Қауымдастықтарға, мүдделерді қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүшелік Компания Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығымен қаржы қызметін жетілдіру, қаржы секторын реттейтін қолданыстағы және әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілерді зерттеу аспектілеріне қатысты мәселелер бойынша ынтымақтасады. «Қазпочта» АҚ тиісті нормативтік құқықтық актілерді, заң жобаларын әзірлеуге қатысады.
«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына сәйкес 2013 жылдан бастап«Қазпочта» АҚ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - ҰКП) мүшесі болып табылады. ҰКП мақсаты кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру, ҚР-да кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу, кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу болып табылады.
Компания Қазақстандық интернет бизнесі және мобильді коммерция қауымдастығының (бұдан әрі - ҚИБҚ) мүшесі болып табылады. Бұл – негізгі мақсаты e-commerce саласын дамыту, сондай-ақ қызметі интернетпен байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
Сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ – «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік иелері одағының (бұдан әрі - Одақ) мүшесі. Одақ міндеті көлік-логистикалық жүйені дамыту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Одақ мүшелерін көлік қызметтерін көрсету саласындағы жобаларды әзірлеуде қолдау, өңірде мультимодальді көлік тасымалдарын дамыту, логистика саласында инновацияны енгізуге көмек көрсету, Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінің алға жылжуына көмек көрсету және әлеуметтік көлік жүйесіне интеграциялау болып табылады.
Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік Барлықреспублика аумақтарында пошта байланысын дамытуды қолдау мақсатында, Компания мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекеттестік жасайды.
Осылайша, Компания 2015 жылы мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік жасауда мынадай оң нәтижелерге жетті.
Атап өткеніміздей, Компания Табиғи монополия субъектілерінің Республикалық Тіркелімінен шығарылды, бұл Компанияға уәкілетті органның келісімінсіз қызмет көрсету мен өзге де қызметтер атқаруға мүмкіндік береді әрі шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның техникалық және технологиялық нормалары; негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және капиталды жөндеу жұмыстарына, өзге де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кеткен шығын;жылдық шығын сметасышығысы; персоналдың нормативтік саны; штаттық жұмыс кестесі; әкімшілік персоналды басқарушы қызметкерлер еңбекақысының шекті деңгейінің техникалық және технологиялық нормалары тәрізді құжаттарды уәкілетті органның бекіту мен келісу қажеттілігі болмайды.
ҚР Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия Компанияның бос жатқан 407 объектісін жалға беруге рұқсат берді.
Компанияның зейнетақы және жәрдемақы төлеу қызметтері бойынша берілетін комиссиялық сыйақы 1,25%-дан 1,65%-ға дейін өсті.Зейнетақы және жәрдемақы төлеу қызметіне 2016-2018 жылдарға арналған Республикалық бюджеттен қосымша қаржылық қаражат бөлу келісілді.
Уәкілетті органмен әмбебап пошта байланысы қызметтеріне арналған Компания тарифтерін көтеру келісілді. Заңды тұлғаларға арналған жай хат және жай бандероль бойынша тарифтер 01.07.15 ж. бастап ҚР бойынша 112 теңгеге дейін арттырылды. Жеке тұлғаларға арналған тарифтер өзгеріссіз қалды.
Басым және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімінің мерзімді баспасөз басылымдарын жеткізу, тарату, және жіберу бойынша қызметтер бөліміндегі атау «мерзімді баспасөз басылымдарын жазылым бойынша тарату» деген құрылымға өзгерді. Атаудың құрылымы ҚР «Пошта туралы» Заңында орнатылған терминологияға сәйкес өзгертілді.
Жаңа редакциядағы «Пошта туралы» Заң жобасы мемлекеттік органдармен келісілді және 2015 жылғы 27 қарашадағы ҚР Үкіметінің № 953, 954 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізілді. Астана қ. Әкімдігімен Жаңа пошта индекстерін пайдалану туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес ынтымақтастық мына бағыттар бойынша іске асырылады:
Астана әкімдігінің жаңа жобаларында жаңа пошта индекстерін пайдалану;
«Астана – ақылды қала» концепциясын жүзеге асыруға ықпал ету;
Жаңа пошта индекстерін пайдалану ауқымын кеңейтуге ықпал ету.
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
Компанияның корпоративтік басқару жүйесі ҚР заңнамасына, Компанияның құрылтай және ішкі құжаттарына негізделеді. Осы жүйе барлық мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасаудың теңгерімделген жүйесін дәйекті түрде және егжей-тегжейлі жасауға және Компания қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Дамудың негізгі бағыты шеңберінде корпоративтік басқаруды жетілдіру және Компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша едәуір жұмыс жүзеге асырылды. Акционермен, серіктеспен, клиентпен, қызметкерлермен және мемлекеттік институттармен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі ашықтық пен транспаренттік маңызды басымдылықтар болып табылады.
Бүгінгі күні Компания корпоративтік басқару жүйесін дамытуда елеулі жетістіктерге жетті. Осы саладағы маңызды бастамалардың бірқатары іске асырылды, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттары әзірленді және пысықталды. Ішінара, Компания негізгі шешімдерді қабылдау кезінде Директорлар кеңесінің рөлін күшейтуге, ішкі аудит қызметініңфункцияларын күшейтуге, ашықтықты арттыруға және т.б. үлкен қадам жасады.
2015 жылы Компанияның КБ диагностикасын 2015 жылдың шілде айынан бастап қараша айына дейінгі кезеңде «Самұрық-Қазына» АҚ тобыкомпанияларының диагностикасын жасау әдіснамасына сәйкес PWC компаниясы жүргізді.
Диагностика қорытындысы бойынша үздік тәжірибе талаптарындағы КБ-ның жалпы деңгейі 79%-ды құрады.
Процестерді жетілдіру және КБ Кодексі қағидаттарын енгізу жұмыстары аясында Компания PWC консультанттарымен біріге отырып, ағымдағы жағдайдың осы Кодекс ережелеріне сәйкестілігіне талдау жүргізді(Gap-analysis). 2015 жылғы талдау қорытындысы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған КБ-ны жетілдірудің орташа шұғыл бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.
Директорлар кеңесі
Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жататын мәселелерді шешуді қоспағанда, Компания қызметін жалпы басқаруды Директорлар кеңесі жүзеге асырады.
Директорлар кеңесінің қызметі парасаттылық, тиімділік, белсенділік, адалдық, шынайылық, жауапкершілік, нақтылық, кәсіби шеберлік, сақтық, әділдік және тұрақтылық қағидаттарына негізделеді.
2015 жылдың тамыз айында Директорлар кеңесі мүшелері жаңа мерзімге сайланды.