Шоғырландырылған қаржылық есептілікте Топ үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестициялар объектілерінің кірісінде немесе шығында және өзге де жиынтық кірісінде өз үлесін көрсетеді. Осы үлес едәуір ықпал ету туындаған немесе бірлесіп бақылау жүзеге асырылған сәттен бастап және осы едәуір ықпал ету немесе бірлескен бақылау тоқтаған күнге дейін, нақты объектінің есеп саясатын Топтың есеп саясатына сәйкес келтіруді талап ететін түзетулер есепке алынып есептеледі.
Үлестік қатысу әдісімен ескерілетінинвестициялар объектісінің шығындарындағы үлесі оның осы объектіге қатысу үлесінен асып түскен кезде, қатысудың осы үлесінің теңгерімді құны (кез келген ұзақ мерзімді инвестицияларды қоса алғанда) нөлге дейін төмендейді және Топ инвестициялардың осы объектісі шығындарының орнын толтыру бойынша міндеттемені өзіне алған немесе оның атынан төлем жасаған
жағдайлардан басқа жағдайларда, Топтың әрі қарайғы шығындары танылмайды.