Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


Тағайындау және сыйақылар комитетінің құрамы



бет28/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Тағайындау және сыйақылар комитетінің құрамы
(31.12.2015 ж. жағдай бойынша)






Т.А.Ә.

Лауазымы

1

Дмитрий Николаевич Жуков

«Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры,Комитет төрағасы

2

Эдриан Иан Хоуинк

«Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры,Комитет мүшесі

3

Нұржан Тәліпұлы Байдәулетов

«Самұрық-Қазына» АҚ активтерін басқару жөніндегі бас директор,Комитет мүшесі

4

Әлия Мейрамқызы Дагарова

«Самұрық-Қазына» АҚ Көлік- коммуникациялық активтер дирекциясының бас сарапшысы, Комитет мүшесі (кеңесші дауыс беру құқығы бар сарапшы)

2015 жылы осы Комитет 7 күндізгі отырыс өткізді. 41 (қырық бір)мәселе қаралды, Қоғамның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді.





Тағайындау және сыйақылар комитеті мүшелерінің 2015 жылғы отырыстарға қатысуы








Т.А.Ә.

Барлық отырыстар саны

Қатысу

%
















1

Дмитрий Николаевич Жуков

2

2

100

2

Нұржан Тәліпұлы Байдәулетов

2

2

100

3

Эдриан Иан Хоуинк

7

7

100

4

Әлия Мейрамқызы Дагарова

7

7

100

5

Шкодовс Гинтс Янович

3

3

100

6

Жанат Қоланқызы Бердалина

5

4

80

ТСККомпанияның басқарушы қызметкерлері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің ұйымдық құрылымы, төраға орынбасары және Компания Басқармасы мүшелері, Компанияны трансформациялау жөніндегі бас директор, Компанияның бас бухгалтерлері және т.б. лауазымдарға үміткерлерді сайлаудың әлеуметтік сипаты сынды мәселелерді қарастырды.


ТСК отырысы шеңберінде кәсіподақ өкілдерімен: «Қазпочта» АҚ трансформациясы жағдайындағы Ұжымдық шарт көзқарастары талқыланған «Ақпараттандыру және байланыс қызметкерлері кәсіподақтарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Ж. Сыпатаевамен және «Қазақстанның байланыс және телекомуникация қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» ЖШҚ төрағасы А. Байсариевпен кездесу өткізілгенін атап өткен жөн.
Комитет«Қазпочта» АҚ Басқармасы мүшелерінің және «Қазпочта» АҚ трансформациясы жөніндегі бас директордың біліктілік талаптарын қарасытрып, мақұлдады.
2015 жылы ТСК кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті туралы ережеге, сондай-ақ Комитеттің 2015 ж. жұмыс жоспарына сәйкес мақсаттарын, функционалдық міндеттерін толық көлемде орындады, Комитет сондай-ақ жоспардан тыс отырыстар өткізді. Осы Комитет отырыстарының күн тәртібіндегі барлық мәселе егжей-тегжейлі қаралды, Қоғам Директорлар кеңесі қабылдаған, сарабдал және пайымды ұсынымдар берілді.
ТСК жұмысы Қоғамның Директорлар кеңесінің жұмыс тиімділігін арттырғанын және корпоративтік басқару рейтингін арттыруға оң әсер еткенін айта кету қажет.

Директорлар кеңесінің жұмысы туралы есеп


Директорлар кеңесі жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ қажеттілігіне қарай отырыс өткізеді. 2014 жылы 174 мәселе қаралған, Директорлар кеңесінің 16 отырысы (оның ішінде 12 күндізгі және 4 сырттай) өткізілді.
Директорлар кеңесі мына мәселелерге ерекше назар аударды:

  • Қоғамды трансформациялау;

  • Даму стратегиясын әзірлеу;

  • Компанияда сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау;

  • тәуекелдерді және ішкі аудитті басқару.

Директорлар кеңесі өз жұмыс жопарын жүйелі түрде қайта қарау тәжірибесін енгізді.
Директорлар кеңесі Ішкі аудит қызметінің және «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысы аппаратының есептерін қарайды және қызметін бағалайды.

Тоқсан сайынғы есептер қаралды:



  • «Қазпочта» АҚ бизнесін трансформациялау бағдарламасы міндеттерінің орындалу статусы туралы;

  • «Қазпочта» АҚ 2015-2019 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру туралы;

  • Қоғамның даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы;

  • тәуекелдер туралы, қызыл аймақтағы тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын орындау туралы;

  • маркетинг және сату мен бизнесті дамыту жөніндегі;

  • персоналды дамыту жөніндегі;

  • Корпоративтік басқару кодексінде бекітіліп берілген қағидаттарды қолдану туралы;

  • әлеуметтік жауапкершілік жай-күйі, ашықтық, сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі және т.б.

Стратегиялық маңызды құжаттардың бірқатары бекітілді:



  • Қоғамның 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары;

  • жаңа редакциядағы Трансформация бойынша Жол картасы;

  • жаңа редакциядағы «Қазпочта» АҚ Тәуекелдерді басқару саясаты;

  • жаңа редакциядағы «Қазпочта» АҚ Есепке алу саясаты;

  • «Қазпочта» АҚ Салықты есепке алу саясатына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар;

  • «Қазпочта» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі саясатына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.

2015 жылы Директорлар кеңесі жаңа Корпоративтік басқару кодексін енгізуге айрықша көңіл бөлді, осылайша, Директорлар кеңесі «Қазпочта» АҚ-ның жаңа Корпоративтік басқару кодексі ережелерінен ауытқу талдауларының нәтижесі туралы есепті қарады (Gap-талдау). Осы есепті Директорлар кеңесі мүшелері берген ұсыныстарды есепке ала отырып талқылау нәтижесі бойынша Қоғам 2015 жылдың шілде айында Директорлар кеңесі бекіткен Корпоративтік кодекс ережелерімен сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шаралар әзірлеу жоспарын әзірледі.
Компанияның Директорлар кеңесі «Қазпочта» АҚ Трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруға көп көңіл бөледі, Директорлар кеңесінің әр күндізгі отырысында «Қазпочта» АҚ Трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысы қарастырылады, сондай-ақ, 2015 жылдың шілде айында Директорлар кеңесі «Қазпочта» АҚ Трансформациялау бағдарламасының екінші сатысын жүзеге асыру нәтижесімен танысты. «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Адамас Илькявичюстің бастамсымен Компанияның Директорлар кеңесі мүшелеріне арналған «Ақпараттық күндер» үнемі өткізіледі, бұл, тұтас алғанда, Трансформация бағдарламасын да, сондай-ақ, Компания қызметін де егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік береді.
Директорлар кеңесі мүшелері мынадай семинарларға белсене қатысты (біліктілікті арттыру бойынша тренингтер):

  • «Жаңа Корпоративтік басқару кодексі», «Самұрық-Қазына» АҚ «PricewaterhouseCoopers PwC» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды;

  • «Жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы қимыл жүйесі», «Самұрық-Қазына» АҚ «PricewaterhouseCoopers PwC» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды;

  • «Директорлар кеңесі отырыстарына арналған материалдардың сапасы», «Самұрық-Қазына» АҚ «PricewaterhouseCoopers PwC» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі мүшелері Алматы қ. және Алматы облысындағы «Оңтүстік» АЛО»
филиалдарының өндірістік объектілерін аралады.
Сонымен қатар, Директорлар кеңесі мүшелері «Астана экономикалық форумы аясындағы «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау бағдарламасы» атты панельдік сессияға қатысты.
2015 жыл ішінде ішкі аудиторлармен жылдық қаржылық есептілікті дайындау мәселелері бойынша үш кездесу өткізілді.


Директорлар кеңесі қызметін бағалау жөніндегі ақпарат
2015 жылы үздік халықаралық корпоративтік басқару тәжірибесіне сәйкес Компанияда Директорлар кеңесі қызметін бағалау жүргізілді (Директорлар кеңесіқызметінің 2014 жылғы және 2015 жылғы 1-тоқсан нәтижесі бойынша). Совет директоров «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі өзін-өзі бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдады.
Баға беру үздік халықаралық корпоративтік басқару тәжірибесіне, жеке алғанда, ЭЫДҰ копоративтік басқару қағидалары және Ұлыбританияның Копроативтік басқару кодексіне сәйкес әзірленген Директорлар кеңесі қызметін, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерін бағалау ережелері (бұдан әрі – Ережелер) негізінде іске асырылды. Ережелерге сәйкес, қызмет тиімділігін бағалау рәсімі мынадай бағалау объектілеріне:
1) Директорлар кеңесіне 2) Директорлар кеңесі мүшелерінің өзіндік үлесіне 3) Директорлар кеңесінің әрбір Комитетіне қатысты өткізілді.
Бағалау құралдарына мыналар жатқызылды: 1) сауалнама алу; 2) Комитеттер мен Директорлар кеңесінің ағымдағы қызметі туралы пайымдар ұсыну және жазбаша пікір беру.
Директорлар кеңесі қызметін бағалау нәтижесі 2015 жылғы 3 шілдедегі Компанияның Директорлар кеңесі отырысында талқыланды.

