Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет63/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Жалдау

(i) Келісімде жалдау элементінің болуын анықтау
Келісім бойынша қарым-қатынас басталған күні Топ бұл келісімнің жалпы жалгерлік болып табылатынын немесе жалгерлік элементін қамтитынын анықтайды. Бұл келісімді орындау нақты активті пайдалануға қатысты болса және сол активті пайдалану құқығын осы келісім берген жағдайда орын алады.
Келісім бойынша қарым-қатынас басталған күні немесе қайта бағалаған күні Топ олар бойынша барлық төлем мен сыйақыларды жалдауға жататындарға және келісімнің басқа элементтеріне қатынасын оның әділ құнына пропорционал бөледі. Қаржылық жалдау жағдайында Топ төлемдерді нақты бөлу іс жүзінде орындалмайды деп қорытындыласа, онда актив пен міндеттеме актив шартымен көзделген әділ құнға тең сомада міндетті түрде танылады. Соңында танылған міндеттеме төлемдердің жүзеге асырылуына қарай азайтылады және Топ қолданатын қарыз қаражатын тарту мөлшерлемесіне сүйеніп есептелетін жүктелген қаржылық шығыс танылады.
(ii) Жалға алынған активтер
Егер Топ осы активтерге қатысты меншікпен байланысты барлық тәуекел мен пайданы өзіне қабылдайтын, жалгерлік шарттары негізінде активтерді ұстап қалса, онда мұндай шарттар қаржылық жалдау шарттары ретінде жіктеледі. Бастапқы танылған кезде жалға алынған актив оның әділ құнынан төменге және ең төмен жалдау төлемдерінің келтірілген (дисконтталған) құнына тең сомада бағаланады. Соңында бұл актив осы активке қолданылған есеп саясатына сәйкес есептеледі.
Өзге жалдау шарттары операциялық жалдау ретінде жіктеледі және тиісті жалға алынған активтер Топтың қаржы жағдайы туралы есепте танылмайды.
(iii) Жалдау төлемдері
Операциялық жалдау шарттары бойынша төлемдер жалдау мерзімі бойы сызықты әдіспен сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады. Алынған ынталандыру сомасы жалдау мерзімі бойы жалдау бойынша жалпы шығыстардың құрамдас бөлігі ретінде танылады.
Қаржылық жалдау шарттары бойынша ең төмен жалдау төлемдері қаржы шығысы мен өтелмеген міндеттеменің азаюы арасында бөлінеді. Қаржы шығыстары жалдау мерзімі ішінде кезеңдер бойынша міндеттеменің өтелмеген қалдығы бойынша пайыздың кезеңдік мөлшерлемесі тұрақты болып қалатындай етіп бөлінуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет