Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


Барлығы: 1 676 314,00



бет43/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Барлығы:

1 676 314,00




    1. Ынталандыру

Компания менеджменті тарапынан тұрақты негізде филиал қызметкерлерінің әлеуметтік қолдауын жақсарту, жалақысын көбейту үшін ішкі резервтерді іздеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Еңбек және мотивация талаптарын жақсарту мақсатында жаңа ішкі құжаттар, сонымен қатар Қоғам қызметкерлеріне еңбекақыны төлеу жүйесі, формасы, тарифтік мөлшерлемелер мен жалақылар, үстеме ақылар мен қосымша төлемдер, еңбек мөлшерлемелерін реттеуші Қоғамның ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Бүгінгі таңда филиал қызметкерлеріне лауазымдық жалақыға қосымша ретінде пошта, қаржы, агенттік және өзге де қызметтерді көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төленеді. Пошташыларға лауазымдық жалақысына қосымша ретінде есеп-хабарламаларды, зейнетақы хабарламаларын (көшірме) жеткізгені үшін комиссиялық сыйақылар төленеді. Сонымен қатар, Қоғам тарапынан қызмет көрсеткені үшін өтемақы сыйақылар төленетін қызметтер тізімінің кеңейтілуі бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Осылайша, 2015 жылдың қорытындыларына сәйкес, филиал қызметкерлеріне ынталандыру сипатындағы келесі төлемдер төленді:
Филиал қызметкерлерінің ағымдағы сыйақысы 1 295 952 мың теңгені құрады;

    • Біржолғы сыйақы беру – 930 816 мың теңге;

    • Мерейтойлық күндерге біржолғы көтермелеулер – 54 901 мың теңге;

    • Жалақыға комиссиялық сыйақылар – 125 028 мың теңге.

Өндірістің тиімділігін арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, кәсіптік деңгейді көтеруге қызметкерлердің материалдық қызығушылығын қосымша күшейту мақсатында (бекітілген еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар жоспары шеңберінде) филиал директорының немесе оған уәкілетті тұлғаның бұйрығымен ынталандыру үстемеақылары белгіленеді:
1) құрмет белгісі үшін үстеме ақы «Құрметтi байланысшы»/ «Yздiк байланысшы» белгісі бар қызметкерлерге лауазымдық айлықақысынан 10% (он пайыз) мөлшерінде белгіленеді;
2) кәсіби шеберлігі үшін үстеме ақы филиалдардың әкімшілік (тағайындалатын номенклатуралық қызметкерлерді қоспағанда) және өндірістік персоналына лауазымдық айлықақысынан 50%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Персоналды оқытуға үстеме ақы кадрларды қайта дайындау және біліктіліктерін арттыру және көпшілікпен жұмыс істейтін кәсіп қызметкерлерін оқыту (оператор, поштальон, сұрыптаушы және басқалар) бойынша оқу сабақтарын өткізу үшін айына оқытудың нақты уақытына қарай:

  • 10 сағатқа дейін – лауазымдық айлықақысынан 10% (он пайыздан) аспайтын;

  • 20 дейін – лауазымдық айлықақысынан 15% (он бес пайыздан) аспайтын;

  • 20 сағаттан астам – лауазымдық айлықақысынан 20% (жиырма пайыздан) аспайтын мөлшерде белгіленеді.

Қоғамда қызметтер көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы көзделген, мысалы:



  • ақша аударымы қызметі – 1 транзакция үшін 50 теңге,

  • пластикалық карточкалар ашу - 100 теңге.

2015 жылы жемісті жұмыс жасағаны, кәсіпқойлығы мен жоғары жетістігі үшін жұмыскерлерді ынталандыруға арналған мынадай іс-шаралар өткізілді:

  1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне арналған медальмен 1 адам марапатталды; «Үздік байланысшы» құрметті атағын 18 жұмыскер иеленді. ҚР Конституциясына 20 жыл медаліне 25 жұмыскер ұсынылды.

