Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


КӘЖ саласындағы қызмет көрсеткіштері



бет41/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

КӘЖ саласындағы қызмет көрсеткіштері












Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2013

2014

2015

+/-

Персонал

1.

Есепті жылдағы 01.01 арналған персоналдың тізімдік саны

адам

21956

22907

22703 

-204

2.

Орта есеппен 1 жылдағы персоналдың нақты саны *

бірл.

16709

16822

16789

-33

3.

Еңбекақы төлеу қоры

млн. теңге

14 847

17 787

19 503

1716

4.

Жұмыскердің орташа жылдық кірісі **

мың теңге

88

74

96

22

5.

Оқуға жұмсалған шығыстар

млн. теңге

22,8

23,6

37 

13,4

6.

Кадрлардың тұрақтамауы***

%

23

20

20 

0

Сақтандыру

7.

Жұмыс берушінің жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруы

мың теңге

4 607,70

3 982, 1

5641,7 

625,6

8.

Ерікті сақтандыру

мың теңге

-

-

-

-

Еңбекті қорғау

9.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны, мың адам

%

0,3

0,63

0,48 

0,15 

Экология

10.

Ауаны ластайтын шығарындылардың саны

мың тонна

0,56

0,96

0,87

0,09

*Персоналдың бір жылға шаққандағы орташа нақты саны есептік жылдың барлық айлары қызметкерлерінің нақты санын қосу және алынған соманы 12 айға бөлу жолымен анықталады;


** Қызметкердің бір жылға шаққандағы кірісі есептік кезеңдегі еңбекақыны төлеу қорын бір жылға шаққандағы нақты сан мен 12 айға бөлу жолымен анықталады;
*** Қызметкерлердің тұрақтамауы жұмыстан шығарылған (өзіндік қалауы бойынша, кері мотивтер бойынша және сынақ мерзімін өтпегенге байланысты) қызметкерлер санын есептік кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына бөлу арқылы анықталады;


Кадрлық резерв
Қоғамда орталық аппараттың және филиалдардың басшылық лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында Біліктілік комиссиясы жұмыс істейді. 2015 жылы Комиссия 34 отырыс өткізді. 54 үміткер орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелеріне басшылыққа сайланды және филиалдардағы негізгі орындарға жұмысқа алынды. Жоғарыда аталып өткен категорияға ішкі жұмыскерлерден 34 адам сайланды, бұл негізгі орындарға тағайындалған адамдардың жалпы санының 63%-ын құрайды.

Тағайындау





















Лауазым

2014

2015

Бар-лы-
ғы

Кадр. Ре-зерв

Бар-лы-ғы

Кадр. Резерв



















1.

ОА ҚБ директоры

13

4

15

8

2.

Филиал директоры

7

4

9

6

3.

Филиал директорының орынбасары

7

6

20

12

4.

Бас бухгалтер

6

6

3

1

5.

Бас бухгалтердің орынбасары

20

14

7

7




Жиыны:

53

34

54

34




    1. Сақтандыру

2015 жылы Қоғаммен «Grandes» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-мен қызметкерді еңбек міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бекітілді (№04050315020002 ТС-2015-71, 05.03.2014 ж.)
17 342,19 адамды құрайтын Қоғам қызметкерлері, олардың ішінде: ӘП - 845,0, ӨП - 16 465,19 УП жалпы сомасы 32 5 641 726 теңге мөлшерінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылған.



    1. Шағымдар мен өтініштер

Шағымдар мен өтініштердің алдын алу, реттеу, Қоғамда қызметкерлердің арасында әлеуметтік-еңбек жанжалдарын болдырмау мақсатында Келісу комиссиясы, Мобильдік топ әрекет етеді.
2015 жылдың басынан бастап жанжалдар бойынша, негізінен қызметтерді ұсыну сапасы және еңбек даулары мәселелеріне қатысты 53 өтініш келіп түсті. Әрбір өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Өткен кезеңмен салыстырғанда (2014 жыл – 65 өтініш) бұл көрсеткіш 18,5%-ға түскені байқалады.
2015 жылы Әлеуметтік-еңбек жанжалдарын реттеу мәселелері бойынша 20 өтініш келіп түсті, олардың бесеуі негізді, яғни филиал жұмыскерлерінің кінәсінен орын алған.
Әр өтініш бойынша тиісті шаралар қолданылды, кінәлі жұмыскерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, өтініш берушілерге ҚР заңнамасында бекітілген тәртіпке сай уақытылы жауап жолданды.
Есепті кезеңде Қоғамға келіп түскен, оның ішінде Байланыс орталығы арқылы келіп түскен өтініштердің жалпы саны 345 201 өтінішті құрады (2014 ж. қарағанда 19,6%-ға өскен), оның ішінде: 5 174 өтініш (өтініштердің жалпы санының 1,5%-ы, 2014 ж. қарағанда 11%-ға өскен) және 1 166 шағым (өтініштердің жалпы санының 0,3%-ы, 2014 ж. қарағанда 63,5%-ға өскен).



    1. Ұжымдық-шарттық қатынастар

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Қоғам «Қазақстан байланыс қызметкерлерінің кәсіподағы» РҚБ және «Ақпараттандыру және байланыс қызметкерлері кәсіподақтарының қауымдастығы» ЗТБ-мен жасаған, еңбекақы төлеу, материалдық көмек көрсету, еңбекті қорғау және т.б. бөлігінде қызметкерлерге қосымша әлеуметтік кепілдіктер беретін, жаңа 2014-2016 жылдарға арналған ұжымдық шарт әрекет етеді
Сонымен қоса, 2014 жылғы наурызда ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазақстан байланыс қызметкерлері кәсіподағы» РҚБ, Қоғам және «Қазақтелеком» АҚ арасында салалық деңгейде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі қағидаттарын және оларды іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды белгілейтін Салалық келісім жасалды.
Бұл келісімде байланыс саласындағы қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар бекітіліп берілген. Ұжымдық шарт талаптарына сәйкес Компания қызметіндегі едәуір өзгерістерге қатысты хабарландырудың ең аз кезеңі 1 айды құрайды.
Пайда болған проблемалық сұрақтарды есепке ала отыра, Қоғам мен кәсіподақ бірлесе отырып 2014-2016 жылдарға Ұжымдық шарт талаптарын жақсарту бойынша ұсыныстарды қарастырды. 06.08.2015 жылы 2014-2016 жылдарға арналған Қоғамның Ұжымдық шартының қосымша келісіміне қол қойылды. Ол жерде әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің, сонымен қатар өндірістік персонал қызметкерлерінің мотивациясы бойынша төлемдердің түрлері мен өлшемдерінің жоғарылауы қарастырылған.
Мысалға келесі өзгерістер енгізілді:
1) Қоғам бюджетінде бар қаражаттар шектерінде ақшалай өтемақылардың төленуі немесе жол жүру билеттерінің ұсынылуы – пошта операцияларын, зейнетақыларды (жәрдемақыларды), телеграммаларды жеткізу бойынша жұмыстарды орындауда, жаяу жүру негізінде пошта жәшіктерінен хаттарды алу кезінде, жеткізілім бөлімшелері шектерінде қоғамдық көлікті міндетті пайдалану кезінде (жазғы уақытта велокөлікті пайдаланатын қызметкерлерді санамағанда) келесі көлемдерде ұсынылады:

  • Астана, Алматы, Қарағанда, Өскемен қалалары үшін – 3 АЕК-ден кем емес;

  • облыстық мәндегі қалалар үшін, Семей қаласы үшін – 2 АЕК-ден кем емес;

  • аудандық мәндегі қалалар үшін – 1 АЕК-ден кем емес.

Мұндайда 0,5 күндізгі мөлшерлемесінен аз мөлшерде жұмыс істейтін пошташыларға ақшалай өтемақы сәйкесінше 50 % мөлшерінде төленеді.
2) Жыл сайынғы еңбек демалысын ұсыну кезінде Қоғам филиалдарының қызметкерлеріне жылына бір рет Қоғамда (Қазақстан Республикасы пошта байланыстарының мемлекеттік ұйымдарында) жалпы қызмет ету өтілі 20 жылдан жоғары – 1,5 лауазымдық жалақы жағдайындағы қызмет ету уақыты бір лауазымдық жалақы мөлшерінде 1 (бір) жылды құрау шарттарында материалдық көмек төленеді.
3) Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары тарапынан марапатталған, сонымен қатар «Құрметті байланысшы»/«Үздік байланысшы» атақтарынан өзге мемлекеттік марапаттар алған Қоғам қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бір минималды жалақы мөлшеріндегі бір жолғы ақшалай сыйақы төленеді.
4) «Қазпочта» АҚ филиалы – халықаралық пошта жөнелтілімдерін автокөліктік тасымалдау және жіберу қызметтерімен айналысатын «Оңтүстік» ақпараттық-логистикалық орталық» қызметкерлеріне іссапарларды реттемелеуші, ішкі нормативтік құжаттармен белгіленген тәуліктік төлемдер келесі мөлшерде төленеді: Қазақстан Республикасы кеден шекаралары шектерінде 4 сағаттан асып кеткен жағдайда, орналасқанының әрбір тәулігі үшін шекара асушы қызметкерлердің іссапарларын төлеу үшін Қоғамда белгіленген тәуліктік нормалардан 50% төленеді.
Сонымен қатар 2015 жылы ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге сәйкес, тамыз айынан бастап бюджеттен жол жүру билеттерін алу үшін немесе жолға кететін шығындарға ақшалай өтемақыларды төлеу үшін 14 958 мың теңге мөлшерінде қаражаттар бөлінген, ал 2016 жылы осы шығындарға 51 444,9 мың теңге жоспарланған. Бұдан бөлек, өндірістік персоналға бөлінетін материалдық көмек мөлшерінің жоғарылауына байланысты қосымша 42 992 мың теңге бөлінген.
Осылайша, 2015 жылы келесі әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер жүзеге асқан. Оның ішінде Ұжымдық шарт шектеріндегі төлемдер де бар (барлығы – 3 972 300 мың теңге).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет