Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет38/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Пошталық қызметтер





Атауы

2013

2014

2015





Пошталық қызметтердің көлемі (млн. бірл.), оның ішінде:

374,97

327,63

304,76

жазбаша хат-хабар

58,66

49,15

45,84

жарнама материалдары

13,83

16,78

33,27

Сәлемдемелер

3,70

3,84

3,32

ірі габаритті жөнелтілімдер

0,96

0,71

0,54

мерзімді басылымдар

214,49

213,83

188,94

жедел пошта қызметтері

0,55

0,54

0,60

арнайы байланыс қызметтері

1,37

1,365

1,443

ХПЖ

5,93

6,86

7,92

өзге де қызметтер

75,48

34,55

22,90













Пошталық қызметтерден түскен кірістер (мың теңге), оның ішінде:

13 625 740

15 864 996

17 201 104

жазбаша хат-хабар бойынша

3 525 377

3 645 698

3 774 970

жарнама материалдары бойынша

271 187

362 637

374 799

сәлемдемелер бойынша

2 265 316

2 497 029

3 087 710

ірі габаритті жөнелтілімдер бойынша

911 001

861 914

564 386

мерзімді басылымдар бойынша

1 710 084

2 113 233

2 005 922

жедел пошта қызметтері бойынша

887 165

1 103 656

1 183 733

арнайы байланыс қызметтері бойынша

1 996 860

2 243 175

2 409 521

ХПЖ бойынша

1 286 194

2 470 237

3 084 272

өзге де қызметтер бойынша

772 556

567 417

715 791

Қаржылық қызметтер


2015 жылы кірістер 15 445 134 мың теңге сомасын құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 17% -ға немесе 2 246 527 мың теңгеге жоғары. 2015 ж. көлемі 904 434 мың теңгені құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 3,4%-ға немесе 30025 мың теңгеге жоғары.

Қаржылық қызметтер, мың теңге





Атауы

2013

2014

2015





Қаржылық қызметтер көлемі

822 098

874409

904 434

еңбекақы төлеу

80 324

88 146

77 134

зейнетақы мен жәрдемақы төлеу

473 610

505 456

525 423

төлемдерді қабылдау

249 925

260 126

274 679

ақша аударымы

17 638

20 576

27 168













Қаржылық қызметтерден түскен кірістер

12 451 046

13 198 607

15 445 134

зейнетақы төлеу бойынша

4 852 513

5 110 945

6 186636

төлемдерді қабылдау бойынша

4 915 399

4 953 148

5 554 155

ақша аударымы бойынша

639 477

718 640

817 465

өзге де кірістер

1 073 655

1 357 774

1 950 025

еңбекақы төлеу бойынша

970 002

1 058 100

936 853




    1. Есепке алу саясаты

«Қазпошта» АҚ-дағы қаржылық есеп «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен бекітілген «Қазпошта» АҚ Есепке алу саясаты негізінде жүзеге асырылады. 2015 жылы осы саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Есеп саясатына енгізілген өзгерістер мен қосымшалар
Есеп саясатына енгізілетін толықтырулар мен өзгертулер көлемі мәтін мазмұнының 50%-нан асатынына байланысты Есеп саясатын жаңа редакцияда бекіту ұсынылады, себебі «Қазпочта» АҚ(«Қазпочта» АҚ Басқармасы шешімімен бекітілген, протокол № 10 06.03.2013жылдан бастап) ішкі нормативтік құжаттарын бекіту Ережесіне сәйкес құжат жобасына толықтырулар/өзгертулер енгізілген жағдайда құжат жаңа редакцияда бекітіледі. Сонымен қатар келесі жаңа стандарттардың енгізілгені туралы ескертеміз:

  • ХҚЕС (IFRS) 15 «Сатып алушылармен жасалатын келісімшарт бойынша түсім»;

  • ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары».

«Қоғам есеп саясатына» бағытталған жоба «Самрұқ Қазына» АҚ жаңа корпоративтік есептік саясатына сәйкес 2016 жылы күшіне енетін өзгертулер мен толықтырулар есепке алынып жасалғанын айта кеткен жөн.
Қазіргі есеп саясаты Қоғамда бухгалтерлік есепті жүргізу ретін орнатады, соған сәйкес Қоғам күші жойылмаған заң нормаларымен орнатылған реті және уақыты бойынша атқаратын қызметтерге байланысты туындайтын міндеттерді орындайды.
Есеп саясатының негізгі ережелері 2015 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпеде берілген.
Сыртқы аудитор туралы ақпарат
«Қазпошта» АҚ сыртқы аудиторы «КПМГ Аудит» ЖШС болып табылады. Бұл компания аудит, салық салу, мәмілелерді сүйемелдеу және консультация беру саласындағы халықаралық көшбасшы болып табылады.
«КПМГ Аудит» ЖШС қызметтерінің негізгі түрлері:

  1. аудиторлық қызметтер;

  2. салық және заң қызметтері;

  3. консультациялық қызметтер.

Резервтер туралы ақпарат

Дебиторлық берешек және қорларды есептен шығару бойынша резервтер, мың теңге













Атауы

2013

2014

2015

Күмәнді және сенімсіз дебиторлық берешек бойынша резерв, мың теңге

934 087

1 001 838

1 500 257

Қорларды есептен шығару бойынша резерв, мың теңге

11 706

7 640

7 978


    1. Мемлекет және Қор тарапынан қолдау

Мемлекет тарапынан
ҚР Қаржы министрлігі «Қазпошта» АҚ Ислам Даму Банкінен алған қарызға кепілдік берді. Қарызды өтеу мерзімі – 2019 жылғы маусым.


Қор тарапынан
Қор Басқарма төрағасының тапсырмасы бойынша «Қазпошта» АҚ Жарғылық капиталын кезең-кезеңмен көбейту бағдарламасы әзірленді. Осы бағдарламаны Қор Басқармасы бекітті, ол Қордың жеке қаражаты есебінен Компанияның Жарғылық капиталын көбейтуді көздейді.Компанияның бісекелесі қабілетін жақсартатын және сонымен қатар стратегиялық мақсаттарға жету және қамту, нарық үлесін ұлғайту және қызметтің өнімділігін арттыру үшін Қор Компанияның жарғы капиталын 2013 жылы 2084 млн. теңгеге, 2014 ж. -1 815 млн. теңгеге, 2015 ж. 4 565 млн. теңгеге арттырды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты қаржылық қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын объектілердің қолданыстағы қауіпсіздік және күзет талаптарына сәйкес «Қазпошта» АҚ өндірістік объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарын техникалық жағынан бекіту деңгейін көтеру болып табылады.

Трансформация бағдарламасын өткізу бойынша шығыстарды қаржыландыру мақсатында Қор Қоғамның жарғылық капиталын толықтыру туралы шешім қабылдады.





    1. Байланысты тараптармен жасалған операциялар, мәмілелер

Компанияның үлестес тұлғаларымен жасалған мәмілелер
Компания Жарғысына сәйкес, ірі мәмілелер немесе ҚР заңнамасына сәйкес Компания жасалуына мүдделілік білдіретін мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдау Компания Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.
Орындалуына қызығушылық бар мәмілелер Компаниямен «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңнамасына және «Ұлттық әл-ауқат Қоры» сәйкес жүргізіледі. Компаниямен ірі мәмілелер есеп беру кезеінде жасалынбады.
2015 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарымен жасалған мәмілелердің жалпы сомасы 3,9 млрд. астам теңгені құрады. Тараптардың өзара қарым-қатынасы өзара тиімді ынтымақтастық негізіндегі коммерциялық сипатта болды. Мәмілелердің елеулі шарттарына арнаулы байланыс бойынша, мерзімді басылымдарға жазылу бойынша қызметтер ұсыну, брокерлік қызметтер көрсету, төлемдерді қабылдау, ақша қаражатын инкассациялау, пошталық және қаржылық қызметтер көрсету бойынша және басқа да қызметтерді көрсету, сондай-ақ, Компанияның «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарынан тауарлар мен қызметтер сатып алуы кіреді.

Мәмілені бекіту рәсімі тараптар арасында шарт жасасудан тұрады. Компания және шет ұйымдар арасындағы мәмілелер мен қатынастар ҚР заңнамасы аясындағы қарапайым коммерциялық негізде жүзеге асады.


Компаниямен айрықша қатынаспен байланысатын тұлғалармен жасалатын мәмілелер


Байланысқан жақтар операцияларын бекіту процедуралары ҚР заңнамасы талаптарына және Компанияның ішкі нормативтік құжатнамасына сәйкес жүргізіледі. Есеп кезеңі аралығында номиналды ұстаушы есеп жүйесінде ағымдық банк шоттарын және дербес шоттарды ашу бойынша мәмілелер жасалды.
Стандартты мерзімдері мен шарттары операцияларға қатысты өзгертілген, қарапайым тексеру процедуралары және бекітулер тіркелмеген. Операция нәтижесінде кредиттік тәуекел концентрациясы ретінде ұсынылатын реттелмеген қарыздардың қалдығы пайда болғандығы да тіркелмеген.



    1. Қаржы қызметі

Меншікті және қарыз капиталы, бағалы қағаздар және нарықтық капиталдандыру
«Самұрық-Қазына» АҚ Компанияның 100% акциясын иеленуші Жалғыз акционер болып табылады. Компанияның еркін айналымдағы бағалы қағаздары жоқ. Жарияланған акцияларының жалпы саны 31.12.20145 ж. 18 632 276 (он сегіз миллион алты жүз отыз екі мың екі жүз жетпіс алты) дананы құрайды, оның ішінде:

  • жай акциялар: 18 632276 (он сегіз миллион алты жүз отыз екі мың екі жүз жетпіс алты) дана;

  • артықшылыққа ие акциялары жоқ.

Жалғыз Акционер, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ шешіміне сәйкес, 07.07.2015 ж. №30/15 хаттама, жалпы сомасы 4 565 224 000 мың теңгеге тең 4 565 224 дана мөлшерінде қосымша жай акцияның шығарылымы бекітілді. 2015 жылы шығарылған жай акцияларды «Самұрық-Қазына» АҚ ақша қаражатымен толығымен төледі.

Кезең

Акцияның теңгерімдік құны, теңгемен

2011 жыл

917

2012 жыл

934

2013 жыл

344

2014 жыл

889

2015 жыл

1 097

Соңғы 10 жылда Компанияның жарияланған акциялары санының өсімі орташа есеппен жыл сайын 30% құрады. Соңғы 10 жылда Компанияның жарияланған акциялары санының өсімі орташа есеппен жыл сайын 30% құрады. Нәтижесінде, бұл кезеңде жарияланған акциялардың саны 14 млн. астам дананы құрады, бұл 2004 жылғы бұл көрсеткіштен 6 есе асып түседі.


«Қазпочта» АҚ инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерден ұзақ мерзімді қарыз алу бойынша жұмыс жүргізеді. 01.01.2016 ж. қарыз қаражатының жалпы сомасы 2899,93 млн. теңгені құрады. Есепті 2015 жылы қарыз қаражаттары тартылған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет