Даму факторлары Қазақстан инновациялық дамуға, инфокоммуникациялық технологияларды дамытуға бағыт алды. Елде Интернетті пайдаланушылардың саны едәуір өскені байқалады, электрондық коммерция қарқынды дамуда, қызметтердің де, «е-үкімет» қызметтерін тұтынушылардың саны өсуде. Елде халыққа және бизнеске, әсіресе поштадан басқа ешқандай басқа құрылымдар жоқ ауылдық жерлерде сапалы қаржылық қызметтерді ұсынуға деген қажеттілік байқалады. Ел ішінде де, халықаралық бизнес тарапынан да Қытай, Оңтүстік Азия және Еуропа сияқты ірі экономикалар арасындағы елдің бірегей географиялық жағдайы ескеріліп көлік-логистикалық қызметтерге деген қажеттілік өсіп келеді.
Саяси факторлар. Пошта байланысы саласындағы қызметті лицензиялауды алып тастау жаңа ойыншылар үшін нарықтағы кіріс кедергілерді азайтуға алып келді. Компанияның ресми көздерден жаңа/жұмыс істейтін ойыншылардың пошталық қызметтер нарығына кіру және шығу процесін қадағалау мүмкіндігі жоқ, нарықта қызметтің ашықтығы жоқ.
2017 жылға дейін Мемлекеттің көлік саласын дамыту стратегиясын іске асыру елдің көлік әлеуетінің дамуына, демек ел аумағында жүк ағынының көбеюіне алып келеді. Осы факті жүктерді тасымалдау нарығында бәсекелестіктің күшеюіне алып келеді, бұл жағдайда Қоғам бәсекеге қабілетті қызметтер нарығына ұсыну үшін өзінің көлік-логистикалық жүйесін дамытуы қажет болады.
Экономикалық факторлар. Бүгінгі күні Компанияның бәсекелестері пошталық қызметтер нарығында көбірек сервистер мен қосымша қызметтерді өзінің тұтынушыларына ұсынады, бұл Компания қызметтерінің тартымдылығын төмендету тәуекелін жасайды және Компаниядан қызметтердің жеке портфелін егжей-тегжейлі пысықтауды талап етеді.
Елдегі іскерлік белсенділікті қалпына келтіру және дамыту Қоғам қызметіне «бизнес» сегментінде қызметтерге деген сұраныстың артуы түрінде оң әсер етеді. Осы фактор Компаниядан назардың «бизнес» сегментіне шоғырлануын, бизнестер үшін арнайы шешімдерді/өнімдерді дайындауды және осы сегменттегі қызметтерді сату бойынша жұмыстарды жандандыруды талап етеді.
Әлеуметтік факторлар. Ел халқының өмір сүру деңгейінің байқалатын өсімі тұтынушылардың сатып алу қабілетін арттыруға және олардың талап-тілектерін жоғары құнға қарамастан сапалы қызметтер жағына ығыстыруға алып келеді. Осы фактор Компаниядан тұтынушылардың түрлі сегменттері талаптарына өзінің қызметтер портфелін саралауды және клиенттер үшін қызметтердің құнын арттыратын қосымша сервистерді енгізуді талап етеді.
Технологиялық факторлар. Интернеттің дамуы және оны пайдаланушылардың саны Компанияға электронды және онлайн қызметтерді дамытуға, қашықтықтан сатудың е-ритейлерімен және кәсіпорындарымен ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді.