Бұдан әрі жазылған есеп саясатының ережелерін Топ кәсіпорындары осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте ұсынылған барлық есепті кезеңде дәйекті түде қолданды.
(а) Шоғырландыру қағидаттары (i) бизнесті біріктіру жөніндегі мәмілелер Бизнесті біріктіру жөніндегі мәмілелер сатып алынатын күнгі жағдай бойынша, атап айтқанда бақылаудың Топқа өту күні сатып алу әдісімен есепке алынады.
Топ сатып алынған күнгі гудвилді былайша бағалайды:
берілген өтудің әділ құны; плюс
сатып алынатын кәсіпорындағы танылған бақыланбайтын үлес сомасы; плюс
бизнесті біріктіру бойынша мәміле кезең-кезеңмен жүзеге асырылса, сатып алынған кәсіпорын капиталындағы бар үлестің әділ құны; минус
қабылданған міндеттемелерді шегеріп, сәйкестендіретін сатып алынған активтердің танылған сомасының (әдетте, әділ құн) нетто-мөлшері.
Егер бұл айырма теріс шамамен білдірілсе, онда кезеңдегі пайда немесе шығын құрамында тиімді сатып алудан түскен кіріс бірден танылады.
Берілген өтем құрамына бұрыннан бар қатынастарды реттеуге қатысты сомасы қосылмайды. Мұндай сомалар жалпы жағдайда кезеңдегі пайда емес шығын құрамында танылады.
Борыштық немесе үлестік бағалы қағаздар шығарумен байланысты шығындардан өзге, бизнесті біріктіру бойынша операциялар салдарынан Топқа келтірілген мәмілелер бойынша шығындар олардың туындауына қарай шығыстарға жатады.
Кез келген шартты өтем сатып алынған күнгі әділ құн бойынша танылды. Егер шартты өтем капитал ретінде жіктелсе, онда оның соңғы шамасы қайта бағаланбайды, ал оның төлемі капитал құрамында көрінеді. Болмаған жағдайда, шартты өтем әділ құнының өзгеруі кезеңдегі пайда немесе шығын құрамында танылады.
(ii) Бақыланбайтын үлестер Бақыланбайтын үлес сатып алынатын күнгі сатып алынатын кәсіпорынның сәйкестендіретін таза активтерінің пропорционал бөлігі ретінде бағаланады.
Бақылаудан айырылуға жатпайтын, еншілес кәсіпорындағы Топ үлесінің өзгеруі капиталмен мәмілелер ретінде ескеріледі.