Қор пікірін есепке алу бойынша қабылданған шаралар


Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің ұстанымы мен пікірлерін есепке алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, оның ішінде:

  • Директорлар кеңесінің мүшелері Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын Компанияға қатысты Жалғыз акционердің тапсырмаларын, шешімдерін уақтылы алады;

  • Жұмыс топтарына, Жалғыз акционердің комиссияларына белсене қатысады, белсенді хат алмасу жүргізеді, сондай-ақ Жалғыз акционер өкілдерімен диалог жүргізеді;

  • «Қазпочта» АҚ Жалғыз акционерінің 2015 жылға арналған күтілімдерін орындау бойынша шараларды іске асырады.

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес Директорлар кеңесінің төрайымы Е.Л. Бахмутова ханым Жалғыз акционермен тиімді байланысты қамтамасыз етеді, Жалғыз акционердің көзқарасын Директорлар кеңесіне тұтастай жеткізеді және Жалғыз акционердің сұрауларына жауап ұсынады.
Компания мен Жалғыз акционер арасында ақпаратпен алмасу тәртібі Заңнамаға, Жарғыға, Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырылады. Компанияның жарғылық және ұйымдастыру-құқықтық құжаттары Компания мен Жалғыз акционердің өзара қарым-қатынасын анық регламенттейді, Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционердің атқарушы органдарын бақылауға алу көзделген, Директорлар кеңесі мен Компанияның атқарушы органдары арасындағы құзырет шектелген. Компанияның Директорлар кеңесі Жалғыз акционермен тұрақты және тиімді өзара іс-қимылдың маңыздылығын түсінеді.
2015жылы Жалғыз акционер мына мәселелерді қоса алғанда, Компанияға қатысты мәселелерді қарап, шешімдерді бекітті: «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы; «Қазпочта» АҚ бизнесін трансформациялау жөніндегі бағдарламаның іске асырылу статусы туралы; «Қазпочта» АҚ 2014 жылға жылдық қаржылық есептілігін және Компанияның таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу және бір жай акцияға есеп айырысуда дивидендтің мөлшерін бекіту туралы; «Қазпочта» АҚ жарияланған акцияларының санын көбейту, жарияланған акцияларыны саны шегінде акцияларды орналастыру, оларды орналастыру тәсілі және бағасы туралы, «Қазпочта» АҚ акцияларын «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуы туралы және т.б.
Қордың қарауына мәселені енгізу рәсімі
Компанияның Жарғысына сәйкес, Жалғыз акционердің қарауына акционерлердің жылдық жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелерді енгізуге Директорлар кеңесі бастамашылық етеді.
Жалғыз акционердің қарауына акционерлердің жылдық жалпы жиналысының құзырына жатқызылған қалған мәселелерді енгізугеДиректорлар кеңесі, Жалғыз акционер бастамашылық етеді, ал ерікті тарату процесінде – Компанияның тарату комиссиясы бастамашылық етеді.
Жалғыз акционердің қарауына мәселелерді міндетті енгізу жағдайлары заңнамамен көзделуі мүмкін.



    1. Басқарма

Басқарма қызмет көрсеткіштерінің тұрақты өсуіне қол жеткізуді және дамуды қамтамасыз ететін Компанияның алқалы атқарушы органы болып табылады және заңмен, ҚР өзге де заңнамалық актілерімен және Компания Жарғысымен Жалғыз акционердің және Директорлар кеңесінің құзырына жатқызылмаған Компания қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқығы бар, Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің алдында өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікте болады.
Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттері ҚР заңнамасымен, «Қазпочта» АҚ Жарғысымен, Басқарма туралы ережемен және еңбек шарттарымен белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет