Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


Типі мен массасы, тоннасы көрсетілген, айтарлықтай ластаушы заттардың құрылымы



бет46/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Типі мен массасы, тоннасы көрсетілген, айтарлықтай ластаушы заттардың құрылымы













Көрсеткіштер

2013

2014

2015

NO2

69

67

63

SO2

123

119

111

Қатты бөліктер

429

415

387

Басқасы

342

332

310

Барлығы:

963

933

871

Компания күзгі-қысқы кезеңде өндірістік және әкімшілік үй-жайларды жылыту үшін отын ретінде көмір, дизель отынын және газды пайдаланады. Пайдаланылатын материалдардан келетін әсерді барынша азайту үшін Компания жылыту объектілерін газдандыру жұмыстарын жыл сайын жүргізеді.


Компания 2015 жылы 320 бірлік автокөлік паркін газ жабдығына, яғни отынның балама түрі - газға ауыстыру бойынша жобаны іске асырды.
Жобаны іске асыру көлік құралдарын күтіп ұстауға арналған пайдалану шығыстарын азайтуға және атмосфераға шығатын зиянды шығарындылардың санын азайтуға мүмкіндік берді.
Тұтас алғанда, 2015 жылға GPS (global positioning system) орнатқанға байланысты, сонымен қатар жанармайдың сұйық түрін пайдаланатын автомобиль көліктерінің 320 бірлігін ГБЖ-ны (газ-баллонды жабдық) пайдалануға ауыстыру негізінде 67,0 млн. теңгеден кем емес мөлшерде жанармайға кететін шығынды үнемдеуге қол жеткізілді. Компания автокөліктеріне ГБЖ-ны пайдалануға негізделген аталмыш оң тәжірибе 2016 жылға ауыстырылды.
Сондай-ақ, күн, жел сияқты энергияның жаңартылмалы көздерін пайдалану жоспарланып отыр, оның нәтижесінде атмосфераға шығатын шығарындылардың едәуір қысқаруы болады.
Компания тарапынан 2016-2020 жылдарға қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспар жасақталып, бекітілді. Оның негізінде әуе бассейінін қорғау, өндірістегі қалдықтарды пайдалану мен тұтыну және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамаларын бұзудың алдын алу бойынша өзге де іс-шаралар қатары жоспарланған.
2015 жылға экологиялық заңнамаларды сақтамауға байланысты қойылған қаржылай емес өзге санкциялар мен айыппұл санкциялары жоқ.
Қоғам филиалдарымен қоршаған ортаны қорғау бойынша төменде берілген іс-шаралар тізіміне бағытталған 13,0 млн. теңге сома игерілген:
1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу мақсатында, шекті-рұқсат етілетін шығарындылар нормативтерінің жобаларын әзірлеуге;
2. Өндірістің және тұтыну қалдықтарын шығаруға және кәдеге жаратуға шарттар жасасуға;
3. Компания объектілерінде өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу және т.б.
2015 жылы әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты келесі филиалдармен қоршаған орта эмиссияларына 42 рұқсат алынған: Ақтөбе ОФ, Шығыс Қазақстан ОФ, Батыс Қазақстан ОФ, Оңтүстік Қазақстан ОФ, "Астана почтамты" АФ, Ақмола ОФ, Атырау ОФ, Шығыс Қазақстан ОФ, СҚОФ, "ИЛЦ ЮГ" филиалы, Қызылорда ОФ, Қарағанды ОФ, "Алматы почтамты" АФ.



    1. Энергия үнемдеу

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңды және «2014-2020 жж. арналған «Қазпочта» АҚ-да энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасын» орындау аясында, 2017-2020 жылдарға арналған Компаниядаэнергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
Аталмыш жоспар шеңберінде жарықдиодты жарықтандыру жабдығын пайдаланумен жарықтандыру жүйесін жаңғырту, жылыту радиаторларына термостатикалық регуляторларды орнату, шатыр жабындысын жылыту, жылу ағынын реттеу, терезелерді ауыстырып, жылыту, қасбеттің жөндеу жұмыстары, элеваторлы түйінді ауыстыру және жылуын өткізбеу, жылыту жүйелері радиаторларын тазарту, үлестіру желілері құбырсымдарын ауыстыру және жылуын өткізбеу, есік доводчиктерін және т.б. орнату қарастырылған
2015 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі жеке және заңды тұлғалар үшін энергосервистік шарттардың типтік үлгілерін бектітті. Оның негізінде «Қазпочта» АҚ «Led System Media» ЖШС-мен бірлесе отыра, ғимаратты жарықдиодты жарықтандырумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстандағы тұңғыш энергосервистік шартқа қол қойды.
Сынамалы жоба трансформация бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады және бар металлогалогенді және люминесцентті шамдар мен отандық тауар өндірушілердің майшамдарын ауыстыру жолымен басты кеңсенің ішкі және сыртқы жарықтандырылуының тесттік жаңғыртылуына бағытталған. Энергосервистік шарттарды пайдалану қажеттілігі және халықаралық ірі ЭСКО компанияларды тарту мемлекет басшысымен бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» нация жоспарында айтылған болатын.
Жүзеге асуына қарай аталмыш жоба электр энергиясын тұтынуды 140 МВт-ға немесе жылына 2,9 миллион теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Себебі энергосервистік шартқа сәйкес, ЭСКО барлық шығындарды өз мойнына алады, ал оның өтеуі электр энергиясын үнемдеу нәтижелері негізінде алдағы 5 жыл бойы жүзеге асатын болады. Алдағы уақытта компания барлық филиалдарда осы секілді жобаларды іске қосуды жоспарлауда, нәтижесінде 1845 МВт немесе жылына 30 миллион теңге үнемдеу мүмкін болады.
ЭСКО – энергия үнемдеуші іс-шараларға қаражаттарды бөлетін инвестициялық кәсіорын, ол шараларды жүзеге асырып, өзінің салған қаражаттарын энергосервистік шарттар негізінде ұзақ мерзімді уақыт аралығында энергия қорларын үнемдеу жолымен қайтарады.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жасау бойынша 2015 жылға қатысты күрделі қаржы жұмсалымдарын жүзеге асыру мақсатында Компанияның келесі филалдарында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салалары бойынша шаралар атқарылды:
Ақтөбе ОФ:
- Алға АПБТ-да жалпы сомасы 6 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды, оның ішінде 1 млн. теңге терезе кәсектерін ауыстыруға жұмсалды.
Алматы ОФ:
- Райымбек АПБТ-да жалпы сомасы 13 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды, оның ішінде 1,6 млн. теңге терезе кәсектерін ауыстыруға жұмсалды.
Павлодар ОФ:
- Ақтоғай АПБТ-да төбе жабынын ауыстыруға 2,3 млн. теңге жұмсалды.
- Лебяжі АПБТ-да қазан және қазан жабдығын ауыстыруға 3 млн. теңге жұмсалды.
БҚОФ:
- Сырым, Қаратөбе, Теректі, Жанғалы және Зеленовский АПБТ-тарында жалпы сомасы 1,3 млн. теңгеге қазан ауыстырылды.
Атырау ОФ:
- Индер АПБТ-да 8,9 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды, оның ішінде 800 мың теңге терезе кәсектерін ауыстыруға жұмсалды.
- Махамбет АПБТ-да 7,8 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды, оның ішінде 1,2 млн. теңге терезе кәсектерін ауыстыруға жұмсалды.
Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы:
- ОБ ғимаратындағы төбе жабынын қайта жасақтауға 14 млн. теңге жұмсалды.
Ақмола ОФ:
- Атбасар АПБТ-да 10 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды, оның ішінде 1,8 млн. теңге терезе кәсектерін ауыстыруға жұмсалды.
Маңғыстау ОФ:
- Қарақиян АПБТ-да 9,2 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды, оның ішінде 6 млн. теңге төбе жабындарын жөндеуге жұмсалды.
Қостанай ОФ:
- Амангелді АПБТ-да 537 мың теңгеге қазан жабдығы ауыстырылды.
Өндірістік және әкімшілік ғимараттарды күз және қыс мезгілдерінде жылыту үшін қажетті жанармай мақсатында, жоғарыда атап өткеніміздей, көмір, дизжанармай және май пайдаланады. Төменде энергияны пайдалану көлемі бойынша ақпарат ұсынылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет