Оларға мейрамханалар, жылдам қызмет көрсететін кәсіпорындар, мамандандырылған кәсіпорындар, тапсырыс бөлімдері бар (сонымен қатар фирмалық) кулинариялық ірі дүкендер жатады.
Есеп жүргізу мерзімінде және бірінші кезекте құрылыс кезіңде қаланың қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына деген қажеттілікті (жергілікті және қалалық маңызды) 1000 тұрғынға арналған қоғамдық тамақтандыру орындарының даму нормативтеріне сәйкес анықтайды. Нормативтің орташа мәліметтері 4 кестеде берілген.
Қалалық маңыздағы тамақтандыру кәсіпорындарына деген қажеттіліктерді қала үшін есептелінген жалпы қажеттілік арасындағы және жергілікті маңыздағы кәсіпорындардағы орындар санындағы айырмашылық ретінде анықтайды
Кесте 4 – Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындар желісінің дамуының нормативтері (100 адамға арналған)
Уақыт кезеңі | ҚТК желісі |
Орын саны
|
Есептік мерзімге
|
Жалпы (толығымен қалаға арналған)
Жергілікті маңыздағы
|
40
13
|
Бірінші кезекте
|
Жалпы (толығымен қалаға арналған)
Жергілікті мағына
|
28
10
|
Достарыңызбен бөлісу: |