  2. Дүниежүзілік пошта күнінің атап өтілу құрметіне 110 жұмыскер «Қазпочта» АҚ Құрмет грамотасымен және «Қазпочта» АҚ Алғыс хатымен марапатталды ( АҚ жұмыскерлері –27, филиал жұмыскерлері – 83);

ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне:

  • 1 жұмыскер – «Құрмет» орденімен,

  • 2 жұмыскер – «Ерен еңбегі үшін медалімен;

  • 2 жұмыскер – құрмет грамотасымен;

  • 18 жұмыскер – «Үздік байланысшы» құрметті атағымен;

  • 25 жұмыскер «Самұрық-Қазына» АҚ құрмет грамотасымен марапатталды.

  1. Мемлекеттік және кәсіби мереклер кезінде «Қазпочта» АҚ Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапаттау үшін Қоғамның 153 жұмыскері белгіленді.

  2. 2015 жылы 15 мамырда Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының қатысуымен еңбек династияларын ұлықтауға арналған іс-шара өткізілді. Қоғамды пошта саласында жалпы алғанда 95 жылдық еңбек өтілі бар Новгородцевтар династиясы таныстырды.

2015 жылдың қазан айындағы Пошташылардың сөзін тыңдау қорытындысы бойынша мына жұмыскерлер жеңімпаз атанды:
– «Құрметті пошташы» номинациясында – Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облыстық филиалының №6 ПББ пошташысы – Шөкеева Торғын Сайранқызы (16.10.2016 ж. №144 бұйрық, сыйлықақы 100 000 теңге);

  • «Ең үздік пошташы» номинациясында – Қарағанды облыстық филиалының Бұқар жырау АПББ пошташысы – Вихарева Марина Андреевна (16.10.2016 ж. №144 бұйрық, сыйлықақы 70 000 теңге);

  • «Үздік пошташы» номинациясында – Астана почтамты №4 ПББ пошташысы – Петрова Вера Абдрашитовна (16.10.2016 ж №144 бұйрық, сыйлықақы 50 000 теңге);

  • «Үздік идея» номинациясында – Қызылорда қ., Қызылорда облыстық филиалының №5 ПББ пошташысы – Мұсабаева Мадина Абдоллақызы (сыйлық – ноутбук);

  • «Арманды жүзеге асыру» номинациясында – Шымкент қ. Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының АПББ-4 пошташысы – Раисова Динара Берікқызы (сыйлық – планшет);

  • «Үздік өңір таныстырылымы» номинациясында – Алматы почтамтының №14 ПББ пошташысы – Петрова Ирина Алексеевна (сыйлық – смартфон).


    1. Оқыту

2015 жылы «Қазпочта» АҚ орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен 13 корпоративтік семинар ұйымдастырылды. Соның шеңберінде Қоғамның 343 қызметкері өз біліктіліктерін арттырды.
Корпоративтік семинарлар мына тақырыптар бойынша жүргізілді: өзгерістерді басқару, карточкалық бизнес, ЕМС қызметтерді ұсынудағы тәжірибелік және әдіснамалық көмек, арнайы байланыс қызметтері сапасының жоғарылауы, пошта және қаржы қызметтері сатылымының дамуы, hyperion planning жүйесіндегі бюджетті жоспарлау мен талдау, филиалдардағы бухгалтерлік есеп процестерін автоматтандыру және есеп пен есептілік дамуының тұжырымдамалары, жетекшілер үшін клиентке бағдарланушылық, арнайы байланыс қызметінің жаңаруы мен дамуы, команда құру қағидаттары, ҚР-дың жаңа Еңбек кодексі, өндірістік нысандарды жіктеу.
Қазіргі уақытта қызметкерлерді облыстық деңгейде оқыту үшін білім беру бойынша 4 жергілікті менеджер белсенді қызмет атқарып келеді.
2015 жылға 15 облыстық филиал оқытумен қамтылды. Оқытушы іс-шаралар (семиналар/тренингтер/презентациялар) мына тақырыптар бойынша өтті: трансформация бағдарламасы, «Қазпочта» АҚ жаңа өнімдері, «Қазпочта» АҚ өндірістік нысандарындағы клиенттерге қызмет көрсету сапаларының стандарттары, конфликтология, «Қазпочта» АҚ қызметтерін тиімді сату, ұқыпты өндіріс (Кайдзен технологиясы), жаттықтырушылар үшін тренингтер, ОФ менторларын оқыту.
Бұдан бөлек, ӨТО (өндірістік-техникалық оқыту) шеңберінде филиалдарда 522 оқыту іс-шаралары өтті. Қатысушылардың саны 13089 адамды құрады. 2015 жылы персоналды оқытуға жұмсалатын шығын 36759 мың теңгені құрады.
Қоғам филиалдары тараптарынан бес колледжбен дуальді оқыту шарттары жасалды. Олардың қатарына Қазақ-Америка университеті жанындағы Алматы байланыс колледжі, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі, Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі, Шығыс Қазақстан облысы Білім беру басқармасының радиотехника және байланыс колледжі, Оңтүстік Қазақстан Білім беру басқармасының №4 колледжі. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 136 студент өндірістік практикадан өтті.
Сонымен қатар, Алматы почтамты Телекоммуникация және машина жасау колледжімен бірге 2015 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында байланыс операторларына ақылы курстар жүргізді (оқыту – 1 ай; ПББ-дағы тәжірибе – 2 апта). Емтихан тапсырғаннан кейін, 30 тағылымгер сертифкаттарды иеленді, олардың 13-і жұмысқа орналасты.



