3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ Қаржы құралдары, жалғасы
(vi) Активтер мен міндеттемелерді өзара есепке алу Топтың қаржы активтері мен міндеттемелері заңды түрде қорғаумен қамтамасыз етілген құқығы және тараптардың қарызды өзара есепке алу арқылы реттеу немесе бір мезгілде активті өткізу және міндеттемені атқару ниеті болған жағдайда өзара есепке алынады және қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есепте ықшамдалған түрде көрсетіледі, сондай-ақ бұл құқық қалыпты қызмет барысында және міндеттеменің орындалмауы да, Топтың не болмаса контрагенттердің бірінің дәрменсіздігі немесе банкротқа ұшырауы жағдайында да заңды түрде орындалған болып табылады.
Құнсыздану
(i) Туынды емес қаржы активтері Әрбір есептік күнгі жағдай бойынша әділ құн бойынша бағаланатын қаржы құралдарының санатына жатқызылмайтын, үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестициялар объектісіне қатысу үлесін қоса алғанда, өзгеруі пайда немесе залал құрамында көрсетілетін қаржы активі оның құнсыздануының айқын айғағы барын анықтау үшін тексеріледі. Активті бастапқы танығаннан кейін шығын келтіретін оқиғаның болғанына және бұл оқиға сенімді бағалауға болатын, қаржы активі бойынша күтілетін келешектегі ақша ағынына кері ықпал еткеніне айқын айғақ болса, қаржы активі құнсызданған болып табылады.
Қаржы активтерінің (үлестік бағалы қағаздарды қоса алғанда) құнсыздануының айқын айғағына мыналар жатады:
борышкерлердің төлемеуі немесе өз міндеттерін орындамауы;
өзге жағдайда Топ қарамайтын жағдайларда Топ алдында берешекті қайта құрылымдау;
борышкердің немесе эмитенттің келешектегі банкротқа ұшырау белгілері;
Топта қарызгердің немесе эмитенттің төлем статусының кері өзгерістері;
дефолттармен арақатынас орнататын экономикалық шарттар;
қандай да бір бағалы қағаз үшін белсенді нарықтың жоғалуы немесе
қаржы активтері тобынан күтілетін ақша ағынының төмендеуіне берілетін бағалауды көрсететін қадағалау деректері.
Сонымен қатар, үлестік бағалы қағаздарға инвестициялардың құнсыздануының айқын айғағы оның өзіндік құнынан төмен әділ құнының елеулі немесе жалғаспалы төмендеуі болып табылады.
Амортизациялайтын құн бойынша бағаланатын қаржы активтері Мұндай активтердің құнсыздануы туралы куәландыратын белгілерді Топ жекелеген активтер деңгейінде де, активтер тобы деңгейінде де қарастырады. Жеке алғанда елеулі болып табылатын барлық актив жеке тәртіпте құнсыздануына бағаланады. Жеке актив деңгейінде құнсыздануы анықталмаған активтер туындаған, алайда әлі сәйкестендірілмеген құнсыздану үшін бірге бағаланады. Жеке алғанда елеулі болып табылмайтын активтер ұқсас тәуекел сипаттамаларымен біріктіру арқылы құнсыздануына бағаланады.
Активтер тобы деңгейінде құнсыздануды бағалау кезінде Топ залалдардың туындау ықтималының тарихи трендін, басшылықтың ағымдық экономикалық және кредиттік шарттардың нақты залалдарының тарихи үдерісіне сүйеніп күтілетін шығындардың артық немесе кем болатындай болып табылатыны туралы пікірлері есепке алынып, түзетілген залалдарды қалпына келтіру мерзімдерін және сомаларын пайдаланады.