Екіжақты ынтымақтастық Екіжақты ынтымақтастық және байланысты кеңейту шеңберінде 2015 жылы мынадай іс-шаралар іске асырылды:
2015 жылғы 21-23 қаңтар аралығында пошта жөнелтілімдерін тасымалдау мәселелері бойынша «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізуге арналған Литва Поштасы делегациясының Астана қаласына сапары өтті.2015 жылдың қаңтар айында «Қазпочта» АҚделегациясы Мәскеу қаласына сапармен барды.Логистикалық жүйе құру тәжірибесін, гибридті электронды пошта жұмысын және т.б. үйрену үшін «Почта России» Ресей Федерациясының тағайындалған операторының бірқатар өндірістік объектілеріне барды.
2015 жылдың ақпан айында «Toshiba» (Жапония) компаниясы делегациясы, Пошталық және логистиклық жүйелерді дамыту жөніндегі директор (АҚШ) және «Toshiba» ТМД (Ресей)өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жабдықтар департаменті директоры сапармен келді. Компания делегаттарыАлматы және Астана ққ. «Қазпочта» АҚ өндірістік объектілерін аралады. Оларға сұрыптау орталықтарындағы әзірлеу және енгізу процестері таныстырылды.
Наурыз айында «Қазпочта» АҚ делегациясы Otto Group Russia, Ле Монти, «Студия Модерна» ЖШҚ, «TNX» курьерлік қызметі және т.б. сынды компаниялармен кездесу үшін Мәскеу қаласына сапармен барды.
2015 жылдың қыркүйек айында «Қазпочта» АҚ өкілдері «Инвест Гонконг» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу мақсаты: инвестиция саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара ынтымақтастықты талқылау. Кездесу барысында Гонконгтің басымдылықтарынқолдана отырып, Жібек жолы экономикалық белдеуін жүзеге асыру мәселелері мен мүмкіндіктері; ҚХР аумағындағы қызметті қолдау үшін Гонконгте бизнес құрудың практикалық аспектілері; Гонконгтегі капитал тартуға арналған мүмкіндіктер; Қазақстан Республикасының Конконг пен ҚХР-дағы және керісінше іскерлік мүмкіндіктерін арттыру бойынша ортақ іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылау мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, қыркүйекте Астана және Алматы ққ. «Қазпочта» АҚ, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті өкілдеріпошта байланысын дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында, Қытай халық Республикасының байланыс саласын реттеуші делегациясымен кездесті.
27 қыркүйектен бастап 2 қазан аралығында Басқарма Төрағасы PostEXPO-2015 халықаралық көрмесіне қатысу, сондай-ақ, Франция Поштасы мен Германия Поштасының өндірістік объектілерін аралау мақсатында, Париж (Франция) және Берлин қалаларына (Германия) барды.
2015 жылдың қазан айында «Қазпочта» АҚ өкілдерінің «Интервэйл Казахстан» ЖШС өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуде заманауи пошталық және қаржылық қызметтерді дамыту және оларды «Қазпочта» АҚ-ға енгізу мәселелері қарастырылды. Состоялось рассмотрение и обсуждение проекта STEFI модулінің көмегімен «Пошта Әкімшілігі бөлімшелерінде алушыға қолма-қол ақшамен төлеу үшін төлем карталарынан аударымжасау» (бұдан әрі –ДПО халықаралық аударымдары бойынша Card to Cash) жобасы, ДПО халықаралық аударымдары бойынша Card to Cash жобасын «Қазпочта» АҚ-да жүзеге асыру мүмкіндіктері мен ерекшеліктері қаралып, талқыға түсті.
VI Халықаралық инвестициялық форум Astana Invest аясында 2015 жылдың қыркүйек айында«Emirates Post» делегациясы Қазақстан Республикасы және Біріккен Араб Әмірліктері қатынастарын дамытуға арналған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заида Аль Нахаянның суреті бейнеленген маркаға арнайы белгі соғуды ұйымдастыру мақсатында, Астанаға сапармен келді.
2015 жылдың қараша айында «Еуропа» бағыты бойынша «Қазпочта» АҚ транзиттік әлеуетін арттыруға арналған жаңа жобаларды қарастыру және Е-коммерцияны дамытумақсатында, Lietuvos paštas делегациясы сапармен келді.
Сонымен қатар, 2015 жылдың қараша айында «Жол картасы – 2020» аясында Бандуг қ. (Индонезия) Үкіметі делегациясы әлеуетті серіктес табу, іскерлік ынтымақтастықты, инвестициялық белсенділікті кеңейту және ортақ жобалар жасау үшін Астана қ. сапармен келді.
Хартиялар мен қауымдастықтарға қатысу
Компания саяси партияларға, саясаткерлер және олармен байланысты ұйымдардың пайдасына қайырымдылық жасаудыңешқандай түрін жүзеге асырмайды, сондай-ақ қауымдастыққа қандай да болмасын инвестицияжұмсамайды.Есепті кезеңде сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс шеңберінде «Қазпочта» АҚэкономика, экология және әлеуметтік ая саласындағы хартияларды немесе бастамаларды, міндеттермелерін қабылдамады және қолдамады.