    1. Мәдени-көпшілік іс-шаралар. Қайырымдылық және демеушілік

Корпоративтік мәдениет деңгейін көтеру, Қоғам имиджін нығайту және дәстүрлер сабақтастығын сақтау мақсатында мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді.
Қоғамда мынадай мерекелік және қайырымдылық іс-шаралары өтті.
8 Наурыз – әйелдер үшін мерекелік концерт өткізу.
23 Наурыз – (Наурыз мейрамы) клиенттерге арналған мерекелік дастарқан ұйымдастырылды.
2015 жылдың 6 мамыры – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара.
2015 жылдың 9 мамыры (Жеңіс күні) – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шақыра отыра Жеңістің 70 жылдығын тойлау бойынша жұмыстар жүргізілді. Арнайы осы іс-шара үшін жұмыс комиссиясы құрылды. ОП комиссиясы тарапынан стратегиялық және әлеуметтік сипаттағы іс-шараларды қоса отыра, ҰДС-дағы Жеңіс Күнінің 70 жылдығына дайындалуға және өткізуге қатысты Жоспар жасақталып, бекітілді. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, 1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-те туындаған апат салдарын жоюға қатысқан «Қазпочта» АҚ қызметкерлеріне және «Қазпочта» АҚ есебіндегі Ауғанстандағы соғысқа қатысқандарға «Қазпочта» АҚ демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмегін көрсету ережелеріне сәйкес ақшалай сыйақылар бөлінген.
«Қазпочта» АҚ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері үшін 2015 жылдың 29 сәуірі мен 15 мамыры аралығында Қазақстан Республикасының ішінде жарияланған құндылығы бар қарапайым хаттар, сәлемделер, бандерольдар мен хаттарды жіберу бойынша тегін қызметтер ұсынылды. «Қазпочта» АҚ корпоративтік порталында «Жеңіс үшін рақмет!» «Пошташылардың балалары ҰОС ардагерлеріне көмекке асығып келеді», «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұлы ерлігі», «ҰОС-дағы жақындардың намысы үшін» (пошта қызметкерлері туыстарының оқиғалары) «Жеңіске 70 жыл» балалар суреттерінің конкурсы» тақырыптық рубрикациясымен бөлім жасақталды.
ҰОС ардагерлері үшін «Қазпочта» АҚ ОА қызметкерлері ерікті негізде «Жеңіс Күніне 50 жыл» логотипімен арнаулы сөмкелердегі майдан пайкаларын қалыптастыру үшін қаражаттар жинады. Қолдан жасалған майдан пайкалары ҰОС кезінде болған азық-түлік себетінен тұрды. Салтанатты рәсімде майдан пайкалары ардагерлер-жеңіске жетушілерге табыс етілді.
Сонымен қатар Жеңістің 70 жылын тойлау шеңберінде «Жеңіс үшін рақмет!» балалар суреттерінің конкурсы өтті. Конкурсқа балалармен кез келген жанр мен техникада (гуашь, тушь, графика, акварель, пастель, аралас техникалар) өз беттерімен салынған суреттер қабылданды. Шығармашылық конкурс екі кезеңнен тұрды: біріншісі Қоғам филиалдарында, екіншісі – Орталық аппаратта. Конкурсқа Қоғам қызметкерлерінің 5-15 жастағы балалары қатысты. Өздерінің шығармашылық жұмыстарын Қазақстанның барлық аймақтарынан 80-нен аса бала бағыттады.
Астанада, «Қазпочта» АҚ Орталық аппаратының кеңсесінде бірінші кезең жеңімпаздарының сурет галереясы ұйымдастырылды. Балалардың суреттерінде әскери тематика суреттелді. Адамзатқа бейбітшілік пен еркіндікті сыйлаған сарбаздардың батырлықтары мен ерліктері сипатталды. Конкурс нәтижелері бойынша үш шығармашылық жұмыс ерекшеленіп, салтанатты рәсімде ата-аналар мен тума-туыстардың қатысуымен конкурс жеңімпаздарын марапаттау өтті. Балаларға жүлделі орындар үшін Грамоталар мен құнды сыйлықтар табыс етілді. «Жеңіс үшін рақмет!» атты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерейтойына арналған конкурс қатысушыларына «Қазпочта» АҚ Орталық аппараты қызметкерлерінің жеке қаражаттары есебінде сатып алынған сыйлықақылар бағытталды.
«Пошташылардың балалары ҰОС ардагерлеріне көмекке асығып келеді» акциясы 2015 жылдың 1 наурызынан 9 мамырына дейінгі аралықта жалғасты. Осы уақыт аралығында «Қазпочта» АҚ қызметкерлерінің балалары «Қазпочта» АҚ-ның барлық облыстық филиалдарындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлері мен тұрғын үйлерін аралап шықты. Еріктілер пәтерлер мен үйлерді жинауға көмектесті, тұрғын құрылыстар мен аулаларды ретке келтірді. Дуалдар мен қақпаларды жөндеді, азық-түлік өнімдерін алып берді. Акция қатысушылары өз бетімен қозғала алмайтын қарт адамдарға да өз қамқорлығы мен ықыласын бөлді.
1 маусым (Дүниежүзілік балаларды қорғау күні) – Компания қызметкерлерінің балалары үшін мерекелік іс-шара өткізілді. Балалар үшін сыйлықтар мен тәттілерді әзірлей отыра жарқын, көңілді іс-шара ұйымдастырылды.
Жұмысшы кәсіптердің деңгейін жоғарылату, жұмысшы кәсіптердің маңыздылығын арттыру үшін ағымдағы жыл пошташы жылы деп жарияланды және жұмысшы кәсіптердің үздік өкілдері бірнеше мәрте анықталып, марапатқа ұсынылды. Кәсіподақ ұйымы осы іс-шараларға қатысты және кәсіптің үздік мамандарын марапаттау үшін қаржы бөлді. Компанияда облыстық деңгейде «Үздік оператор», «Үздік пошташы», «Үздік ұжым» іс-шаралары өтті.
2015 жылдың желтоқсан айында 800-ден аса бала «Аяз Атаға хат жаз» акциясы арқасында сыйлықтарға қол жеткізді. Аяз Атаның құттықтауларымен жауап хаттары барлық Қазақстан бойынша 3 000 аса балаларға жіберілді. Облыстың орталықтардың бас почтамттарында, Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы «Мега» сауда-ойын-сауық орталықтарында Аяз Атаға бағытталған хаттарға арналған арнайы пошта жәшіктері орналастырылды. Қазпошта хаттардың рекордты мөлшеріне – 3752 қол жеткізді. Сыйлық ретінде балалар ойыншықтар, смартфондар, музыкалық аспаптар, тіпті, тұрмыстық техникаға ие болды. «Аяз Атаға хат жаз» акциясын мемлекет басшысы Н.Назарбаев қолдады. Ол балаларға «Қазақстанның лайықты азаматтары болыңдар» деген шын тілегімен балаларды көптен күткен сыйлықтарын сыйлады. Балалардың хаттарының бір бөлігі post.kz порталында жарияланды, ол жерде қалаған адам хатты таңдап, баланың арманын жүзеге асыруға көмек көрсете алды. 50-ден аса адам балаларға аталмыш портал арқылы сыйлықтарын жіберді. Қазақстанның балалар үйлері мен интернаттарында Компания қызметкерлері тарапынан мерекелік іс-шаралар өткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет