Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ



бет75/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Табыс салығы

(ii) Кейінге қалдырылған салық, жалғасы
ҚР салық заңнамасының талаптарына сәйкес Топ компаниясы ағымдағы табыс салығы бойынша өзінің салықтық залалдарын Топтың басқа компанияларының ағымдағы табыс салығы бойынша салықтық пайдалар мен міндеттемелерге қарсы есептейалмайды. Онымен қоса, салық базасы Топ қызметінің әрбір негізгі түрі бойынша жеке анықталады. Сондықтан қызметтің түрлі түрлері бойынша салықтық залалдар мен салық салынатын пайда өзара есепке алуға жатпайды.
Ағымдағы және кейінге қалдырылған табыс салығының мөлшерін анықтау кезінде Топ белгісіз салық позицияларының әсерін және салық салынғанға дейінгі және уақтылы салық төленбегені үшін айыппұлдар мен өсімақыларды есептеу мүмкіндігін ескереді. Факторлардың бүтіндей қатарын өзінің бағалау нәтижесін, сондай-ақ қазақстандық салық заңнамасының түсіндірмесін және өткен жылдар тәжірибесін негізге ала отырып, Топ басшылығы бюджетпен есеп айырысудың толықтығын тексеруге құқығы бар салық органдарына, барлық салық кезеңінде салық төлеу жөніндегі міндеттеме толық көлемде көрсетілген деп ойлайды. Осы бағалау есептік бағалаулар мен жол берулерге негізделген және келешектегі оқиғаларға ықпал етуіне қатысты кәсіби пікірлердің бірқатарын қалыптастыруды көздейді. Уақыт озуымен Топ иелігіне жаңа ақпарат түсуі мүмкін, осыған байланысты Топта салықтарды төлеу бойынша бар міндеттемелердің барабарлығына қатысты өз пікірін өзгерту қажеттігі туындауы мүмкін. Салықтарды төлеу бойынша міндеттемелер мөлшерінің ұқсас өзгерістері осы пікір өзгерген кезеңде салық сомасына әсер етеді.
Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС)
Кірістер, шығыстар мен активтер мынаны қоспағанда ҚҚС сомасы шегеріліп танылады:

  • активтерді немесе қызметтерді сатып алу кезіндегі ҚҚС салық органдарында өтелуге тиіс болмаған кезде, бұл жағдайда ҚҚС міндеттемелерге қарай, активті сатып алу құнының бөлігі ретінде немесе шығыс бабының бөлігі ретінде танылады.

  • Дебиторлық және кредиторлық берешек сомасы ҚҚС-пен бірге ескерілгенде. Салық органдарына өтелуге немесе төленуге ҚҚС таза сомасы қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есепте дебиторлық немесе кредиторлық берешек құрамына қосылады.

Өтеуге ҚҚС есепті күнгі жағдай бойынша төленбеген, сатып алынғандарға жатады. Алуға ҚҚС төлеуге ҚҚС-пен есепке алынуы мүмкін, сондай-ақ компанияның талабы бойынша алуға ҚҚС мемлекеттің салық органдарынан ақшалай қайтарылуы мүмкін. Егер тиісті салық заңнамасына сәйкес өтеу немесе өтеуге ҚҚС есепке алу есепті күннен кейінгі келесі 12 (он екі) айға кейінге қалдырылған жағдайда,онда мұндай өтеуге ҚҚС ұзақ мерзімді активтерге аударылады. Өтелмейтін жағдайда, өтеуге ҚҚС жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте шығыстарға жатқызылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет