Өндірістік қызмет процесіне тікелей қатысатын өндірістік активтер мен басқа да негізгі құралдарды жұмысқа жарамды күйде ұстау
4 352 951,2
1 413 756
4 074 602,0
жоспардың орындалуы %
30,9
81,0
Қорытынды:
4 468 969,03
1 927 063,00
5 259 326,00
Сатып алуды ұйымдастыру
«Қазпочта» АҚ-да жұмыстар және қызметтерді, тауарларды сатып алуды жүргізу «Самұрық-Қазына» АҚ қызметтер мен жұмыстарды, тауарларды сатып алу туралы ережелерімен және дауыс құқығын беруші (қатысу үлесі) акциялардың елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген сенімді басқару немесе меншік құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі болатын ұйымдар арқылы регламенттеледі және «Қазпочта» АҚ-да қызметтер мен жұмыстар, тауарларды жүзеге асыруда отандық тауар өндірушілер мен кәсіпкер өнім берушілерге арналған белгілі жеңілдіктер мен преференцияларға сай Тәртіппен жүргізіледі.
2015 жылы жасалған келісімшарт бойынша Компания сатып алуларындағы жергілікті үлес мөлшері 64%-ды құрады.
Жасалған келісімшарт құрылымы:
қызметтер – 42%;
тауарлар– 42%;
жұмыстар– 16%.
Қазақстандық көрсеткіштер:
мәлімет 2014 ж. – 64%;
мәлімет 2015 ж. – 64%
Есеп кезеңі бойынша ассоциация бостандығы мен коллективтік келіссөздер жүргізу бойынша өнім берушілерге қатысты тәуекелдер мен құқық бұзу тіркелмеді.
Өнім беруші мен мердігерлермен өзара іс-қимыл сатып алу ережелерімен регламенттеледі.
Ішкі сатып алу процедурасын толықтау және тауарларды жеткізу(жұмыстарды орындалуы, қызмте көрсетулер) мен сатып алудың құрылымдық бөліктер арасындағы жауапкершілікті анықтау мақсатында «Қазпочта» АҚ қызмет және жұмыс, тауарларды сатып алуды жүзеге асыру Тәртібі бар.
Сонымне қатар Компанияда Тапсырыс және Өнім берушілердің міндеттері мен құқықтары қарастырылған тауарлар, жұмыс және қызметтерді сатып алу жөнінде типтік келісімшарттар әзірленген.
Тарифтік саясат
Компания реттелетін нарықта Үстем немесе монополиялық жағдайдағы Мемлекеттік нарық субъектілері тізілімінде тұрады. 2015 жылы РК №413-ОД ұлттық экономика Министрлігінің бәсекелстікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу бойынша Комитет Кеңесінің Бұйырығымен Мемлекеттік табиғи монополиялар субъектілері регитрінен шығарылды.
Мемлекет тұрғысынан Компанияның тариф құру бөлігіндегі қызметі қызметі уәкілетті органмен, яғни ақпараттандыру және байланыс Комитеті және Қазақстан Республикасын дамыту және инвестициялар бойынша ақпарат Министрлігімен реттеледі және бақыланады.
В соответствии с законом «Бәсекелестік туралы» заңға сәйкес Компания Компания Үстем немес монополиялық жағдайдағы субъектілер Тізіліміне кіретін келесі қызмет түрлері бойынша Уәкілетті органмен реттеледі:
1) жазылу бойынша кезеңдік баспа басылымдарын тарату қызметі;
2) пошталық байланыстардың әмбебап қызметтері;
3) Қазақстан Республикасы аумағында тапсырыс берілген хаттарды жөнелту қызметтері;
Үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектілері тізіліміне қосылған пошталық байланыс қызметтеріне тарифтерді реттеу реттелетін нарықтың инвестициялық субъект бағдарламасын түзету және бекіту, реттерлген нарықтағы бағаның құрылу Ережелеріне сәйкес шекті баға деңгейін орнату арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
2015ж. пошталық байланыстардың әмбебап қызметтеріне шекті бағаларды заңды және физикалық тұоғалар үшін дифференциацияланды, заңды тұлғаларға 2015 жылдың шілде айынан бастап қарапайым хат пен қарапайым бандерольге ҚР бойынша баға 112 теңгені құрады.
2015 жылы басқа реттелетін қызметтерге баға өзгермеді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ КАДРЛАРДЫ ДАМЫТУ
Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі әлеуметтік жауапкершілік мәселелері болып табылады. Жыл сайын Қоғамға Қоғамның әлеуметтік-демографиялық және кәсіби қызметтік құрылымының, көңіл-күйдің, әлеуметтік жағдайдың әртүрлі санаттарын сипаттайтын әлеуметтік тұрақтылық рейтингі беріледі.
Қоғамның әлеуметтік тұрақтылық рейтингі (ӘТР) 2015 жылдың ішінде тәуелсіз бағалау бойынша 68%-ды құрады, 2014 жылмен салыстырғанда (67%) ол 1%-ға, ал 2013 жылмен салыстырғанда (55%) 13%-ға артты.
Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сәйкес, сұрау алынғандардың нақты саны 3 150 адамды құрады. Негізінен тексеру жұмыстары «Қазпочта» АҚ-дағы қолайлы әлеуметтік жағдайды белгілейді. Үш жыл ішінде әлеуметтік тұрақтылық рейтингінің көрсеткіші жоғарылаған (2013 ж. – 54%, в 2014 ж. – 67%, 2015 ж. – 68%) және белгіленген шкалаға сәйкес «ортадан жоғары» дәрежесінде орналасқан. Филиалдардың көбінде (18-нің 12-сі) оң динамика байқалады. ӘТР-дің айтарлықтай өсімі 2015 жылы, 2014 жылмен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстан ОФ-да (12 п.к.), Шығыс Қазақстан ОФ-да (11 п.к.), Атырау ОФ-да (9 п.к.) байқалады. Бұл бөлімшелердің рейтингі «орта» деңгейден «ортадан жоғары» деңгейге дейін жоғарылады.
ӘТР-дің айқын құлдырауы 2015 жылы, 2014 жылмен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстан ОФ-да 82%-67% аралығында белгіленген. Рейтинг «жоғары» деңгейінен «ортадан жоғары» деңгейіне ауысып кеткен. Көрсеткіш әлеуметтік көңіл-күйдің барлық құрамдас индекстері – еліктіргендік, әлеуметтік көңіл-күй және әлеуметтік тыныштық индекстерінің төмендеуі есебінде төмендеп кетті.
Әрі компанияның әлеуметтік даму индексі өзгеріссіз жоғары деңгейде қала берді, яғни персонал көңіл-күйлері мен ресми әлеуметтік көрсеткіштер арасындағы алшақтық жоғарылады. ӘТР-дің төмендеуі сонымен қатар 5-7 п.к. Қостанай ОФ, Жамбыл ОФ және Қызылорда ОФ-да орын алды. Дегенмен филиалдардағы рейтинг сол деңгейде қала берді. Тұтас алғанда, филиалдардағы жалпы жағдай қолайлы болып қала береді.