Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8
2015 жылы АТК 8 (сегіз) отырыс өткізді. АТК отырыстарының күн тәртібіне сәйкес 72 (жетпіс екі) мәселе қаралып, Компанияның директорлар кеңесіне тиісті ұсыныстар жасалды.
АТК «Қазпочта» АҚ трансформациялау бағдарламасын іске асыруға қатысты, қаржылық есептілік, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелерін қарастырды.АТК жылдық қаржылық есептілікті дайындау мәселелері бойынша ішкі аудиторлармен үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес 4 (төрт) кездесу өткізді. 2015жылы АТК Аудит және тәуекелдер комитеті туралы ережеге, сондай-ақ АТК2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мақсаттарын, функционалдық міндеттерін толық көлемде орындады. Отырыстардың күн тәртібіндегі барлық мәселе егжей-тегжейлі қаралды, Қоғам Директорлар кеңесі қабылдаған сарабдал және пайымды ұсынымдар берілді. АТК жұмысы Директорлар кеңесінің жұмыс тиімділігін едәуір деңгейде арттырды. Өз кезегінде, бұл Компанияны корпоративтік басқару рейтингіне оң әсер етті, сондай-ақ бизнес-процестерді ұйымдастыруды жақсартуға, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға, Қоғамда ашықтық пен тәуекелдерді басқаруға позитивті түрде ықпал етті. Стратегия және даму комитеті Компания директорлары кеңесінің Стратегия және даму комитеті (бұдан әрі – СДК)Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі шешіміне сәйкес құрылды. Комитеттің міндеті Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мына бағыттар бойынша мәселелерді терең пысықтау болып табылды: 1) Қоғамның даму стратегиясын анықтау және оның іске асырылуына мониторинг жасау; 2) Қоғамның ұзақ мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін қарастыру; 3) Қоғамның инновациялық қызметін жүзеге асыру; 4) Қоғамның инвестициялық қызметін жүзеге асыру; 5) Компанияны трансформациялау бағдарламасын іске асыру; 6) Комитте Комитет мүшелері немесе Компанияның директорлар кеңесі қарастыруға ұсыныс жасалған өзге де мәселелер. СДК Компанияның Директорлар кеңесі 2015 жылғы 21 қазанда бекіткен «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің стратегия және даму комитеті туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Компания Директорлары кеңесінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен (№ 10/15 хаттама) «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің СДК құрамы анықталды:
жүктеу/скачать 0,54 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |