3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
Қаржы құралдары, жалғасы
(iv) Амортизацияланған құн
Қаржы активінің немесе міндеттемесінің амортизацияланған құны актив немесе міндеттеме бастапқы тану кезінде бастапқы тану құны мен өтеу кезіндегі тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып айқындалған құны арасындағы жинақталған амортизацияның шамасына түзетілген берешектің негізгі
сомасын төлеуді шегере отырып, сондай-ақ құнсызданудан болған зиянды шегере отырып бағаланған құнды білдіреді. Сыйақылардың және дисконттардың мөлшері, сондай-ақ мәмілелер бойынша шығындар сомасы тиісті құралдың теңгерімдік құнына кіреді және осы құралдың тиімді пайыздық мөлшерлемесіне қарай амортизацияланады.
Нарықтық
мөлшерлемелерден ерекше, мөлшерлемелер бойынша алынған/берілген қаржылық активтер немесе міндеттемелер пайыздар және ұқсас құралдар бойынша нарықтық пайыз мөлшерлемелері бойынша дисконтталған, берешектің негізгі сомасы (негізгі сомалары) бойынша келешектегі
төлем сомаларын білдіретін, әділ құн бойынша алу/беру сәтінде қайта бағаланады. Туындаған айырма пайда немесе шығын құрамында нарықтық мөлшерлемелерден ерекше, мөлшерлемелер бойынша қаржы құралдарын алудан/беруден болған пайда немесе залал ретінде көрсетіледі. Соңында мұндай активтер немесе міндеттемелердің теңгерімдік құны алу/беру сәтінде пайданың/шығынның амортизация сомасына түзетіледі және тиісті кірістер/шығыстар тиімді мөлшерлеме әдісі қолданылып пайда немесе шығын құрамында пайыздық кіріс/шығыс құрамында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: