Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ



бет74/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Табыс салығы

Табыс салығы бойынша шығыс ағымдағы табыс салығын және кейінге қалдырылған салықты қамтиды және бизнесті біріктіру бойынша мәмілеге немесе капитал құрамында енмесе өзге жиынтық кіріс құрамында тікелей танылатын операцияларға жататын бөлігін қоспағанда сол кезеңдегі пайда немесе шығын құрамында көрінеді.
(i) Ағымдағы салық
Ағымдағы табыс салығы күтілетіндей, бір жылда салық салынатын пайдаға немесе салық залалына қатысты төленетін немесе өтелетін болатын және есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы немесе қолданыстағылар мәні бойынша салық мөлшерлемелері негізінде есептелген салық сомасын, сондай-ақ өткен жылдардағы табыс салығы бойынша түзетулерді қамтиды. Ағымдағы табыс салығы бойынша міндеттемені есептеуге дивидендтерге байланысты туындаған салық міндеттемесінің мөлшері де қосылады
(ii) Кейінге қалдырылған салық
Кейінге қалдырылған салық қаржылық есептілікте көрсету мақсатында және олардың салық базасы үшін анықталатын, активтер мен міндеттемелердің теңгерімдік құны арасында туындаған уақытша айырмаға қатысты танылады. Кейінге қалдырылған салық мыналарға:

  • бизнесті біріктіру бойынша мәміле болып табылмайтын және бухгалтерлікке де және салық салынатын пайда немесе салық залалына да ықпал етпейтін мәмілені жүзеге асыру нәтижесінде активтер мен міндеттемелерді бастапқы тану кезінде туындаған уақытша айырмаларға;

  • Топ осы уақытша айырмаларды қалпына келтіру мерзімдерін қадағалауға қабілетті шамада және осы уақытша айырмалар көз жетерлік болашақта қалпына келтірілмейді деген ықтимал болғанда, еншілес, қауымдастырылған кәсіпорынға және жеке қызметке салынатын инвестицияларға жататын уақытша айырмаларға;

  • гудвилді бастапқы тану кезінде туындаған салық салынатын уақытша айырмаға қатысты танылмайды. Кейінге қалдырылған актив пайдаланылмаған салық залалдарына, салықтық кредиттерге және шегерілетін уақытша айырмаларға қатысты олардың іске асырылуы есебінен, келешекте салық салынатын пайданы алу мүмкін болатындай шамада танылады. Кейінге қалдырылған салық активтерінің мөлшері әрбір есепті күнгі жағдай бойынша талданады және тиісті салық пайдасын іске асыру енді болмайтындай мөлшерде азайтылады.

Кейінге қалдырылған салықтың мөлшерікелешекте, уақытша айырмаларды қалпына келтіру кезінде қолданылатын салық мөлшерлемелеріне сүйеніп, есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы немесе іс жүзінде қолданысқа енгізілген заңдарға негізделе отырып айқындалады.
Кейінге қалдырылған салықты бағалау Топ өз активтерінің теңгерімдік құнының орнын толтыруға немесе өтеуге немесе есепті кезеңнің соңында міндеттемені реттеуге ниеттенетін тәсілден болатын салық салдарын көрсетеді. Кейінге қалдырылған активтер мен міндеттемелер ағымдағы салық активтерін ағымдағы салық міндеттемелеріне қарсы есепке жатқызуға заңды түрде бекітіліп берілген құқығы болған жағдайда және осы активтер мен міндеттемелер бір салық орны бір салық салынатын кәспорыннан не салық салынатын түрлі кәсіпорындардан өндіретін табыс салығына жататын болса, бірақ бұл кәсірпындар ағымдағы салық міндеттемелері мен активтерді нетто-негізде реттеуге ниетті немесе осы кәсіпорындардың салық активтерін іске асыру осы салық міндеттемелерін өтеумен бір уақытта жүзеге асырылатын болса, есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет