(v) Амортизация
Амортизация активтің өзіндік құны негізінде оның есептік қалдық құны шегеріліп есептеледі.
Гудвилден өзгеше материалдық емес активтерге қарай амортизациялау, әдетте, бұл активтердің пайдалануға дайын сәтінен бастап есептеледі және пайдалы қолданудың тиісті мерзімдері бойы сызықты тәсілмен сол кезеңдегі пайда немесе
залал құрамында танылады, өйткені дәл осы әдіс кәсіпорынның бұл активтерден келешекте экономикалық пайдасын тұтыну сипатын анағұрлым нақты көрсетеді. Есепті және салыстыру кезеңінде материалдық емес активтерді пайдалы қолданудың күтілетін мерзімдері мынадай болды:
Клиенттік база 5 жыл
Өзге де материалдық емес активтер 5-10 жыл.
Әр есептік жылдың соңында амортизация әдістері, пайдалы қолдану мерзімдері мен қалдық құн мөлшерлері оларды қайта қарау қажеттілігіне талданады және қажет болған жағдайда қайта қаралады.
3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
Инвестициялық меншік
Инвестициялық меншікке әдеттегі шаруашылық
қызмет барысында сату, өндірісте пайдалану немесе тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету не болмаса әкімшілік қызмет үшін емес, жалға беруден пайда алуға және/немесе оның нарықтық құнын көбейтуге арналған меншік жатады. Инвестициялық жылжымайтын мүлік өзіндік құны бойынша есеп үлгісіне сәйкес есептеледі. Инвестициялық жылжымайтын мүлік жинақталған амортизация мен
құнсыздану шығындары шегеріліп, бастапқы құны бойынша бағаланады. Амортизация 10-60 жылды құрайтын қызмет ету мерзімі ішінде тура сызықты әдіс бойынша есептеледі және пайда мен залал туралы есепте көрсетіледі. Жер учаскелері және аяқталмаған құрылыс амортизацияланбайды.
Егер инвестициялық меншік объектісін пайдалану сипаты өзгерсе және оны негізгі құралдар санатына қайта жіктеу болса, онда осы объектінің теңгерімдік құны қайта жіктеу күні шоғырландырылған қаржылық есептілікте кейіннен оны көрсету мақсатында сол объект бойынша нақты шығындар болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: