Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


Қайырымдылық және демеушілік



бет44/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Қайырымдылық және демеушілік
аясындағы әлеуметтік жобалар
(мың теңге)





Атауы

2013

2014

2015





Қарттар күні

5 503

5 916

689

Ұжымдық шартқа сәйкес ұйымда жұмыс істемейтін тұлғаларға материалдық көмек (бұрынғы қызметкерлерге)

1 891

3 350

1 966

Ұжымдық шарт:

26 350

26 350

26 350

Шипажай-курорттық емдеуге жолдамаларды сатып алу

8 000

8 000

8 000

Балалар сауықтыру лагерлеріне жолдамаларды сатып алу

8 000

8 000

8 000

Көпшілік-мәдени және спорттық іс-шаралар

5 000

5 000

5 000

Қызметкерлердің балаларына жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алу

5 350

5 350

5 350

Барлығы:

33 744

35 616

29 005


    1. Жанжалдарды басқару

Компания корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалын реттеу мәселелеріне айрықша көңіл бөледі. Кәсіподақ өкілдері қызметкерлердің өтініштерін немесе қызметкерлердің әрекеттерімен немесе әрекетсіздіктерімен байланысты өтініштерді қарауға, жанжалдарды қарауға, арнайы құрылған комиссия немесе келісу комиссиялары шеңберінде аттестация өткізуге және т.б. белсене қатысады.
Шағымдар мен өтініштердің алдын алу, реттеу, «Қазпочта» АҚ қызметкерлерінің арасында әлеуметтік-еңбек жанжалдарын болдырмау мақсатында тұрақты жұмыс істейтін Әлеуметтік-еңбек жанжалдарын реттеу жөніндегі комиссия құрылды.
Компанияда корпоративтік мәдениетті нығайту, еңбек жанжалдарын болдырмау және реттеу, өзін-өзі ұстау, құндылықты нұсқаманы және персоналдың адалдығы ережесін белгілеу бойынша жүйелі әдіс қолданылады.

Осы мақсатта:



  • Омбудсмен институты;

  • әлеуметтік-еңбек жанжалдарын реттеу жөніндегі комиссия;

  • кәсіби қауымдастық жұмыс істейді.

  • Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын түсіндіру мақсатында Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мобильді топтар жұмыс істейді.

Мүдделер жанжалы ұғымын, мүдделер жанжалының болуы мүмкін жағдайларының жалпы тізбесін белгілейтін, сондай-ақ оларды реттеу рәсімін бекітетін, «Қазпочта» АҚ-да корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалдарын реттеу туралы ереже бекітілді. Міндеттерін Корпоративтік хатшы орындайтын омбудсмен тағайындалды. Омбудсмен функциясына: ішкі құжаттарды көкейкесті ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, қорытындылар ұсыну, корпоративтік жанжалдарды қадағалау, байланыс арналарын дамытуға көмектесуге қатысу, мүдделер жанжалдарын реттеу (құзыретті шектеу мәселелері бөлігінде) және Іскерлік этика кодексінде бекітілген қағидаттардың бұзылу рәсімдерін қарастыру кіреді.


Алаяқтық, асыра пайдалану және басқа да заңға қайшы іс-әрекеттердің болуы мүмкін немесе мәлім фактілері туралы хабарламалармен жұмыс жөніндегі саясатта Іскерлік этика кодексі мен Компания саясаты ережелерінің бұзылуы туралы мәліметтерді қарастыру механизмі қалыптастырылды.
Еңбек қатынастарын реттеу, қызметкерлердің құқықтарын сақтау, «Қазпочта» АҚ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу жағдайларын жасау үшін «Қазақстан байланыс қызметкерлері кәсіподағы» РҚБ, «Ақпараттандыру және байланыс қызметкерлері кәсіподақтарының қауымдастығы» ЗТБ арасында ұжымдық шарт жасалды.

Қоғамдағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде, сонымен қатар арыздар мен үндеулерді реттеу, алдын алу мақсатында, «Қазпочта» АҚ қызметкерлерінің арасында әлеуметтік-еңбек тартыстарын болдырмау үшін Қоғамның орталық аппараты қызметкерлері ішінен мобильді топ жасақталды. Бұдан бөлек, әлеуметтік тұрақтылықты жоғарылату мақсатында Қоғаммен «Қазпочта» АҚ-ның 2015-2018 жылдарға арналған әлеуметтік тұрақтылық деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Ол жерде Қоғам филиалдарындағы кадрлық іс жүргізу мен менеджмент тексерістерін жүргізу, жиналыстарды ұйымдастыру арқылы жұмысты түсіндіру, әлеуметтік-еңбек дауларын және қақтығыстарды реттеу үшін Қоғам филиалдары қызметкерлерімен кездесу секілді іс-шаралар қарастырылған.


Қоғамның мобильдік тобымен 2015 жылы Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстары филиалдарындағы, «Алматы почтамт» АФ-дағы Әлеуметтік тұрақтылық рейтингі зерттеулерінің нәтижелеріне сәйкес ерекше жауап қайтару мен арнайы профилактиканы қажет ететін аса қауіпті аймақтарға жол жүру жүзеге асқан. Өндірістік нысандардың (ПҚҚБ, АПБТ, ПБН, ДТАҚ)70%-ы қаралды, ұжымдармен кездесулер, сұхбаттар, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Поштаны өңдеу және жеткізу бойынша бөлімшелердің қызметкерлерімен әңгіме барысында ұжымдағы қанағаттандырылатын әлеуметтік және рухани жағдай байқалды. Өндірістік нысандарға бару нәтижесінде проблемалық сұрақтар, филиалдардың әлсіз тұстары анықталды, сонымен қатар филиал басшылығына еңбек қақтығыстарын болдырмау бойынша сәйкесінше нұсқаулықтар берілді, қызметкерлердің әлеуметтік тұрақтылығын жақсарту бойынша міндеттер қойылды.
Филиалдарға бару кезінде қызметкерлердің әлеуметтік хал-жағдайларына әсер етуі мүмкін жағдайлар қатары анықталды. Олардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

    • кадрды іріктеу кезіндегі айқындылық және әділдіктің болмауы. Жұмысқа қабылдау туралы шешім филиал жетекішісі тарапынан, Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес конкурстық іріктеусіз жүзеге асады. Сонымен қатар жұмысқа лауазымы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкесінше мамандық немесе ұсынылатын лауазым бойынша жұмыс өтілінсіз) қызметкерлер қабылданған;

    • материалды емес ынталандыру бойынша әділетсіз фактілер бар. Жұмыс өтілі минималды, өндірістік емес персоналдың (экономист, жүргізуші) жұмыс өтілі 20, не одан да көп жылды құрайтын өндірістік персоналдың жұмысшылары еш назарға ілікпей қалған жағдайда, марапатталу жағдайлары орын алған. Мұндайда үлесі барлық ұжымның 1 %-ын құрайтын ынталандыруға қарағанда тәртіптік сипаттағы жазаның 10 есе көп болғаны назардан тыс қалып жатады;

    • тарифтік разрядтарды, сәйкесінше жалақыларды әділетсіз орнату персонал арасындағы шиеленіс пен наразылықты туындатады. Кейбір қызметкерлерге жұмыс өтілінсіз сынақ мерзімі ішінде қандай да бір жетістіктерсіз тарифтік разрядтар диапазонының максималды деңгейіне дейінгі лауазымдық жалақы мөлшерінің жоғарылауы орын алып жатады;

    • өндірістік нысандарға бару кезінде филиал басшылары тарапынан өндірістік персоналға қалыпты тұрмыстық шарттарды жасау бойынша қажетті көңілдің бөлінбеуі анықталып жатады (қажетті жиһаз, тұрмыстық техника болмайды, бөлімшелер жылыту маусымына дайын емес) және т.б. 2014 жылдан бастап еңбек жанжалдарына қатысты 41 үндеу келіп түскен. Әрбір үндеу бойынша ҚР заңнамасына сәйкес сәйкесінше шешімдер қабылданған.

2015 жылға қарастыруға әртүрлі сипаттағы 53 үндеу келіп түскен, оның ішінде:



  • жасырын – 6 үндеу;

    • қызмет көрсету жөнінде (банктер алдындағы қарыздарды жабу және банкке келуді қамтамасыз ету бойынша) – 5 үндеу;

    • іскерлік этика нормаларының бұзылуы жөнінде (дөрекі қатынас және т.б.) – 7 үндеу;

    • Қоғам қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың алғысы жөнінде – 2 үндеу (Ақмола ОФ және АФ «Астана почтамты»);

    • әлеуметтік-еңбек шиленістері және даулары жөнінде – 20 үндеу;

    • әртүрлі – 13 үндеу.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда (2014 жыл – 65 үндеу) құлдырау 18.5 %-ды құрайды.



    1. Өңірлерде болуы

Компания 22 703-тен астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. «Астана поштамты» Астана филиалында – 2 165; «Алматы поштамты» Алматы филиалында – 1224; Ақтөбе ОФ – 981; Атырау ОФ – 753; Алматы ОФ – 2255; ШҚОФ – 2074; Жамбыл ОФ – 1161; Қарағанды ОФ – 1784, Қызылорда ОФ – 820; Қостанай ОФ – 1342; Маңғыстау ОФ – 508; Павлодар ОФ – 1087; СҚОФ – 1675; БҚОФ – 809; ОҚОФ – 1797; «Қазпочта» АҚ «Оңтүстік» АЛО» филиалында – 1148; «РАБҚ» филиалы – 280; «Техникалық сервис» филиалы – 101, «Пошталық сервис» филиалы – 57, «Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы» филиалы – 99, «Корпоративтік сату дирекциясы» филиалы – 105, «Сұрыптау орталығы» филиалы - 566, "EMS Kazpost" филиалы – 175.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет