Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет45/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Қызметкерлердің саны






Атауы

2013

2014

2015

+/-

Тізімдік саны, адам

21957

22907

22703 

-204*

Әкімшілік

948

901

926

25

Өндірістік

20967

21974

21 744

-230

Көмекші

42

32

33

1

Штат саны, бірлік

16983

17466

17435

-31

Әкімшілік

918

848

897

49

Өндірістік

16021

16586

16506

-80

Көмекші

44

32

32

0

* Сандардың төмендеуі келесі факторлармен байланысты:


Grant Tornton бағдарламасы бойынша экономистердің қысқартылуы;
қысқартулар (мамандар, есепшілер), азаматтық қорғаныс және мобилизация жұмысын 0,5 бірлікке ауыстыру.



    1. Еңбекті қорғау

2015 жылдың қорытындысы бойынша Компанияда 11 жазатайым оқиға тіркелді. 2014 және 2015 жылдардағы «Қазпочта» АҚ-дағы өндірістік жарақаттану динамикасын зерделеу салыстырмалы түрде бірдей нәтиже көрсетті және 10-11 оқиға шамасын құрады.


Өндірістік жарақаттану динамикасы





Атауы

2013

2014

2015





Құлау (сыну, соғып алу)

7

3

8

Жол-көлік апаты

2

1

-

Қарақшылық шабуыл

2

1

-

Басқа да жағдайлар

3

5

3

Барлығы:

14

10

11

ҚНК қызметінің негізгі көрсеткіші 1000 адамға шаққандағы есептен өндірістегі жазатайым оқиға санын анықтау болып табылады.


Компанияға соңғы жылдар ішінде «1000 адамға шаққандағы өндірістегі жазатайым оқиғалар саны» көрсеткішін азайту мүмкін болды. Аталмыш көрсеткіш 2014 және 2015 жылдары 0,44-0,48 проценттерінің шектерін құрады.



Өндірістегі жазатайым оқиғалар саны, мың адамға шаққанда







2010

2011

2012

2013

2014

2015







0,81

0,76

0,60

0,63

0,44

0,48

Сонымен қатар ескеріп кететін жағдай, мың адамға шаққандағы өндірістегі жазатайым оқиғалар санының көрсеткіші 2015 жылы 2010, 2011, 2012 және 2013 жылдармен салыстырғанда 0,33, 0,28, 0,12 және 0,15 пайыздарға аз. Осылайша, мың адамға шаққандағы өндірістегі жазатайым оқиғалар санының азаю тенденциясын ескеріп кетуге болады.





Өндірістік жарақаттану динамикасы








Атауы

2010

2011

2012

2013

2014

2015








Жазатайым оқиғадан зардап шеккендердің саны, оның ішінде:

18

17

13

14

10

11

Зардап шегіп, мүгедектік алғандар

-

-

1

-


-

Зардап шегіп, қайтыс болғандар

1

-

-

1

1

-

Барлығы:

19

17

14

15

11

11

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды азайту және ескерту мақсатында Компанияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтардың барлық түрлері жүргізіледі. Жұмыс жасап жатқан қызметкерлер мен жұмысқа қайта қабылданып жатқан қызметкерлермен олардың аталмыш мамандық не кәсіп бойынша біліміне, жұмыс өтілінен тәуелсіз, өндірістік оқытуға не практикаға келген уақытша қызметкерлер, іссапарға шыққандармен, оқушылар және студенттермен нұсқаулықтар өткізіледі.
Қоғам бюджетінің «Еңбекті қорғауға кететін шығындары» бабы бойынша қаражаттар еңбек шарттарын жақсартуға және жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын, арнайы киімдерді, арнайы тамақты, арнай аяқкиімді, медикаменттерді, маскаларды, респираторларды алуға, ғимараттар мен құрылымдарды санитарлы өңдеуге, қызметкерлерді міндетті сақтандыру бойынша іс-шараларға, қызметкерлерді дәрігерлік тексерістерден өткізуге және т.б. бағытталады.
2015 жылдың қорытындылары бойынша еңбекті қорғау бойынша іс-шараларға 5731,0 мың теңге игерілген, оның ішінде бюджет баптары бойынша:
1) арнайы киім – 21176,0 мың теңге;
2) дәрігерлік тексеріс – 7853,0 мың теңге;
3) дәрілік препараттар – 3011,0 мың теңге;
4) арнайы тамақ – 7339,0 мың теңге;
5) өзге – 17914,0 мың теңге.
6) дәрігерлік куәландыру – 8438,0 мың теңге.
«Grandes» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-мен қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бекітілді.
Қоғам қызметкерлері 17 342,19 адам жалпы сомасы 5641,7 мың теңге шамасында өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. «Фирма Адонис» ЖШС-мен 111 607,00 теңге сомасында 50 дана мөлшеріндегі дәрігерлік қобдишаларды сатып алуға қатысты шарт орнаған. 401785,75 теңге сомаға 25 дана мөлшеріндегі тонометрлерді сатып алу туралы шарт орнаған. 311 400 теңге сомасындағы 173 дана пошташылар үшін арналған салқыннан қорғайтын маскаларды сатып алу туралы шарт орнатылған.
Пошташылар мен қызметкерлердің өзге санаттарына жазғы және қысқы аяқкиімді сатып алу бойынша өтемақы төлемдер бойынша басқару құжаттары әзірленіп, басылған, ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілген. Жазғы киімге өтемақы төлемдердің мөлшері 7 043 қызметкерге 55 836,9 мың теңге, сәйкесінше қысқы аяқкиімге 7058 қызметкерге 69944,8 мың теңге құрады. Барлығы 125781,7 мың теңге.
Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандар аттестациясы белгіленген мерзімдерге сәйкес Қоғамның барлық филиалдарында жүргізіледі.
Филиалдың еңбекті қорғау күзетшілері жұмысшыларының кәсіби білімдері мен машықтарын жетілдіру, «Қазпочта» АҚ өндірісінде жазатайым оқиғаларды болдырмау және оларды минималдандыру мақсатында Қарағанды ОФ-да семинар-жиын өтті.
Өндірістерінде жазатайым оқиға орын алған Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде түзеу және ескерту әрекеттері бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Еңбек міндеттерін атқару кезіндегі қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша бақылау жүргізіледі.
2016 жылға Қоғам бюджетінің жоспары төмендегілерді қарастырады:
1) шұғыл әрі жоспарлы (дәрігерлік) көрсеткіштер бойынша дәрігерлік қызметтерді көрсеткені үшін 30316,0 мың теңге сомасында сұрыптаушылардың ерікті дәрігерлік куәландыруы үшін;
2) 64100,5 мың теңге сомасындағы еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезіндегі қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру үшін.



  1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Компанияның табиғатты қорғау қызметі ҚР Экология кодексіне, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ Компанияның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатымен регламенттелген.
Атмосфералық ауаға рұқсат етілмеген және нормативтен тыс шығарындылар шығуының алдын алу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесін тұрақты жақсарту Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының негізгі бағыттары болып табылады.
Компания қоршаған ортаға әсерді тиімді басқару бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Компания авариялық жағдайлардың алдын алу жөніндегі кешенді шараларды ойдағыдай іске асырады, экологиялық жауапкершілікті арттыру, ҚР заңнамасының, салалық және корпоративтік стандарттар мен нормалар талаптарын сақтау үшін жұмыс істейді.



    1. Зиянды заттарды оңтайландыру

2015 жылы нормадан тыс (рұқсат етілмеген) зиянды заттар көлемін алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 0,858 тоннаға төмендетуге қол жеткізілді және ол 0,9 тоннаны құрады. Атмосфераға ластаушы заттарды шығаратын әлеуетті негіздері бар нысандар үшін қоршаған ортаға рұқсат етілген эмиссия шектеріндегі эмиссия нормативтері белгіленеді.
Компания филиалдары жыл бойы Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыстар жүргізді. Ішінара, санитарлық тазалау, өңірлердегі филиалдар мен пошта байланысы бөлімшелерінің аумақтарын санитарлық тазалау, жақсарту бойынша едәуір жұмыс жүргізілді. Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар мен басқа да өндірістік қалдықтар мамандандырылған ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес уақтылы шығарылады.
Полигонда орналастырылатын қауіпсіз қалдықтардың көлемі, тонна:

  • 2013 ж. –6 248;

  • 2014 ж. –6 157;

  • 2015 ж. – 6 065.

Ақмола ОФ Атбасар, Еңбекшілер, Ақкөл АПБТ пайдаланылатын қазаннан шығатын ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында сәйкесінше 85%, 92%, 90% тазалау тиімділігімен ЦН 15-500*1УП, ЦН 11-600, ЦН-15 типтегі циклон шаңгаз тазалайтын жабдығы орнатылды.
Ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету, табиғи ортаға келетін кері әсерді азайту мақсатында, Компания шығарындыларды азайту бойынша барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды.
Ластаушы заттар шығарындыларының көлемі, жылына/тонна:

  • 2013 ж. – 963;

  • 2014 ж. – 933;

  • 2015 ж. – 871.

2015 ж. ластаушы заттардың нақты шығарындылары 2014 жылмен салыстырғанда 62 тоннаға төмен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет