(iii) Белгіленгентөлемдері бар жоспарлар Белгіленген төлемдері бар жоспар белгіленген жарналары бар жоспардан ерекшеленетін, қызметкер кәсіпорындағы еңбек қызметін аяқтаған соң, оларға сыйақылар беру жоспарын білдіреді. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларына қатысты Топ міндеттемесінің нетто-мөлшері ағымдағы және өткен кезеңде қызметкерлер тапқан, келешектегі төлемдердің сомасын бағалау арқылы әр жоспар бойынша жеке есептеледі. Осындай тәсілмен анықталған сома олардың келтірілген мөлшеріне дейін дисконтталады және бұл ретте жоспардың кез келген активтерінің әділ құні шегеріледі. Міндеттемелерді дисконттау мөлшерлемесі ретінде өтеу мерзімі Топтың тиісті міндеттемелерінің қолданылу мерзіміне шамамен тең және осы сыйақыларды төлеу күтілетін валютада көрсетілген, мемлекеттік облигациялардың есепті кезеңнің соңындағы нарықтық кірістілігі қолданылады.
Бұл есептерді болжалды шартты бірлік әдісін қолданатын білікті актуарий жүргізеді. Жүргізілген есептер нәтижесінде Топ үшін әлеуетті актив алынса, танылған актив тиісті жоспардан қаражатты келешекте қайтару нысанында не осы жоспарға келешектегі жарналардың сомасын азайту нысанында қолжетімді, экономикалық пайданың келтірілген (дисконтталған) шамасымен шектеледі. Экономикалық пайданың келтірілген (дисконтталған) шамасын есептеу кезінде Топтың жоспарларының кез келгеніне қолданылатын, қаржыландырудың ең аз сомасын қамтамасыз ету бойынша барлық талап ескеріледі. Экономикалық пайда егер Топ тиісті жоспардың қолданылу мерзімі ішінде оны іске асыра алатын болса немесе жоспар міндеттемелері бойынша түпкілікті есептерді жүзеге асыру кезінде Топқа қолжетімді болып саналады.
Актуарлық пайда мен залалды, жоспар активтеріне (пайыздарды қоспағанда) кірісті және активтердің шекті мөлшерін қолдану әсерін (олар болған кездегі пайыздарды қоспағанда) қамтитын, белгіленген төлемдері бар таза міндеттемені қайта бағалау өзге жиынтық кіріс құрамында дереу танылады. Топ жылдық кезеңнің басында белгіленген төлемдері бар жоспар міндеттемелерін бағалау үшін қолданылатын, дисконттау мөлшерлемесін қолдану арқылы сол кезеңдегі жоспардың таза міндеттемесіне (активіне), жарналар мен төлемдер нәтижесінде болған сол кезеңдегі жоспардың таза міндеттемесінің (активінің) қандай да бір өзгерістері есепке алынып, сол күнгі жоспардың таза міндеттемесіне (активіне) пайыздық шығыстардың (кірістердің) таза мөлшерін анықтайды. Пайыздардың таза мөлшері мен белгіленген төлемдері бар жоспарларға жататын өзге де шығыстар пайда немесе залал құрамында танылады..