Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ



бет58/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Шетел валютасы, жалғасы

(i) Шетел валютасындағы операциялар, жалғасы
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау кезінде мына валюталарға теңгені айырбастау бағамы қолданылды:




2015жылғы
31 желтоқсан

2014 жылғы 31 желтоқсан

СДР

471.56

264.17

АҚШ доллары

339.47

182.35

Еуро

371.31

221.97

Ағылшын стерлинг фунттары

503.3

283.34

Ресей рубльдері

4.65

3.17


(ii) Шетелдік бөлімшелер
Гудвил мен сатып алу кезінде әділ құнға дейін түзету сомасын қосқанда, шетелдік бөлімшелердің активтері мен міндеттемелері есепті күнгі тиісті айырбастау бағамдары бойынша есептілікті беру валютасына қайта есептеледі. Шетелдік бөлімшелердің кірістері мен шығыстары тиісті операциялар аяқталған күні айырбастау бағамдары бойынша есептілікті ұсыну валютасына қайта есептеледі.
Айырбастау бағамдары өзге жиынтық кіріс құрамында танылады және басқа валюталардан қайта есептеу кезінде жинақталған бағамдық айырмалар резервінің бабы бойынша капиталдың бөлігі ретінде көрінеді. Алайда, егер шетелдік бөлімше Топтың 100 пайыздық еншілес ұйымы болып табылмайтын болса, онда бұл бағамдық айырмалардың бөлігі бақыланбайтын үлеске тиісті пропорцияда жатқызылады.
Салдарынан Топ бақылаудан, едәуір ықпал немесе бірлескен бақылаудан айырылатын, шетелдік бөлімше істен шыққан кезде басқа валюталардан қайта есептеу кезінде жинақталған бағамдық айырмалар қимасында көрсетілген тиісті сома осы шетелдік кәсіпорын істен шығуынан болған пайда немесе шығын бөлігі ретінде сол кезеңдегі пайда немесе шығын құрамында қайта жіктеледі.

Топ шетелдік бөлімшені қамтитын еншілес кәсіпорынға өзінің инвестициясының бір бөлігін ғана, оны бақылауды сақтай отырып, иеліктен шығарған жағдайда басқа валютадан қайта есептеген кезде жинақталған бағамдық айырма резервінің бөлігі тиісті пропорцияда бақыланбайтын үлеске қайта бөлінеді. Топ шетелдік бөлімшені қамтитын қауымдастырылған немесе бірлескен кәсіпорынға өзінің инвестициясының бөлігін ғана иеліктен шығарса және елеулі ықпалын немесе бірлескен бақылауды сақтаса, жинақталған бағамдық айырма резервінің пропорционалды бөлігі сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамына қайта жіктеледі.
Топ таяу келешекте шетелдік бөлімшеден алынуы немесе шетелдік бөлімшеге төленуі тиіс монетарлық бап бойынша есеп айырысулар жүзеге асыруды күтпесе және жоспарламаса, мұндай бапқа қатысты туындайтын оң және теріс бағамдық айырмалар шетелдік бөлімшеге құйылатын таза инвестиция бөлігін қалыптастырады; тиісінше, олар өзге жиынтық кіріс құрамында танылады және басқа валютадан қайта есептегенде жинақталған бағамдық айырма резерві бабы бойынша капитал бөлігі ретінде ұсынылады.

  1. Қорлар

Қорлар екі мөлшердің ең кемі бойынша көрсетіледі: өзіндік құн немесе сатудың таза бағасы. Қорлардың өзіндік құны ФИФО әдісі («бірінші түсім – бірінші босату») негізінде анықталады және оған қорларды сатып алуға жұмсалған шығындар, өндіру немесе қайта өңдеу шығындары және қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге және оларды тиісті қалпына келтіруге жұмсалған өзге де шығындар кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет